Жалған ақпараттың таралуына Лев Гузиковтың мақаласы себепкер болып отыр. 23 шілде күні сағат 13:08де Ақ Жайық газетінің сайтында ««Атырау Жарық» тарифті заңсыз көтерген” атты шығарылымы шыққан болатын, және ол шындыққа жанаспайды.
Соның салдарынан халық арасында дау-дамай туындап, түсінбеушілік пайда болды.
Айта кетейік, тарифті қарастыру жөніндегі ұсыныс Табиғи монополиялар заңына сәйкес, нормаға сай жолданып отыр, және мақала авторы көрсеткендей 2,5 млрд теңге ешқандай шығын жасалмады. Өйткені Табиғи монополиялар заңына сәйкес тариф қарастыру жөнінде тек ұсыныс жолданған болатын. Сол себептен баспасөз өкілі ақпаратты зерттеп, зерделеп, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізгеннен соң ғана жариялау керек еді. Бұл әрекет біздің мекемеге жабылған жаламен тең.
Айта кетейік, табиғи монополияның кез келген түріне жаңа тариф енгізудің өзіндік экономикалық негіздері болады.
Тариф мәселесін талқылағанда қарапайым тұтынушылар біле бермейтін жайттар бар. Қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін. Мысал үшін, электр қуатының құны жыл санап өсіп келе жатқанын жасыра алмаймыз. Бірақ кәсіпорындарында тарифқұраушы факторлар көп. Оның негізгі шығындары ретінде ең әуелі электр энергиясы және қызметкерлердің еңбекақысы екенін атап өткім келеді. Энергетиктер үшін ең негізгі стратегиялық тауар – электр энергиясы.
Екіншіден, кәсіпорнындағы жалақының орташа мөлшері отандық энергетика саласындағы жалақыдан едәуір төмен. Салдарынан стансадан білікті мамандар кетіп жатыр, кадр тұрақтамаушылығы жиілеген. Кәсіпорындағы орташа жалақы мен республикамыздың осы саласында статистикалық деректер бойынша бекітілген орташа жалақының айырмашылығы үлкен. Сондықтан қызметкерлердің еңбекақысын көтеру де негізгі фактор ретінде есепке алынды. Бұдан басқа электр қуатының, өндіріске қажет қосалқы жабдықтар құнының қымбаттауы, кәсіпорынның алдағы жылға қарастырып отырған инвестициялық бағыты да ескеріліп отыр.
Бүгінде біз орталық мемлекеттік органдар арқылы энергетика саласындағы заңнамадағы қайшылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы сізге түсініктеме ретінде жариялау үшін жіберілді және алдағы уақытта тарифтерді белгілеуге қатысты материалды дайындау кезінде монополияға қарсы органнан немесе табиғи монополия субъектісінен түсініктеме алуыңыз сұралады.