«Атырау Жарық» АҚ Атырау облысының тұрғындары мен заңды тұлғаларына 2019 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында электрмен жабдықтау орталықтарында электр қуатының ажыратылуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Маңғыстау облысындағы МАЭК нысанының №2 энергетика блогы 2019 жылғы 5-11 желтоқсан аралығында жөндеуге шығарылуына байланысты электр энергиясы ажыратылады.
Маңғыстау облысындағы МАЭК нысанының энергетика блогын жөндеу салдарынан Атырау облысына жеткізілетін электр энергиясының қуатының жеткіліксіз мөлшерде жетуіне және азаюына әкеп соқтырады.
Қуат тапшылығы туындаған жағдайда «Атырау Жарық» АҚ электр энергиясымен жабдықтайтын орталықтардан 2, 3 сағат аралықпен кезектесе ажыратуға мәжбүр болады.
«Атырау Жарық» АҚ электрмен жабдықтау қызметінде орын алатын үзілістер үшін кешірім сұрайды және мұндай үзілістерді қысқа мерзімде жоюды міндетіне алады.
Атырау қаласы мен облыс тұрғындарының назарына!
«Атырау Жарық» АҚ 2019 жылдың 1желтоқсан күні Атырау ЖЭО турбинасының тоқтатылуына байланысты тұтынушылар электр энергиясынан апатты жағдайда ажыратылғандығын Атырау облысы тұрғындарының назарына жеткізеді.
2019 жылғы 2,3 желтоқсан күндерінде орын алған электр энергиясын апатты ажырату шаралары Маңғыстау облысының МАЭК нысанындағы энергетика блоктарын жөндеуге шығару салдарынан орын алды, себебі энергетика жүйесі аталған кәсіпорынмен байланысты және Атырау облысына қажетті қуаттың бір бөлігі Маңғыстау облысындағы МАЭК нысанынан алынады.
Маңғыстау облысының МАЭК нысанында жүктеме тоғытқан кезде Атырау облысындағы Жүктемені ажыратудың автоматикасы жүйесі іске қосылады да, қоректендіру орталықтарынан шығатын электр беру желілері автоматты түрде ажыратылады.
«Атырау Жарық» АҚ электр тогын беретін желілерін іске қосуды қамтамасыз ету үшін МАЭК нысанынан қосымша қуат алу жұмыстарын неғұрлым жылдам және жедел атқарып жатыр.
«Атырау Жарық» АҚ орын алған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және аталған мәселені қысқа мерзімде реттеуге тырысады.
Атырау қаласы мен облыс тұрғындарының назарына!
Сақ болыңыздар!
«Атырау Жарық» АҚ жоғары кернеулі электр қондырғыларының қауіпті екендігін ескертеді.
Егер Сіз:
- 110/35/10/6кВ (КТП, ТП, РП - 10/6/0,4кВ) трансформаторлық және таратушы қосалқы станциялардың есіктері немесе қақпаларының ашық қалғанын
- 110/35/10/6/0,4кВ электр беру желілерінің сымдары немесе кабельдерінің үзілгенін көрген болсаңыз
- немесе электр қуатына қатысты кез келген басқа ескертулер (қызып тұрғанын, ұшқын шығарғанын, бөгде заттардың кедергі келтіріп тұрғанын) байқаған болсаңыз, апатты жедел-шығу бригадасы келгенге дейін сымдарға қол тигізбеңіз және бөтен адамдарды кіргізбеңіз.
Сондай-ақ, дереу Қалалық электр желісі мекемесінің Жедел-диспетчерлік қызметіне хабарлаңыз: (87122) 32-36-36, 32-37-66, 99-42-57, 87010356021.
Орталық диспетчерлік қызмет: (87122) 32-84-32.
Құрметті ата-аналар!
Жазғы каникул кезінде балаларыңызды бақылаусыз қалдырмауларыңыз сұралады.
Есте сақтаңыздар!
Мұқияттылық пен сақтық – қауіпсіздік кепілі.
«Атырау Жарық» АҚ