Құрметті қызмет алушылар!

2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру туралы өтініштерді қабылдау және қарау тәртібіне қатысты өзгерістер күшіне енген болатын.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «цифрлық үкіметтің» веб-порталы немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады. 

Осыған сәйкес 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап  «Атырау Жарық» ЖШС-нің электр желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтініштерді, сондай-ақ оларды қарау нәтижесін Атырау Жарық» ЖШС-нің кеңсесі немесе электрондық поштасы арқылы қабылдау және беру тоқтатылатынын Сіздердің назаларыңызға жеткіземіз.

 

Құрметпен,

«Атырау Жарық» ЖШС әкімшілігі

⠀⠀⠀⠀

⠀⠀⠀⠀

⠀⠀⠀⠀ 

Құрметті қызмет алушылар!

 

 «Атырау Жарық» ЖШС техникалық шарттарды алу үшін өтініш берудің екі тәсілі бар екенін хабарлайды:

 1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, МҚҚК ААЖ порталы арқылы мына сілтемемен  https://gov.ggk.kz/өтінішті өз бетінше беру қажет.

 

Өтініш беру үшін:

1. МҚҚК ААЖ порталында (Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы) тіркелген жеке кабинет болуы қажет.

2. Компьютерге ЭЦҚ-мен жұмыс істеуге арналған NCALayer бағдарламасын орнату қажет.

3. Қолданыстағы (мерзімі өтпеген) ЭЦҚ-ны пайдалану қажет.

 МҚҚК ААЖ порталын пайдалану кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда:

- МҚҚК ААЖ техникалық қолдау қызметіне: +7 707 858 32 10 нөмірі арқылы;

- Сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті уәкілетті органға;

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы жүгінуге болады.

 МҚҚК ААЖ порталындағы «Көмек» бөлімінде осы қызметті алу бойынша қадамдық нұсқаулық орналастырылған.

 

2. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  (ХҚКО) арқылы электрондық үкіметтің веб-порталын eGov.kz веб-порталы пайдалана отырып, төмендегі мекенжайларда орналасқан «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы беруге болады:

 - Халыққа қызмет көрсететін № 1 бөлім: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 66, 2-блок;

- Халыққа қызмет көрсететін № 2 бөлім: Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі, 16А;

- Халыққа қызмет көрсететін № 3 бөлім: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 96Б.

 «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында ХҚКО қызметкерлері консультациялық-әдістемелік көмек көрсететінін (қызметті алу тәртібін түсіндіреді және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге көмектеседі) назарыңызға береміз. Құжаттарды қабылдау және өңдеу жұмыстары ХҚКО қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне кірмейді.

 

 

Құрметпен,
«Атырау Жарық» ЖШС әкімшілігі

 ⠀⠀⠀⠀⠀

⠀⠀⠀⠀⠀⠀

⠀⠀⠀⠀⠀⠀

«Құрылыс/реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға

техникалық шарттар ұсыну» қызметін алу бойынша нұсқаулық