«Атырау Жарық» АҚ үшін ЭКЕАЖ құрудың негізгі мақсаты электр энергиясының, оны беру және тарату кезіндегі ысыраптарын нақты анықтау, яғни «Атырау ЖЭО» АҚ өндіретін немесе басқа өндірушілерден алынған және электр желілері арқылы тұтынушыларға берілетін электр энергиясының көлемін дәл және жедел анықтау болып табылады. «Атырау Жарық» АҚ бойынша ЭКЕАЖ енгізу шарасы Атырау облысының өңірлік энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыратын іс-шаралардың бірі болып табылады.
ЭКЕАЖ енгізу барысында мына функцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді:
-әрбір есеп нүктесі бойынша электр энергияны тұтыну және өндіріс көрсеткішін құрауға;
-ҚР-дағы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығындағы тұтынушылардың электр энергиясын тарату балансын жасақтауға;
-электр энергиясы мен қуатты таратуда басқару үшін нарық субъектісіндегі шұғыл-техникалық қызметкерлерді мәліметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
-электр энергиясын жеткізу кезіндегі сауда шығынын анықтау.
ЭКЕАЖ техника-бағдарламалық құралдары электр энергиясы мен қуатты нақты өлшеуге және жүйелік оператор «KEGOC» АҚ мен «Атырау Жарык» АҚ-ның диспетчерлік бекеттеріне электр энергиясын есепке алу жөніндегі мәліметтерді байланыс каналдары бойынша жинау мен шұғыл таратуға мүмкіндік береді.
ЭКЕАЖ-нің негізгі міндеті – тұтынушыларға электр энергиясын нарықтағы жұмыс жасау ережелерінде шартталған және заңдандырылған нормативтік құжаттарға сәйкес мерзімінде және көлемінде жеткізу болып табылады.
«Атырау Жарық» АҚ-ы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 18.08.2004 жылғы №183 «Электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қалыптастыру бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығына сай жасақталған техникалық жоба негізінде ТМРА-нің Атырау облысы бойынша департаменті бекіткен Атырау облысы бойынша 2010-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаға сай барлық 6, 10, 35 және 110 кВ кернеулі қосалқы станцияларда ЭКЕАЖ енгізуді жүзеге асырды. 2013 жылдың соңында «Атырау Жарық» АҚ ЭКЕАЖ-нің барлық жүйе компоненттерінің толық жұмыс жасау және өлшем комплекстерін метрологиялық куәландыру бойынша бүкіл ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары аяқталғаннан кейін «KEGOC» АҚ, МЭҚжБК-нің Атырау облысы бойынша АД және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің өкілдерінің қатысуымен өнеркәсіптік пайдалануға тапсырылды. Атырау облысы мен облыс орталығындағы 70 ПС мен 15 РП қамтитын «Атырау Жарық» АҚ-ның ЭКЕАЖ-сі Қазақстан Республикасының жүйелік операторының 27.12.2013 жылы № ОРЭ.02.0402.0011-2013 санды тізбесінде «KEGOC» АҚ тұлғасында 27.12.2017ж. дейінгі мерзіммен тіркелді.
«Атырау Жарық» АҚ жоғары вольтты ҚС мен ТБ-де ЭКЕАЖ енгізу бойынша осы инвестициялық бағдарламаны іске асыру шарасы аяқталғаннан кейін энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын жалғастыру шеңберінде кернеу класы 0,4 кВ бағытындағы фидерлерді есепке алу үшін (ТП, КТП) орта деңгейлі ЭКЕАЖ құру және тұрмыстық тұтынушыларға есептегіштер орнату жұмыстарын жалғастырды. Осы мақсатта «Атырау Жарық» АҚ 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірледі және ол ТМРА Атырау облысы бойынша департаментімен келісілді, сондай-ақ оған жоба алдындағы зерттеу, 0,4 кВ ТП, КТП нысандарына және тұрмыстық деңгей бойынша ЭКЕАЖ енгізудің техникалық жобасын жасау, жабдықтар мен материалдар сатып алу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарының шығындары кіреді.
ТП, КТП нысандарында фидерлік есеп бойынша орта деңгейлі ЭКЕАЖ енгізу және тұрмыстық тұтынушыларға есептеуіш құралдарын орната отырып, тұрмыстық деңгейдегі ЭКЕАЖ енгізу шарасы аясындағы техникалық жоба негізінде 2013 жылы Атырау қаласының сату қызметінің № 2, 3, 4 учаскелерінде орналасқан 458 ТП, КТП-0,4кВ нысандарында GPRS модемді Альфа А1140 көп функциональды 565 есептеуіші, 3140 тұрмыстық тұтынушыға көп функциональды Аспан есептеуіштері 33 ТП, КТП нысандарынан мәлімет жинау үшін тұрмыстық деңгейдегі ЭКЕАЖ есептеуіш-концентраторлары қондырылды. 2014 жылы Атырау қаласының № 1, 5 учаскелерінде орналасқан 358 ТП, КТП-0,4кВ нысандарында GPRS модемді Альфа А1140 көп функциональды 425 есептеуіші орнатылып, орта деңгейлі ЭКЕАЖ енгізу жұмыстары жалғасты, тағы да 33 ТП, КТП нысандарында және 3000 тұрмыстық тұтынушыға көп функциональды есептеуіштері, ЭКЕАЖ мәліметін жинайтын есептеуіш-концентраторлары орнатылды. 2015 жылы 2013-15 жылдарға арналған ЭКЕАЖ құрудың инвестициялық бағдарламасы аяқталып, Атырау қаласының № 6, 7 учаскелерінде орналасқан 554 ТП, КТП нысандарында Альфа А1140 көп функциональды орта деңгейлі 610 есептеуіші орнатылды, сонымен қатар қалған 34 ТП, КТП нысандарында орта деңгейлі ЭКЕАЖ есептеуіш-концентраторлары және 3323 тұрмыстық тұтынушыға көп функциональды Аспан есептеуіштері орнатылды. Орта деңгейлі ЭКЕАЖ енгізудің инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1370 ТП, КТП нысандарында 1600 дана Альфа А1140 көп функциональды электр есептеуіштері орнатылды. Тұрмыстық деңгейлі ЭКЕАЖ енгізу бойынша 2013-15 жылдар аралығындағы 3 жылда 9463 дана Аспан көп функциональды есеп құралдарынан мәлімет жинап, тарататын 100 дана есептеуіш-концентратор орнатылды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жасақтап, келісімдеген инвестициялық бағдарламасы негізінде «Атырау Жарық» АҚ 2016 жылы орта деңгейлі ЭКЕАЖ енгізу жұмыстарын жалғастырып, оның аясында Атырау қаласының № 1, 7 учаскелерінде орналасқан 164 ТП, КТП-0,4 кВ нысандарында GPRS модемді Альфа А1140 көп функциональды 170 есептеуіші орнатылды.