«Атырау Жарық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Атырау Жарық» АҚ, субъект, кәсіпорын, компания) 1999 жылдың 27 тамызында тіркелген «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашық акционерлік қоғам етіп қайта құру жолымен құрылды. Атырау облысының Әділет басқармасы «Атырау Жарық» ААҚ-н заңды тұлға ретінде 2001 жылдың 25 қыркүйегінде тіркеді. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігінің № 4285-1915-АО.
«Атырау Жарық» ашық акционерлік қоғамы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына 2005 жылы өзгерістер енгізілуіне байланысты «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді. ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес заңды тұлға тіркеуден қайта өткізіліп, 2007 жылдың 1 қазанында № 4285-1915-АО мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігін алды.
Кәсіпорынның мекенжайы: Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 110 а.
«Атырау Жарық» АҚ бағалы қағаздарының (акцияларының) жалғыз ұстаушысы «Энергоинвест Атырау» ЖШС болып табылады.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығы негізінде «Атырау Жарық» АҚ электр энергиясын беру және бөлу бойынша Атырау облысы бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген.
«Атырау Жарық» АҚ Атырау облысы бойынша Салық комитетінде 2001 жылдың 28 қыркүйегінен бастап салық төлеуші ретінде тіркелген, СТН 151000037189, 29.04.05ж. берілген тіркеу туралы куәлігінің № 0007737, сериясы 15. Кәсіпорын қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген, 08.10.12ж. қайта тіркеу жүргізілген куәлік сериясы 15001 № 0010863, 26.03.14ж. куәлік сериясы 15001 № 0013512.
- Жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Қоғамға тиесілі және өзге электр желілері арқылы электр энергиясын беру және бөлу;
- Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігі қағидаттарын сақтай отырып, Қоғамның электр желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қоғамның электр желілері объектілерін сапалы пайдалану және жөндеу, тиімді әдістер мен озық технологияларды енгізу арқылы оларды реконструкциялау және функционалды дамыту;
- ҚР заңнамасына сәйкес Атырау облысының электр энергетикасы саласының тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған электр желiлерiн, басқарудың технологиялық телекоммуникациялық құралдары мен ақпараттық технология жүйелерiн пайдалану және дамытудың бiрыңғай тұжырымдамасын iске асыру және оларды жүзеге асыру бойынша қызметтерді көрсету;
- Қоғамның электр желісінің шекараларында электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз ету және автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу бағытында оны жетілдіру;
- ҚР қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері Қоғамның қызмет ету нысаны болып табылады.
«Атырау Жарық» АҚ-ның лицензиялары:
- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2012 жылдың 10 ақпанында берілген № 000133-06: электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану, электр энергиясын беру және бөлу, электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу қызмет түрлерімен айналысатын мемлекеттік (бас) лицензиясы;
- Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментімен 2005 жылғы 6 шілдеде берілген № 000329 сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қызмет түрімен айналысатын мемлекеттік (бас) лицензия;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 1 шілдеде берген № 000270 өлшем құралдарын жөндеу қызмет түрімен айналысатын мемлекеттік (бас) лицензия;
- ҚР табиғи монополияларды реттеу реттеу агенттігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы Электр энергиясын тұтынушыға дейін беру және бөлу жөніндегі мемлекеттік лицензиясына қосымша. «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 28 шілдедегі санында жарияланған Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және 2012 жылдың 7 тамызында күшіне енген Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлерінен электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату түрін алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңының 48-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сай лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады. Осылайша, «Атырау Жарық» АҚ электр энергиясын беру және тарату қызметімен айналысу мақсатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2012 жылғы 10 ақпанда берген № 000133-06 лицензиясы 2012 жылғы 7 тамыздан бастап өз қолданысын тоқтатты.
«Атырау Жарық» АҚ-ның негізгі қызметі – электр энергиясын тарату болып табылады.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Атырау Жарық» АҚ-ның теңгерімінде:
- 2 379,3 шақырым ВЛ-110 кВ желісі
- 833,32 шақырым ВЛ-35 кВ желісі
- 4 206,761 шақырым ВЛ-6-10 кВ желісі
- 2 014,595 шақырым ВЛ-0,4 кВ желісі
Барлығы 9 433,976 шақырым ВЛ-110-35-6-10-0,4 кВ желісі;
- 194,652 шақырым КЛ-6-10 кВ желісі
- 118,042 шақырым КЛ-0,4 кВ желісі
Барлығы 312,694 шақырым КЛ-6-10-0,4 кВ желісі;
- жалпы қуаты 1 343,8 МВА 77 дана ПС 35 кВ нысаны
- жалпы қуаты 453,329 МВА 1684 дана КТП, ТП, РП-10/6/0,4 кВ нысандары бар.
«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері:
- сегіз аудандық электр желілері
- орталық кеңсе
- АЭЖ-лерінде орналасқан техникалық қызметтері бар жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ):
- Қалалық АЭЖ, Атырау қ.
- Жылыой АЭЖ, Құлсары қ.
- Мақат АЭЖ, Доссор к.
- Индер АЭЖ, Индер к.
- Исатай АЭЖ, Аққыстау а.
- Махамбет АЭЖ, Махамбет а.
- Құрманғазы АЭЖ, Құрманғазы а.
- Қызылқоға АЭЖ, Миялы а.