Әуе және кабельдік электр желілерін қорғау туралы
«Атырау Жарық» АҚ Атырау облысы аумағында әуе электр желілері, әуе және жер асты кабельдік электр желілері, соған байланысты құрылыстар тартылғанын ескертеді.
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына, ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына» сай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр желілерінің пайдаланылуы үшін қалыпты жағдай жасау және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жер учаскелері бөлінеді, күзет аймақтары белгіленеді.
Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.
Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:
1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);
2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;
3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;
4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;
5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;
6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;
7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;
8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.
Ауытқымаған жағдайларында шеткі сымдардан екі жағында тұрған жазықтықтармен шектелген су айдындарының су бетіндегі әуе кеңістігі түріндегі су қоймалары (өзендер, арналар, көлдер және басқалары) арқылы өтетін электр берудің әуе желілерінің бойымен күзет аймақтары кеме жүзетін су қоймасы үшін - 100 м арақашықтықта, кеме жүзбейтін су қоймасы үшін – жер бетімен өтетін электр берудің әуе желілерінің бойымен күзет аймақтарын белгілеу үшін көзделген арақашықтықта болады.
Шеткі кабельдерден 1 м арақашықтықта желінің екі жағы бойынша жер учаскесі түрінде тік жазықтықтармен қоршалған жерасты электр берудің кабель желілері бойымен, ал қалаларда тротуарлардың астымен өтетін электр берудің кабель желілері үшін – ғимараттар мен құрылыстарға қарай 0,6 м және көшенің жүргінші бөлігіне қарай 1 м.
Жерасты байланыс кабельдері немесе қарауында кабель желілері бар ұйымдардың электр кабельдері бар түйісу немесе жақындасу орындарында электр берудің әуе желілері тіректерінде оған дейінгі арақашықтық көрсетілген кабель бағытындағы сызық түрінде ескертуші белгілер орнатылады.
Электр желілерінің күзет аймақтарына кіретін жер учаскелері жер пайдаланушылардан және жер иелерінен алынбайды және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, олардың өзі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады.
Электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарындағы пішенді жырту, жинау, шығару, жайылма суару сияқты алаңдық ауыл шаруашылығы жұмыстары иелігінде осы желілер орналасқан ұйымды алдын ала осы жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлау арқылы жер пайдаланушылар жүргізеді.
Ауыл және қала құрылыстары шектерінде әуе және кабель желілері өткенде жергілікті атқарушы органдар ауданның құрылысына рұқсат беру кезінде электр желілерінің күзет аймақтарының құрылысына тыйым салады.
Электр берудің әуе желілері бойымен және мемлекеттік орман қорының орман алаптарында және елді мекендер шегіндегі жасыл көшеттердегі кіші станциялардың, таратушы құрылғылардың және ауыстырып-қосу пункттерінің периметрі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелді) Мемлекеттік орман қоры учаскілерінде сүректі босату қағидаларына сәйкес орман жолдары төселеді.
Электр берудің әуе желілері мемлекеттік орман қоры аумағы арқылы өткен кезде сымдарға тікелей жақын өсетін ағаштарды кесуді және қырқуды мемлекеттік орман иеленушілер қарауында осы желілер бар ұйымдармен шарт бойынша жүргізеді.
Әуе желілері саябақтар, бақтар және басқа да көп жылдық көшеттер арқылы өтсе, ағаштарды кесуді және қырқуды қарауында электр берудің әуе желілері бар ұйымдар, ал екі жақты келісім болса – теңгерімінде осы көшеттер орналасқан ұйымдар немесе азаматтар – бақ және басқа көп жылдық көшеттер иелері қарауында электр берудің желілері орналасқан ұйымдар анықтаған тәртіпте жүргізеді.
Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.
Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.
Күзет аймақтарында жару жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсатты осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың жару жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелді) бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін беріледі.
Суаратын және коллекторлы-дренажды арналарды салу, жүзімдіктер мен бақтар қатарларын орнату кезінде және басқа жұмыстарды жүргізуде электр желілеріне кіреберіс және кіретін жолдары сақталады.
Әртүрлі иелерге жататын басқа мақсаттағы кернеуі 1 кВ-ге дейінгі электр беру желілерінің тіректерінде өзара ілінісу кезінде желіге жөндеу жұмыстарын жүргізетін әрбір иесі басқа иесіне шығын әкелуі мүмкін немесе оның өкілі қатысуы тиіс осындай жөндеу жұмыстары туралы мүдделі иеге алдын ала күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей хабарлайды.
Егер механизмдегі не оның жылжымалы бөлігіндегі ауадан, сондай-ақ көтерілетін жүктің олардың кез келген қалыбындағы (оның ішінде аса ауыр көтергенде немесе ұшқанда) жақын арадағы кернеуде тұрған сымға дейінгі арақашықтық Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелді) бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес келсе әртүрлі механизмдерді пайдалана отырып, әуе электр беру желілерінің маңындағы жұмыстарды орындау жүзеге асырылады.
Кабельден жер жұмыстарын жасайтын орынға дейінгі арақашықтықты қарауында электр берудің желілері бар ұйым әрбір жеке жағдай бойынша анықтайды және жазбаша келісімде көрсетеді.
Электр берудің желілерінде авариялық жағдайлар орын алған кезде, осы желілер қарауында орналасқан ұйымдарға, олардың салдарларын жою мақсатында осы желілердің трассасына жақын орналасқан орман алқаптарындағы және орманды қорғау сызықтарындағы жекелеген ағаштарды кесуге, кейіннен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10679 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында анықталған тәртіппен рұқсат беру құжаттарын ресімдеу арқылы рұқсат беріледі.
Бұл ретте қарауында осы желілер бар ұйымдар туындаған авариялық жағдай туралы орман иелерін хабардар етеді.
Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар осы желілердің күзет аймақтарында электр желілерін жөндеуге және пайдалануға қажетті жер жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізеді.
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерден өтетін электр желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жоспарлы жұмыстар жер пайдаланушылармен келісім бойынша және осы жерлер ауыл шаруашылығы дақылдарынан бос болғанда немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болғанда жүргізіледі.
Қарауында электр берудің желілері бар ұйымдар егін себу жұмыстарының басталуына дейін үш ай бұрын электр берудің желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жоспарланған мерзімдер туралы жер пайдаланушыларды жазбаша хабардар етеді.
Электр беру желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жылдың кез келген уақытында жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар ету арқылы жүргізіледі.
Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған соң жердің пайдаланылатын жерлерін мақсатты бағыты бойынша оларды пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіруге, сондай-ақ жер пайдаланушылар жұмысты жүргізуде келтірілген шығындарды өтейді. Жер пайдаланушылардың шығындары тараптардың келісімі бойынша анықталады және өтеледі.
Жергілікті атқарушы органдар электр беру желілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді мүдделі ұйымдарға береді.
Қарауында салынып жатқан немесе қолданыстағы электр берудің кабель желілері бар ұйымдар көрсетілген желілерді селсоқ токтардан қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Қарауында электр желілері бар ұйымдардың жұмыскерлеріне жұмыстар жүргізуге наряд-рұқсатта жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан электр желілерінің объектілеріне кедергісіз кіру қамтамасыз етіледі.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауында электр желілері бар ұйымның жұмыскерлері электр желілерді электр энергиясынан ажыратқаннан кейін электр желілерінің күзет аймақтары орналасқан объектілердегі өртті сөндіруге кіріседі.
Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.
Қарауында электр желілері бар ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, бұзушылық фактілерін растайтын материалдарды (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, еркін нысанда акті жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
Электр желілерін жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдаған кезде нұқсанды өтеу қарауында осы желілер бар ұйыммен жасалған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау шығындарының келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілгендерге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайлар бойынша хабарласыңыздар:
«Атырау Жарық» АҚ, 060002, Атырау қ., Махамбет к., № 110-А.
Анықтама телефондары:
«Атырау Жарық» АҚ ӨТҚ - 8 (7122) № 99-43-34, № 99-43-26;
Қалалық АЭЖ - 8 (7122) № 32-39-35, № 99-41-35;
Жылыой АЭЖ - 8 (71237) № 5-53-83, № 5-64-47;
Махамбет АЭЖ - 8 (71236) № 5-58-08, № 3-13-19;
Индер АЭЖ - 8 (71234) № 2-12-02, № 2-01-16;
Құрманғазы АЭЖ - 8 (71233) № 2-50-00, № 2-54-99;
Исатай АЭЖ - 8 (71231) № 2-03-07, № 2-04-86;
Қызылқоға АЭЖ - 8 (71238) № 2-17-37, № 2-19-14;
Мақат АЭЖ - 8 (71235) № 2-40-01, № 5-52-97.