Электр энергиясын беру бойынша
реттеліп көрсетілетін қызметтің
2023 жылы ұсынылған қызметі бойынша тыңдаулар
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-ыншы тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), облыс орталығындағы орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы өндірістік-жөндеу базасы (ӨЖБ) бар:
• Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)
• Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)
• Мақат АЭЖ (Доссор к.)
• Индер АЭЖ (Индер к.)
• Исатай АЭЖ (Аққыстау а.)
• Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)
• Құрманғазы АЭЖ (Құрманғазы а.)
• Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-інші бабы негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006 жылғы 15-інші қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.
2024 жылдың 1-інші қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 401 адамды құрады.
2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы:
Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ның 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 1 317 020 мың теңге сомасында бекітіліп, Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 28.12.2023ж. № 103-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 28.12.2023ж. № 214-Ө бірлескен бұйрығымен түзетулер енгізілді.
Жоспарлы құны 1 317 020 мың теңге болса, нақты шығындар 1 282 234 мың теңгені құрады.
1. ПС-110/35/10-6 кВ станциясын модернизациялау жөніндегі іс-шаралар.
1.1. № 145 «Қаратон-2» ПС-110/35/10 кВ станциясын реконструкциялау және модернизациялау, 1-саты.
Жоспарында 273 605 мың теңге болса, нақты шығындары 269 026 мың теңгені немесе 98,4% құрады.
Атырау облысының Жылыой ауданындағы № 145 «Қаратон-2» ПС-110/35/10 кВ станциясының ОРУ-110 кВ құрылғысы модернизацияланды. Ол 1986 жылы пайдалануға беріліп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, Теңіз вахталық қалашығын, сондай-ақ «ТШО» ЖШС базаларын, асханаларын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды электрмен жабдықтауға арналған. Модернизацияның бірінші кезеңінде ОРУ-110 кВ құрылғылары ауыстырылды. МВ-110кВ майлы ажыратқыштары ВТБ-110У1 элегазды ажыратқыштарына ауыстырылды, бұл ажыратқыштарды жөндеу құнының төмендеуіне әкеледі және электр желілерінің сенімділігін айтарлықтай арттырады. Жаңа элегазды ажыратқыштары жоғары сапалы көрсеткіштермен ерекшеленеді, оларды орнату материалды тұтынуды азайтады, қызмет ету мерзімін, жөндеу арасындағы уақытты арттырады және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттырады. Габаритті 110 кВ үлкен фарфор разрядтауыштары 110 кВ шағын өлшемді полимерлі разряд тағыштармен ауыстырылды. 110 кВ кернеу трансформаторлары да ауыстырылды.
1.2. Атырау қаласы мен облыстағы тозығы жеткен 0,4-6-10кВ желілерін модернизациялау бойынша іс-шаралар
Жоспарында 583 488 мың теңге болса, фактілі шығындары 560 164 мың теңге немесе 96% құрады.
Атырау қаласы мен облыс бойынша ұзындығы 39,48 км болатын ВЛ-0,4 кВ сымдары СИП түріне ауыстырылып, 32 дана ТП/КТПН-10/6/0,4кВ нысаны техникалық модернизациядан өткізілді.
Жалаңаш сымдарды өздігінен жүретін оқшауланған СИП сымдармен ауыстыру барысында энергия ысыраптарын және әуе желілеріне қызмет көрсетуге арналған пайдалану шығындарын азайтуға әкеледі, ВЛ-0,4 кВ әуе желілерінің өткізу қабілетін арттырады және ТП, КТПН нысандарына қосылған тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.
Модернизация барысында апатты жағдайда тұрған трансформаторлық пункттер бөлшектеліп, олардың орнына толықтай қалалық трансформаторлық пункттер орнатылды, сондай-ақ перспективалы электр қуатын қосуға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтар мен қуаты күшті трансформаторлар орнатылды.
Күштік трансформаторлардың қуаты 11093 кВА-дан 18930 кВА-ға дейін немесе 71%-ға арттырылды, бұл оларға перспективалы электр қуатын қосуға мүмкіндік береді.
3. Арнайы автотранспорт активтерін жаңарту жұмыстары.
Жоспарында 346 377 мың теңге болса, фактілі шығыны 339 506 мың теңгені немесе 98% құрады.
Арнайы автокөлік активтерін жаңарту мақсатында 2023 жылы кәсіпорынның энергетикалық нысандарында эксплуатациялық, күрделі және жай жөндеуге арналған климаттық жағдайларды ескере отырып, қиын жерлерден өту мүмкіндігі жоғары 8 арнайы көлік түрі сатып алынды:
· Автокран Камаз 25тн – 1шт.;
· Бортты фургон-мастерская ГАЗ – 1шт.;
· Автогидроподъемник – 1шт.;
· Экскаватор-погрузчик – 1шт.;
· Седельный тягач-полуприцеп кран-манипулятор – 1шт.;
· Металл кузовты фургон автотранспорты – 2шт.;
· Пассажир автобусы 15+1 – 1шт.
4. Аварияға қарсы диагностика және РҚА құралдарын модернизациялау бойынша іс-шаралар.
4. Жоспарында 108 350 мың теңге болса, фактілі шығыны 108 350 мың теңгені құрады.
2023 жылы 1 дана «АНГСТРЕМ-3» электротехникалық лабораториясы сатып алынды.
ЭТЛ сынау, өлшеу, қуат кабельдерінің зақымдану орындарына дейінгі орналасуы мен қашықтығын анықтау, жер асты коммуникацияларының бағыты мен тереңдігін анықтау және т.б. функцияларды орындайды.
5. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру іс-шаралары.
Жоспар 5 200 мың теңге болса, нақты шығындар 5 188 мың теңгені құрады.
Энергия үнемдеу іс-шараларының жоспарын жүзеге асыру барысында климаттық қондырғылар – 9 дана, жылу радиаторлары – 15 дана, радиаторлардың термостатикалық клапандары – 20 дана, шамдар мен энергия үнемдеуші лампалар – 30 дана сатып алынды.
«Атырау Жарық» АҚ инвестициялық бағдарламасын іске асыру дегеніміз – Атырау қаласы мен Атырау облысының электр энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты болып табылады. Негізгі құралдарды жаңарту шаралары жабдықтардың істен шығуы кезінде туындайтын тәуекелді азайтуға, сондай-ақ жабдықтың сипаттамасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақпараттың келесі бөлімі
3) бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тарифтік сметаның орындалысы туралы өз есептерін келесі жылдың 1-інші мамырына ұсынады, сондықтан да бүгін алдын-ала есептеулі мәліметтерге сай шығындар бойынша ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2023 жылдың электр энергиясын беру шығындары бекітілген тарифтік сметаға сәйкес жоспарланған 13 499 948 мың теңге тұсында 14 338 050 мың теңгені немесе 106,2% құрады.
Сметаның бөлімдері мен бөлек баптары бойынша түсіндірме ұсынамын.
2023 жылы өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары жоспарланған 12 858 009 мың теңге тұсында жалпылама 13 598 176 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген. Ұжымдық шартқа сәйкес салықтар мен аударымдарды қоса алғанда, 2023 жылғы маусымда өндірістік персоналдың жалақысын 20%-ға индексациялауға байланысты «Еңбекке ақы төлеу шығындары» бабы бойынша ғана рұқсат етілген шектен асып кетуі байқалды.
2023 жылы жалпы және әкімшілік шығындары жоспарлы 641 939 мың теңге тұсында 739 874 мың теңгені құрады. Барлық шығындар жол берілетін шекте жүргізілді.
4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы:
Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2023 жылға бекітілмеді.
5) табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы:
Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2023 жылға бекітілмеді.
6) негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат:
Қоғамның кірісі мен шығыны туралы 2023 жыл үшін дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 12 351 239 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 1 432 679 мың теңгеге немесе 13,1 пайызға жоғары. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар 14 338 050 мың теңгені құрады.
7) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат:
Өкілетті органның 2023 жылға бекіткен нормативтік техникалық шығын көлемі 304 585 мың кВт/сағат болып, нормативтік шығындардың фактілі көлемі 326 631 мың кВт/сағатты құрады.
2022 жылмен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 1 978 377 мың кВт/сағатты құрады, яғни 84 869 мың кВт/сағатқа немесе 4,48% артты.
2022 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың артуы тұтынушылардың төмендегі топтары есебінен қол жеткізілді:
1. Өнеркәсіптік емес тұтынушылар 26 051 мың кВт/сағ. немесе 8,6%.
Жалпы Атырау облысы тұрғындарының электр энергиясын тұрмыстық тұтынуы бойынша нақты деректе 2023 жылы электр энергиясын тұтынудың 2022 жылмен салыстырғанда 3,83 немесе 24 657 мың кВт/сағ. артқаны байқалады. Ең жоғары көрсеткіш 2023 жылдың тамызында 16,43% деңгейінде өскені байқалады. Бұл ретте күн райының әсері байқалады, атап айтқанда 2023 жылдың тамыз айындағы жазғы кезеңдегі салыстырмалы түрде ыстық кезде тұрмыстық электр энергиясын тұтыну фактісі көбейіп, бұл тұрғындардың энергияны көп қажет ететін жабдықтарды - кондиционерлер, сплит-системалар мен тоңазытқыш камераларын жиі пайдалануына әкелді. Салыстырмалы алатын болсақ, 2022 жылдың тамыз айында ауа температурасы +35+28°С, ал 2022 жылдың тамызында +33+16°С дейін көтерілді.
Атырау қаласында 2023 жылы 6 558 абонент есепке алынды.
8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат:
Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Есепті кезең ішінде жеке тұлғалар (тұрғындар) бойынша сомалық қуаты 20 338 кВт құрайтын 3 579 тұтынушыға, ал заңды тұлғалар бойынша сәйкесті 445 291,71 кВт қуатпен 2 777 техникалық шарт берілді. ТШ беру және өтініштерін қарау мерзіміне байланысты бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
Есепті кезеңде «Атырау Жарық» АҚ-ы өкілетті орган бекіткен типтік үлгіде жасалған шарттар бойынша қызмет көрсетіп, сондай-ақ электр энергиясын беру және жеткізу туралы үш жақты шарттарға сай жұмыс жасады. Атырау облысының тұтынушыларымен барлығы 195 027 шарт жасалған, соның ішінде заңды тұлғалармен 12 251, жеке тұлғалармен 182 776 шарт жасалған.
2023 жылы «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 270 арыз түскен. Оның ішінде:
- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 76,
- электрлі монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 107,
- ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 51,
- өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 17,
- ПИК балансындағы электр желілері бойынша 19.
Жыл ішінде барлық өтініштерге жауаптар жолданып, анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2023 жылға күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі орындалды:
- КЛ-0,4/10кВ – 1,41 км – 100%
- ВЛ-110кВ – 239,1 км – 100%
- ВЛ-35кВ – 133,6 км – 100%
- ВЛ-6/10кВ – 328,96 км – 100%
- ВЛ-0,4кВ – 117,535 км – 100%
- барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 819,195 км – 100%
- ПС-35кВ және одан жоғары – 15 дана (бөлек элементтер) – 100%
- ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 73 дана – 100%.
Күн райының қолайсыз мезгілдерінде, қатты жел тұрғанда ВЛ-0,4 кВ сымдары оратылып қалып, электр тогын беретін желілердің үзілуіне әкеп соғып жатты. Осындай жайттарды жою және электр желілерінің жай-күйін жақсарту мақсатында «Атырау Жарық» АҚ 2023 жылы КТП 6-10/0,4 кВ №11/9, 29/4, 37/2, 38/9, 329/16, 426/9, 428/1, 428/3, 428/6, 441/7, 441/9, 565/16 нысандарындағы ВЛ-0,4 кВ бойындағы оқшауланбаған 0,4 кВ желілерін, тұтынушыларды магистральды желіге жалғай отырып, қазіргі заманғы СИП сымдарына ауыстырды. Ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 40,02 шақырымды құрайды. Мұндай жұмыстар алдағы жылдары да жалғасатын болады.
Есепті кезеңде электр желілеріндегі технологиялық ауытқу саны 70 болып, оның 1-еуі авария, 69-ы 2-дәрежелі бас тартулар болды, оның ішінде ВЛ-35/110 кВ желілерінде:
- өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету салдарынан 45 ажырату жағдайы орын алды;
- стихиялық құбылыстар әсерінен 14 ажырату оқиғасы орын алды;
- жіктелмеген себептер бойынша 10 рет ажыратылды.
Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI халықаралық практикасының бағасы бойынша (бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылдағы үзілістердің орташа ұзақтығы) 0,3-ке тең.
«Атырау Жарық» АҚ-ның әуе және кабель желілерін зақымдай отырып, бөлек тұлғалар да мүліктік зиян келтірді. Олардан «Атырау Жарық» АҚ линияларды қалпына келтіру үшін жұмсаған шығын көлемін өтеуін сұраған болатын және ол талаптар қанағаттандырылды.
«Атырау Жарық» АҚ-ның желілеріне зақым келген жағдайда электр энергиясын тұтынушылардың мүддесіне де зиян келетінін атап айтқанымыз жөн, себебі зақымданған желілерді қалыпқа келтірмейінше, тұтынушыларға электр энергиясын беру шарасы тоқтатылады.
9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:
2024 жылға қойылған негізгі міндеттер:
· Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді орындау;
· 1 497 425 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
· Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,05% азайту;
· Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.
Тарифті қалыптастыру шарасы – табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту және енгізу тәртібі бойынша қолданыстағы заңнамаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілген. Тариф сонымен қатар, бекітілген инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға толығымен жұмсалатын, реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кіріс мен амортизациядан тұратын инвестициялық құрамдаушы бөліктен тұрады.