2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезең бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызметті ұсыну бойынша тыңдаулар

 

 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:

1)      Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» ЖШС  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» ЖШС құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

           Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)

           Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)

           Мақат АЭЖ (Доссор к.)

           Индер АЭЖ (Индер к.)

           Исатай АЭЖ (Аққыстау а.)

           Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)

           Құрманғазы АЭЖ (Ганюшкин а.)

           Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» ЖШС Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және бөлу» қызметі бойынша енгізілді.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызмет бойынша қызметкерлердің тізімдік саны 1 506 адамды құрады.

2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

 «Атырау Жарык» ЖШС 2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 6 маусымдағы №27-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2024 жылғы 7 маусымдағы №110-НҚ келісімімен мақұлданған. Бағдарламаға өзгерістер – 2025 жылғы 3 ақпандағы №12-НҚ және 2025 жылғы 4 ақпандағы №26-НҚ; 2026 жылғы 24 ақпандағы №5-НҚ және №38-НҚ бірлескен бұйрықтарымен енгізілді.

01.07.2025-01.07.2026 жылдарға жоспарланған жалпы сома 2 549 102 мың теңгені құрайды. 9 айдағы нақты орындалу (2025 жылғы шілде – 2026 жылғы наурыз) және келесі 3 айға (2026 жылғы сәуір-маусым) болжамды ескере отырып, бағдарламаның орындалуы 2 549 102 мың теңге деңгейінде болады.

1. ЭКЕАЖ бойынша іс-шаралар

Жоспар бойынша – 42 720 мың теңге, нақты орындалуы – 42 720 мың теңгені құрайды.

Оның ішінде:

-          Жоғарғы деңгейдегі АСКУЭ енгізу (УСПД орнату және баптауымен) – 22 864 мың теңге.

Орта деңгейдегі ЭКЕАЖ енгізу (Атырау қаласындағы ТП және КТП нысандарында) – 19 856 мың теңге.

2. 110/35/10-6 кВ төмендеткіш қосалқы станцияларды жаңғырту

Жоспар бойынша – 1 061 754 мың теңге, нақты орындалуы – 1 078 904 мың теңге.

Жабдықтар мен материалдарды жеткізуге, жұмыс жобаларын әзірлеуге, қажетті сараптамалар жүргізуге және қосалқы станцияларда техникалық қадағалау қызметтеріне келісімшарттар жасалған. Қазіргі уақытта жабдықтар мен материалдар жеткізілді.

2.1. №37 «Аралов» 35/10 кВ қосалқы станциясын жаңғырту

Жоспар – 360 523 мың теңге, нақты орындалуы – 370 035 мың теңге.. Нысан ауыл шаруашылығы, коммуналдық және әлеуметтік тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты КРН-10 кВ құрылғысы КРУН-10 кВ жаңа жабдығына ауыстырылады (19 вакуумдық ажыратқыш ұяшығы, ток және кернеу трансформаторлары, РҚА панельдерімен). Жабдық жабық, сыртқы әсерлерден қорғалған. Бұл жаңғырту электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, шығындарды азайтады.

2.2. №17 «Южная» 110/10 кВ қосалқы станциясын жаңғырту

Жоспар – 701 231 мың теңге, нақты орындалуы – 708 869 мың теңге.

Қосалқы станция Атырау қаласының «Лесхоз» ықшамауданында орналасқан. Өнеркәсіптік, коммуналдық және әлеуметтік тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етеді. КРУН-10 кВ жабдығы 46 вакуумдық ажыратқыш ұяшығы бар блокты-модульді ғимаратқа (БМЗ-10 кВ) ауыстырылуда. Жаңа жабдық сыртқы әсерлерден қорғалған және электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады. БМЗ-10 кВ ғимараты орнатылған.

 

3. Атырау қаласындағы тозығы жеткен 10 кВ кабель желілерін жаңғырту

Жоспар – 655 150 мың теңге, келісімшарттар бойынша нақты сома – 679 742 мың теңге.

Ұзындығы 16,22 км болатын кабель желілерінде ескірген және тозған кабельдерді жаңасына ауыстыру, қосу және соңғы муфталарды монтаждау жұмыстары жоспарланған: Ф.206, Ф.209 (ПС-29 – РП-8), Ф.621, Ф.622 (РП-20 – РП-18), Ф.176, Ф.179 (РП-5 – РП-4), Ф.600, Ф.603 (ПС-100 – РП-20).

Қазіргі уақытта материалдар жеткізілген, кабель желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 

4. Атырау облысындағы 0,4-6-10 кВ электр желілерін жаңғырту

Жоспар бойынша – 470 322 мың теңге болғанда, нақты орындалу сомасы – 432 233 мың теңгені құрайды.

Атырау қаласында ТП-27/8 (Канцев көшесі), ТП-4/10 (Әуезов көшесі), КТПН-45/18 (Попов-Қайсенов көшелері), КТПН-195/12 (Холодильник ауылы) нысандарында, сондай-ақ Жылыой ауданындағы КТПН-8/3, КТПН-8/5 және Индер ауданындағы КТПН-6/18 нысандарында жабдықтарды толық ауыстыру және өткізу қабілетін арттыру арқылы техникалық жаңғырту жүргізілді.

ТП-264/1 (Привокзальный ықшамауданы) нысанында ескі ғимаратты бұзу жұмыстары басталды.

Жаңғырту барысында техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келмейтін ТП-27/8 және ТП-4/10 трансформаторлық пункттерінің ғимараттары бұзылып, олардың орнына жаңа ғимараттар салынып, толықтай жаңа жабдықтар мен қуаты жоғары трансформаторлар орнатылды.

Сонымен қатар, ескі трансформаторлық пункттер бұзылып, олардың орнына қуаты жоғары трансформаторлармен жабдықталған жаңа қалалық үлгідегі кешенді трансформаторлық пункттер (КТПН-45/18, КТПН-195/12, КТПН-8/3, КТПН-8/5, КТПН-6/18) орнатылды және толық жаңа жабдықтар монтаждалды.

Трансформаторлардың қуаты 2570 кВА-дан 4240 кВА-ға дейін, яғни 60%-ға артты, бұл перспективті электр жүктемелерін қосуға мүмкіндік береді.

Жылыой ауданында орналасқан ұзындығы 5,57 км ВЛ-10 кВ және ВЛ-0,4 кВ желілерін техникалық жаңғырту жалғасуда, тіректер орнатылуда.

Барлығы 16 дана реклоузер орнату жоспарланған: Қалалық АЭЖ – 4 дана; Жылыой АЭЖ – 6 дана; Құрманғазы АЭЖ – 1 дана; Махамбет АЭЖ – 3 дана; Индер АЭЖ – 2 дана.

6/10 кВ әуе желілеріндегі зақымданған учаскелерді автоматтандыру және оқшаулау мақсатында қашықтан басқарылатын вакуумдық реклоузерлер орнатылады. Бұл жабдықтың артықшылығы – зақымданған учаскелерді жедел анықтап, апатты тез жоюға мүмкіндік береді, нәтижесінде электрмен жабдықтау үзілістері екі есеге дейін қысқарады. Реклоузер қысқа тұйықталу кезінде зақымданған желі бөлігін автоматты түрде ажыратады.

 

5. Арнайы автокөлік паркін жаңарту

Жоспар – 265 887 мың теңге, нақты орындалуы – 262 235 мың теңге.

Энергетикалық нысандарда жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін жолға өтімді арнайы техника сатып алу келісімшарттары жасалған. Бұл техника Атырау қаласы мен облыс аудандарында жұмыс істеуге арналған.

Сатып алынған және жоспарланған техника: КамАЗ 15 т самосвалы – 1 дана (сатып алынған), УРАЛ шассиіндегі темірбетон тіректерін тасымалдауға арналған көлік – 1 дана, ГАЗ шассиіндегі бұрғылау-кран машинасы – 1 дана, КамАЗ шассиіндегі автогидрокөтергіш (28 м) – 1 дана.

 

6. Апатқа қарсы диагностика құралдары мен РҚА жаңғырту

Жоспар – 47 769 мың теңге, нақты орындалуы – 47 768 мың теңге.

Қарапайым және күрделі релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларын тексеруге арналған РЕТОМ-21 (1 дана) және РЕТОМ-61 (1 дана) тексеру жабдықтарын сатып алу келісімшарты жасалды.

 

7. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру іс-шаралары

Жоспарланған сома – 5 500 мың теңге, нақты орындалуы – 5 500 мың теңге.

Энергия үнемдейтін шамдар мен жарықтандыру құралдарын сатып алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы жылыту және салқындату жүйелерін жаңғырту бойынша келісімшарттар жасалды.

 

2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы «Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қосымша инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат.

 

«Атырау Жарық» ЖШС 2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті-нің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 33-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 80-НҚ келісімімен мақұлданған.

01.07.2025-30.06.2026ж.ж. аралығындағы жоспарлы құны 1 293 787 мың теңгені құрайды. Осы кезеңге тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарына 1 292 668 мың теңге сомасына шарттар жасалған.

Атырау қаласы мен Атырау облысында жалпы ұзындығы 73,957 км болатын 10 кВ 13 әуе электр желісіне техникалық жаңғырту жүргізілуде. Оның ішінде: Атырау қаласында – 7 әуе желісі (29,8 км); Мақат ауданы – 6 әуе желісі (44,157 км).

Құрылыс материалдарын жеткізуге де келісімшарттар жасалған. Материалдарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, қазіргі уақытта жеткізу жұмыстары жалғасуда. Тіректер орнатылып, электр сымдары тартылуда.

10 кВ әуе желілерін жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтау 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жоспарлануда.

 

3) Есепті кезеңдегі бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 59-НҚ бұйрығына сәйкес тариф бекітілді. Аталған бұйрық Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 31-НҚ «2024-2029 жылдарға арналған «Атырау Жарық» АҚ-ның электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметіне тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу негізінде қабылданған. Тариф тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша қалыптастырылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерін келесі жылдың 1 мамырына дейін ұсынады. «Атырау Жарық» ЖШС үшін тарифтер 2024 жылғы 1 маусымнан 2029 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге бекітілгендіктен, есеп 9 айдың нақты деректері (2025 жылғы шілде-желтоқсан және 2026 жылғы қаңтар-наурыз) және 3 айдың жоспарлы көрсеткіштері (2026 жылғы сәуір-маусым) негізінде қалыптастырылады. Осыған байланысты қазіргі таңда алдын ала есептік деректер бойынша шығындар туралы ақпарат ұсынылады.

2025 жылғы 1 шілде - 2026 жылғы 30 маусым аралығында «Атырау Жарық» ЖШС бойынша электр энергиясын беру шығындары 23 386 060 мың теңгені құрады.

Бақыланатын шығындар: жылдық жоспар – 9 529 164 мың теңге, нақты (күтілетін) – 9 653 876 мың теңге, орындалуы – 101,3%.

Бақыланбайтын шығындар: жылдық жоспар – 9 387 346 мың теңге, нақты (күтілетін) – 12 260 976 мың теңге, орындалуы – 129,2%.

Амортизация: жоспары – 1 471 208 мың теңге, нақты – 1 471 208 мың теңге.

Барлық шығындар баптар бойынша бекітілген сомалар шегінде, рұқсат етілген ауытқулармен орындалды.

 

4) Реттелетін қызметтің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы

2025 жылғы 1 шілде - 2026 жылғы 30 маусым аралығында электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтің сапасы мен сенімділік көрсеткіштері

1)Жүйенің орташа үзіліс индексі (SAIFI) - бүкіл әлемде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс үзілістердің орташа жиілігі- 1,09;

2)Нормативтік шығындар деңгейін төмендету – орындалды;

3)Жүйенің орташа үзіліс ұзақтығының индексі (SAIDI) - бүкіл әлемде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспарланбаған үзілістердің орташа ұзақтығы -1,49;

4)Реттелетін қызметтер бойынша кәсіпорында инновациялық технологияларды енгізу – аяқталуда;

5)Негізгі құралдардың тозуының азаюы –орындалды;

6)Жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау (қайта құру, жаңғырту, ауыстыру) – орындалды;

7)Табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзу саны – бұзушылық жоқ.

 

5) Табиғи монополия субъектісінің қызмет тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

«Атырау Жарық» ЖШС-нің электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметі үшін 2025 жылғы 1 шілде - 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңге қызмет тиімділігі көрсеткіштері бекітілмеген.

 

6) Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат

Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы 1 шілде - 2026 жылғы 30 маусым аралығында электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтен түскен табыс 24 105 772 мың теңгені құрайды, бұл жоспардан 225 053 мың теңгеге аз (электр энергиясын беру көлемінің төмендеуіне байланысты).

Реттелетін қызмет бойынша шығындар, оның ішінде қызметтің өзіндік құны мен кезең шығындарын қоса алғанда, 23 386 060 мың теңгені құрады.

Жоспарланған пайда 3 282 937 мың теңгені құраған (оның ішінде: инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға – 2 371 681 мың теңге, тиімділік үшін сыйақы – 911 256 мың теңге), ал нақты пайда 719 712 мың теңгені құрады. Нақты пайданың төмен болуының негізгі себебі – бақыланбайтын шығындардың артуы, атап айтқанда электр энергиясының Бірыңғай сатып алушысының бағасының өсуі.

 

7) Есепті кезеңдегі реттелетін қызметтердің ұсынылған көлемдері туралы ақпарат

            Нақты көрсетілген қызмет көлемі жоспарлы көлемнен 17 307 мың кВт/сағатқа төмен болып, 1 853 007 мың кВт/сағ. құрады. Алдыңғы реттеу кезеңімен (2024-2025 жж.) салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтер көлемі 6 431 мың кВт/сағатқа немесе 0,35%-ға азайған.

Уәкілетті орган тарифтерді реттеудің ынталандырушы әдісіне сәйкес 2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығына нормативтік техникалық шығындар көлемін 295 005 мың кВт/сағ. деңгейінде немесе беру көлемінің 13,61%-ы мөлшерінде бекітті. Сапа мен сенімділіктің негізгі көрсеткіштеріне сәйкес нормативтік шығындарды төмендету алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 0,12%-ды құрайды.2025 жылғы 1 шілде - 2026 жылғы 30 маусым кезеңінде нормативтік шығындардың күтілетін көлемі 292 232 мың кВт/сағ немесе 13,61% болады.

2024 жылдың II жартыжылдығы - 2025 жылдың I жартыжылдығы және 2025 жылдың II жартыжылдығы - 2026 жылдың I жартыжылдығы реттеу кезеңдері бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемдері тұтынушылар санаттары бөлінісінде төмендегі кестеде ұсынылған:

2025 жылдың II жартыжылдығы - 2026 жылдың I жартыжылдығы аралығындағы реттеу кезеңінде электр энергиясын беру көлемдеріне 2024 жылдың II жартыжылдығы - 2025 жылдың I жартыжылдығы аралығындағы реттеу кезеңімен салыстырмалы талдау:

Атауы

2024 II жартыжылд. - 2025 I жартыжылд.

2025 II жартыжылд. - 2026 I жартыжылд.

айырмашылық

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, пайыздық көрсеткіште (%)

мың кВт/сағ.

мың кВт/сағ.

мың кВт/сағ.

«Атырау Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау үшін

 

 

 

 

Заңды тұлғалар

1 005 303

998 064

-7 239

-0,7

Бюджеттік ұйымдар

105 005

112 787

7 782

7,4

Өндірістік ауыл шаруашылығы тұтынушылары

34 913

24 730

-10 183

-29,2

Тұрғындар

663 325

666 938

3 613

0,5

Барлығы

1 808 546

1 802 519

-6 027

-0,3

 

 

 

 

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы

19 752

20 756

1 004

5,1

«KEGOC» АҚ БЖЭТ филиалы

471

478

7

1,5

«АЖЭО» АҚ

5 094

4 735

-359

-7,0

«ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС

1 904

1 122

-782

-41,07

«КТК-К» АҚ

23 671

23 397

-274

-1,2

Барлығы

1 859 438

1 853 007

-6 431

-0,35

 

8) Табиғи монополия субъектінің реттелетін қызмет тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды (ТШ) дайындау және беру жұмыстары «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің  тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы Электр желілік қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде (01.07.2025 ж. - 31.03.2026 ж.) жалпы алғанда: жеке тұлғаларға (тұрғындар) 2 539 тұтынушыға жалпы қуаты 13 023,55 кВт болатын техникалық шарттар берілді; заңды тұлғаларға жалпы қуаты 403 479,14 кВт болатын 1 583 техникалық шарт берілді.

Техникалық шарттар бойынша өтінімдерді қарау және беру мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» ЖШС бөлшек нарықта тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес электрмен жабдықтау қызметтерін де көрсетті. Қазақстан Республикасы уәкілетті органымен бекітілген үлгілік шарт негізінде Атырау облысы бойынша барлық тұтынушылармен жалпы 204 450 шарт жасалған, оның ішінде: заңды тұлғалармен – 12 854 шарт; жеке тұлғалармен – 191 596 шарт.

Есепті кезеңде (2025 жылдың II жартыжылдығы) «Атырау Жарық» ЖШС-ға көрсетілген қызмет сапасына қатысты 255 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша – 77 өтініш;

- электр монтаждау жұмыстарына қатысты – 72 өтініш;

- электр желілері ТКШ балансында – 40 өтініш;

- өздігінен салынған электр желілері бойынша – 30 өтініш;

- электр желілері ПИК балансында – 36 өтініш.

Барлық өтініштер бойынша жауап берілді және белгіленген мерзімдерде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, халықты және әлеуметтік-экономикалық нысандарды сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен жасалған шартқа сәйкес Жұлдыз ықшам ауданы, Водников және Алмалы елді мекенінде кабельдік желілерді оқшаулауы өзара байланыстырылған полиэтиленнен (СИП) жасалған қуатты кабельдерге ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Көкарна кенті тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында 630 кВА қуаттылығы бар КТП-6/0,4 кВ трансформаторлық пункті орнатылды.

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Атырау Жарық» ЖШС тарапынан келесі энергетикалық нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары орындалды:

- КЛ-0,4/10 кВ – 1,199 км

- ӘЖ-110 кВ – 99,15 км

- ӘЖ-35 кВ – 77,65 км

- ӘЖ-6/10 кВ – 75,8 км

- ӘЖ-0,4 кВ – 105,9 км

Барлығы: ӘЖ-0,4-110 кВ –  358,5 км

- 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар – 3 дана (жекелеген элементтерімен)

- ТП, КТП, РП-10/0,4 кВ – 30 дана.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы кезінде, күшті желдің әсерінен 0,4 кВ әуе желілерінде сымдар бір-бірімен жанаса шиеленісіп, электр беру желілерінің үзілуіне әкеледі. Осындай жағдайлардың алдын алу және электр желілерінің жай-күйін жақсарту мақсатында «Атырау Жарық» ЖШС тарапынан 0,4 кВ әуе желілерінде жалаң сымдар заманауи СИП (өздігінен ұстап тұратын оқшауланған сым) түріне ауыстырылуда және тұтынушылар магистральдық СИП желісіне қосылуда. Ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 105,9 км құрайды. Бұл жұмыстар алдағы кезеңдерде де жалғасатын болады.

2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде 66 технологиялық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 2-ші дәрежелі ажыратулар және олардың бөлінісі төмендегідей:

• бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен:

ӘЖ-110 кВ бойынша – 13 ажырату;

ӘЖ-35 кВ бойынша – 9 ажырату.

• табиғи құбылыстардың әсерінен:

ӘЖ-110 кВ бойынша – 13 ажырату;

ӘЖ-35 кВ бойынша – 8 ажырату.

• жіктелмеген себептер бойынша:

ӘЖ-110 кВ бойынша – 14 ажырату;

ӘЖ-35 кВ бойынша – 9 ажырату.

 

Әрбір технологиялық бұзушылық бойынша жүйелі түрде жабдықтарды тексеру, электр беру желілерін қарау, сондай-ақ маймен толтырылған жабдықтардағы май деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілді.

9) Реттелетін қызметтерді дамыту перспективасы (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердегі ықтимал өзгерістер туралы

2026 жылға арналған негізгі міндеттер:

-                      электр энергиясын беру қызметтерін толық көлемде орындау;

-                      Инвестициялық бағдарламаны іске асыру;

-                      2026-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберіндегі Инвестициялық бағдарламаны орындау;

-                      электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі төмендету;

-                      электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету.