«Атырау Жарық» АҚ 27.08.1999 жылы тіркелген «Атырау Жарық» ЖШС-н ААҚ етіп қайта құру жолымен құрылды. «Атырау Жарық» ААҚ Атырау облысының Әділет басқармасында 25.09.2001 жылы заңды тұлға ретінде тіркелді. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 4285-1915-АО.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Атырау қ., Махамбет к., 110 а.
- Жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Қоғамға тиесілі және өзге электр желілері арқылы электр энергиясын беру және бөлу;
- Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігі қағидаттарын сақтай отырып, Қоғамның электр желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қоғамның электр желілері объектілерін сапалы пайдалану және жөндеу, тиімді әдістер мен озық технологияларды енгізу арқылы оларды реконструкциялау және функционалды дамыту;
- ҚР заңнамасына сәйкес Атырау облысының электр энергетикасы саласының тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған электр желiлерiн, басқарудың технологиялық телекоммуникациялық құралдары мен ақпараттық технология жүйелерiн пайдалану және дамытудың бiрыңғай тұжырымдамасын iске асыру және оларды жүзеге асыру бойынша қызметтерді көрсету;
- Қоғамның электр желісінің шекараларында электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз ету және автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу бағытында оны жетілдіру;
- ҚР қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері Қоғамның қызмет ету нысаны болып табылады.