«Атырау Жарық» АҚ хабарлайды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы No 143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларына» сәйкес техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.
«Атырау Жарық» АҚ тұтынушылардан тек келесі қызметтер үшін ақы алатынын ескертеміз:
1. электр жабдықтарының профилактикалық сынақтары мен өлшемдері;
2. электр энергиясын есепке алу аспаптарын жөндеу және тексеру;
3. тұтынушылардың өтініші бойынша электр желісіне қайта қосу.
Қызметкерлерден немесе басқа тұлғалардан техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем талап еткен жағдайда 8/7122/ 994015 сенім телефоны арқылы хабарлаңыз немесе www.jaryk.kz сайтына өтініш жолдаңыз.