Электр энергиясын беру бойынша

реттеліп көрсетілетін қызметтің

2026 жылдың 1-жарты жылдығында

ұсынылған қызметі туралы есебі

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:

1)      Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» ЖШС құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

·         Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)

·         Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)

·         Мақат АЭЖ (Доссор к.)

·         Индер АЭЖ (Индер к.)

·         Исатай АЭЖ (Аққыстау а.)

·         Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)

·         Құрманғазы АЭЖ (Құрманғазы а.)

·         Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» ЖШС Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

01.07.2026ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 508 адамды құрады.

2026 жылдың І жартыжылдығында «Атырау Жарық» ЖШС электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 59-НҚ «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 31-НҚ «Атырау Жарық» АҚ-ның 2024-2029 жылдарға арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген, тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі негізінде қалыптастырылған тарифті қолдана отырып көрсетті. Есепті кезеңде қолданыста болған бекітілген тариф қосылған құн салығын есептемегенде 13,009 теңге/кВт·сағатты құрады.

2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

«Атырау Жарық» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 27-НҚ бұйрығымен бекітілген және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 110-НҚ бұйрығымен келісілген 2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны орындады. Аталған инвестициялық бағдарламаға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 12-НҚ және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2025 жылғы 4 ақпандағы № 26-НҚ бірлескен бұйрықтарымен, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 5-НҚ және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 38-НҚ бірлескен бұйрықтарымен түзетулер енгізілді.

2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 1 шілде аралығындағы кезеңге жоспарланған инвестиция көлемі 2 549 102 мың теңгені құрады. Оның ішінде 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында нақты игерілген қаражат көлемі 291 334 мың теңге болса, 2026 жылдың І жартыжылдығында 2 257 968 мың теңге игерілді.

1. ЭКЕАЖ бойынша іс-шаралар

Жоспар бойынша – 42 720 мың теңге, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар – 42 720 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

·         жоғарғы деңгейдегі ЭКЕАЖ-н монтаждау және баптау жұмыстарымен енгізу – 22 864 мың теңге. «Атырау Жарық» ЖШС-нің 4 қосалқы станциясы мен 1 тарату пунктіне деректерді жинау және беру құрылғысының (УСПД) 5 жиынтығы сатып алынды және орнатылды. Сонымен қатар, 11 дана үш фазалы көпфункционалды электр энергиясын есепке алу құралдары сатып алынып, орнатылды.

·         Атырау қаласындағы ТП және КТП-ларда орта деңгейдегі ЭКЕАЖ енгізу – 19 856 мың теңге.

Атырау қаласындағы ТП және КТП-ларда 73 дана есепке алу құралын орната отырып, орта деңгейдегі ЭКЕАЖ енгізу жұмыстары аяқталды.

2.  110/35/10-6 кВ төмендеткіш қосалқы станцияларды жаңғырту жөніндегі іс-шаралар

Жоспар бойынша – 1 061 754 мың теңге, нақты шығындар 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 104 850 мың теңгені, 2026 жылдың І жартыжылдығында – 988 740 мың теңгені құрады.

2.1.      №37 «Аралов» 35/10 кВ қосалқы станциясын жаңғырту

Жоспар бойынша – 360 523 мың теңге, нақты шығындар 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 12 500 мың теңгені, 2026 жылдың І жартыжылдығында – 356 776 мың теңгені құрады.

КРН-10 кВ орнына КРУН-10 кВ орнатылды. Оның құрамына 19 дана 10 кВ вакуумдық ажыратқыш ұяшықтары, ток трансформаторлары, кернеу трансформаторлары, релелік қорғаныс және автоматика (РҚА) панельдері кіреді. Жабдық сыртқы табиғи әсерлерден (жаңбыр, қар, күн сәулесі) қорғалған жабық орында орнатылған. Бұл тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, электр желілеріндегі шығындар деңгейін төмендетеді. Электр энергиясын жеткізу сапасы жаңа жабдықтың ақаусыз жұмысына байланысты.

2.2.      17 «Оңтүстік» 110/10 кВ қосалқы станциясын жаңғырту

Жоспар бойынша – 701 231 мың теңге, нақты шығындар 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 92 350 мың теңгені, 2026 жылдың І жартыжылдығында – 631 964 мың теңгені құрады.

Атырау қаласының «Лесхоз» шағын ауданында орналасқан № 17 «Оңтүстік» қосалқы станциясына техникалық жаңғырту жүргізіліп, КРУН-10 кВ орнына БМЗ-10 кВ орнатылды.

КРУН-10 кВ орнына 46 дана 10 кВ вакуумдық ажыратқыш ұяшықтары, ток трансформаторлары және релелік қорғаныс пен автоматика панельдерімен жабдықталған блокты-модульдік ғимарат орнатылды. Жабдық сыртқы табиғи әсерлерден (жаңбыр, қар, күн сәулесі) қорғалған жабық орында орналастырылған. Бұл тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, электр желілеріндегі шығындарды азайтады. Электр энергиясын жеткізу сапасы жаңа жабдықтың ақаусыз жұмысына байланысты. Бетоннан салынған ғимарат ішкі жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелерімен және күзет дабылымен жабдықталған.

3.  Атырау қаласындағы 10 кВ физикалық тозған кабельдік желілерді жаңғырту

Жоспар бойынша – 655 150 мың теңге, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар – 644 399 мың теңгені құрады.

Атырау қаласында жалпы ұзындығы 16,22 км болатын 4 кабельдік желіде ескірген және физикалық тұрғыдан тозған кабельдерді жаңасына ауыстыру, жалғау және соңғы муфталарды монтаждау арқылы техникалық жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

·         №206 және №209 фидерлері ПС-29-дан РП-8-ге дейін – 7,52 км;

·         №621 және №622 фидерлері РП-20-дан РП-18-ге дейін – 4,98 км;

·         №176 және №179 фидерлері РП-5-тен РП-4-ке дейін – 2 км;

·         №600 және №603 фидерлері ПС-100-ден РП-20-ға дейін – 1,72 км.

4.  Атырау облысы Атырау қаласындағы 0,4-6-10 кВ физикалық тозған электр желілерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар

Жоспар бойынша – 470 322 мың теңге, нақты шығындар 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 142 774 мың теңгені, 2026 жылдың І жартыжылдығында – 308 080 мың теңгені құрады.

Атырау қаласында 3 дана 10/6-0,4 кВ трансформаторлық пунктке (ТП-27/8 (Канцев көшесі), ТП-264/1 («Привокзальный» шағын ауданы), ТП-4/10 (Әуезов көшесі) және 2 дана КТПН-10/6-0,4 кВ нысанда КТПН-195/12 («Холодильник» ауылы), КТП-45/18 (Попов көшесі – Қайсенов көшесі) жабдықтарды ауыстыру және өткізу қабілетін арттыру бойынша техникалық жаңғырту жүргізілді, сондай-ақ ұзындығы 2,2 км болатын СИП 4х70 сымдары мен тіректер ауыстырылды.

Сонымен қатар, Индер ауданында орналасқан 1 дана КТПН (КТПН-6/18) және Жылыой ауданында орналасқан 2 дана КТПН (КТПН-8/3 және КТПН-8/5) нысандары бойынша жабдықтарды ауыстыру және өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілді.

Жылыой ауданында орналасқан «Құрсай» 35/10 кВ қосалқы станциясының № 6Д фидерінің 10 кВ әуе желісі және КТП-6/2 № 6Д фидерінің 0,4 кВ әуе желілерінің (№1, №2 және №3 фидерлер) жалпы ұзындығы 5,57 км болатын учаскелерінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Ұзындығы 3 км болатын 10 кВ әуе желісінде СВ-110 тіректері СВ-110 жаңа тіректеріне, ал АС-50 сымы жаңа АС-50 сымына ауыстырылды.

Жалпы ұзындығы 2,57 км болатын 0,4 кВ әуе желісінде өткізу қабілетін арттыру мақсатында СВ-95 тіректері СВ-110 тіректеріне, ал АС-35 сымы СИП 4х50 сымына ауыстырылды.

Жаңғырту кезеңінде техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз және қауіпсіз пайдалану бөлігіндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін ТП-27/8, ТП-4/10 және ТП-264/1 трансформаторлық пункттерінің ғимараттары бұзылып, олардың орнына жаңа ғимараттар салынды. Жаңа нысандарға толықтай жаңа жабдықтар орнатылып, қуаты жоғары күштік трансформаторлар қойылды.

Жаңғырту барысында ескі КТПН-45/18, КТПН-195/12, КТПН-8/3, КТПН-8/5 және КТПН-6/18 қалалық үлгідегі кешенді трансформаторлық қосалқы станциялары бөлшектеліп, олардың орнына қуаты жоғары күштік трансформаторлармен жабдықталған жаңа кешенді трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды. Сонымен қатар, толықтай жаңа жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Күштік трансформаторлардың жиынтық қуаты 4460 кВА-дан 7240 кВА-ға дейін, яғни 62 пайызға артты. Бұл алдағы уақытта қосымша электр қуаттарын қосуға мүмкіндік береді.

Барлығы 16 дана реклоузер орнатылды:

Қалалық электр желілерінде – 4 дана;

Жылыой электр желілерінде – 6 дана;

Құрманғазы электр желілерінде – 1 дана;

Махамбет электр желілерінде – 3 дана;

Индер электр желілерінде – 2 дана.

5.  Арнайы автокөлік құралдарының активтерін жаңарту жөніндегі іс-шаралар

Жоспар бойынша – 265 887 мың теңге, жасалған шарттар бойынша нақты шығындар 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 43 710 мың теңгені, 2026 жылдың І жартыжылдығында – 218 525 мың теңгені құрады.

Арнайы автокөлік құралдарының активтерін жаңарту мақсатында Атырау облысының орталығы мен аудандары аумағындағы кәсіпорынның энергетикалық объектілерінде пайдалану, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған 4 жаңа арнайы автокөлік техникасы сатып алынды:

·         жүк көтергіштігі 15 тонна болатын КамАЗ автосамосвалы – 1бірлік;

·         темірбетон тіректерді тасымалдайтын УРАЛ шассиіндегі құбыр тасымалдағыш – 1бірлік;

·         ГАЗ шассиіндегі бұрғылау-кран машинасы – 1бірлік;

·         Камаз шассиіндегі АГП-28 автогидрокөтергіші – 1бірлік.

6.  Апатқа қарсы диагностика және РҚА құралдарын жаңғырту

Жоспар бойынша – 47 769 мың теңге, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар – 47 769 мың теңгені құрады. Қарапайым және күрделі релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларын тексеруге арналған РЕТОМ-21 – 1 дана және РЕТОМ-61 – 1 дана сынақ аппаратурасы сатып алынды.

7.  Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

Жоспарланған сома – 5 500 мың теңге, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар – 7 735 мың теңгені құрады. Энергия үнемдейтін шамдарды, жарықтандыру құрылғылары сатып алынды, сондай-ақ жұмыс орындарындағы жылыту және салқындату жүйелері жаңартылды.

«Инвестицияға айырбас тариф» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі

2025 жылғы 1 шілде – 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңге арналған қосымша инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

«Атырау Жарық» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №33-НҚ бұйрығымен бекітілген және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2025 жылғы 12 мамырдағы №80-НҚ бұйрығымен келісілген 2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны орындады.

2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңге жоспарланған инвестиция көлемі 1 293 787 мың теңгені құрады. Оның ішінде 2025 жылдың ІІ жартыжылдығындағы нақты шығындар – 176 777 мың теңге, ал 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар – 1 117 009 мың теңгені құрады.

1.         Атырау қаласы мен Атырау облысындағы 6-10 кВ физикалық тұрғыдан тозған электр желілерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар

Жоспар бойынша – 1 232 327 мың теңге, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар – 1 117 009 мың теңгені құрады.

Атырау қаласы мен Атырау облысында жалпы ұзындығы 73,957 км болатын 13 дана 10 кВ әуе желісі жаңғыртылды. Оның ішінде Атырау қаласында жалпы ұзындығы 29,8 км болатын 7 әуе желісі, Мақат ауданында жалпы ұзындығы 44,157 км болатын 6 әуе желісі орналасқан.

2.         Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

Жоспарланған сома – 61 460 мың теңге, 2025 жылдың ІІ жартыжылдығындағы нақты шығындар – 57 260 мың теңгені құрады. Жобалау қызметтері шарт талаптарына сәйкес толық көлемде орындалды.

3)  Есепті кезеңдегі бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы реттеу кезеңінде «Атырау Жарық» ЖШС бойынша электр энергиясын беру қызметіне жұмсалған шығындар 23 697 861 мың теңгені құрады, оның ішінде 2026 жылдың І жартыжылдығында – 11 416 833 мың теңге.

Оның ішінде:

Бақыланатын шығындар бойынша жылдық жоспар 9 529 164 мың теңгені құраса, 2026 жылдың І жартыжылдығында нақты шығындар 4 602 332 мың теңгені немесе 48,3%-ын құрады.

Бақыланбайтын шығындар бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығындар жылдық жоспары 9 387 346 мың теңге болған кезде 6 004 497 мың теңгені немесе 63,9%-ды құрады.

2026 жылдың І жартыжылдығындағы амортизациялық аударымдар жылдық жоспары 1 471 208 мың теңге болған кезде 810 003 мың теңгені құрады.

Барлық шығындар әрбір шығыс бабы бойынша бекітілген сомалар шегінде, рұқсат етілген ауытқу мөлшерін сақтай отырып жүзеге асырылды.

4)  Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы

2026 жылдың І жартыжылдығына арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері

№ п/п

Сапа мен сенімділіктің негізгі көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың (жартыжылдықтың) фактісі

Жоспар  (01.07.2025ж.- 30.06.2026ж дейін )

Ағымдағы жылдың фактісі  (01.07.2025ж.- 30.06.2026ж дейін )

Сенімділік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестікті бағалау
Сенімділік және сапа көрсеткіштерінің орындалмау себептері (негіздемесі)

1

2

3

4

5

6

7

11

Жүйенің орташа  үлес индексі (SAIFI) –әлемде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс үзілістердің орташа жиілігі

Жылына 1 тұтынушыға шаққандағы үзілістер саны

1,1

1,09

1,09

орындалды

22

Нормативтік шығын деңгейін азайту көрсеткіш 13,83% )

%

13,73

0,12

13,61

орындалды

33

Жүйенің  үлес ұзақтығының орташа индексі (SAIDI) - әлемде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс үзілістердің орташа ұзақтығы

Жылына 1 тұтынушыға шаққандағы үзілістер ұзақтығы,сағат

1,2

1,49

1,48

орындалды

34

Реттелетін қызмет көрсететін кәсіпорында инновациялық өнімді енгізу

бірлік

1

1

1

орындалды

35

Негізгі  құралдардың тозуын азайту (ағымдағы көрсеткіш  67,35%)

%

67,30

0,5

65,05

орындалды

36

Жөндеу  жұмыстарын уақытылы аяқтау (реконструкциялау, модернизациялау, ауыстыру)

%

100

100

100

орындалды

77

Табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзу саны (ағымдағы көрсеткіш 0)

саны

0

0

0

орындалды

 

5)  Табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

2026 жылдың І жартыжылдығына арналған «Атырау Жарық» ЖШС-нің электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштері бекітілген жоқ.

6)  Қызметтің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат

2026 жылдың І жартыжылдығына арналған алдын ала пайда мен залал туралы есепке сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кіріс 12 043 321 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 3 023 887 мың теңгеге артық (тарифтің ұлғаюына байланысты).

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығында реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша шығыстар, оның ішінде көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мен кезең шығыстары 11 416 833 мың теңгені құрады.

7)  Есепті кезеңде көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат

2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы реттеу кезеңінде «Атырау Жарық» ЖШС электр энергиясын беру жөніндегі қызметтердің нақты көлемін жоспарланған көлемнен (жоспар – 1 870 314 мың кВт·сағ) 8 102 мың кВт·сағатқа төмен орындап, нақты көлемі 1 862 212 мың кВт·сағатты немесе жоспардың 99,5%-ын құрады. Алдыңғы реттеу кезеңімен (2024-2025 жылдар) салыстырғанда реттеліп көрсетілген қызметтердің көлемі 2 774 мың кВт·сағатқа немесе 0,15%-ға артты. Оның ішінде 2026 жылдың І жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің көлемі 925 768 мың кВт·сағатты құрады. Бұл 2025 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 20 202 мың кВт·сағатқа немесе 2,23%-ға жоғары.

Наименование

2024 - 2ж/ж. – 2025 –

1 ж/ж.

 соның ішінде             2025 – 1 ж/ж.

2025 - 2ж/ж. – 2026 –

1 ж/ж.

 соның ішінде             2026 – 1 ж/ж.

айырмашылық

%

алдыңғы кезеңмен салыстырғанда

тыс. кВтч

тыс. кВтч

тыс. кВтч

тыс. кВтч

тыс. кВтч

«Атырау Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау үшін

 

 

 

 

 

 

Заңды тұлғалар

1 005 303

496 635

960 261

468 717

-45 042

-4,5

Бюджеттік ұйымдар

105 005

53 797

116 392

60 216

11 387

10,8

Өндірістік ауыл шаруашылығы тұтынушылары

34 913

9 071

39 981

19 961

5 068

14,5

Тұрғындар

663 325

320 136

669 437

325 262

6 112

0,9

Барлығы

1 808 546

879 639

1 786 071

874 156

-22 475

-1,2

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан темір жолы»  -
»Дирекция магистральной сети»
ҰК АҚ

19 752

9 753

19 635

9 744

-117

-0,6

«KEGOC» АҚ БЖЭТ филиалы

471

223

446

227

-25

-5,3

«АЖЭО» АҚ

5 094

2 512

4 755

2 499

-339

-6,7

«КТЖ-Грузовые перевозки» ЖШС

1 904

1 072

1 030

196

-874

-45,90

«КТК-К» АҚ

23 671

12 367

23 572

12 243

-99

-0,4

«Эмбамунайгаз» АҚ

 

 

24 176

24 176

24 176

 

«Caspian Offshore Construction Realty»
   
Каспиан Оффшор Констракшн Реалти») ЖШС

 

 

2 527

2 527

2 527

 

Барлығы

1 859 438

905 566

1 862 212

925 768

2 774

0,15

 

8)  Реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды дайындау және беру жұмыстары Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу қағидаларына», «Электр энергиясын пайдалану қағидаларына» және Электр желілерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2026 жылдың І жартыжылдығында: жеке тұлғаларға (тұрғындарға) жиынтық қуаты 7 304,15 кВт болатын 1 457 техникалық шарт берілді; заңды тұлғаларға жиынтық қуаты 328 867,94 кВт болатын 1 158 техникалық шарт берілді.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» ЖШС уәкілетті орган бекіткен үлгілік шартқа сәйкес бөлшек электр энергиясы нарығында тұтынушылармен жасалған шарттар негізінде электрмен жабдықтау қызметтерін де көрсетті. Атырау облысының тұтынушыларымен барлығы 204 433 шарт жасалған, оның ішінде: заңды тұлғалармен – 12 942 шарт; жеке тұлғалармен – 191 491 шарт.

Есепті кезеңде (2026 жылдың І жартыжылдығында) «Атырау Жарық» ЖШС-не көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты 202 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: электр желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйіне байланысты – 62 өтініш; электр монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты – 78 өтініш; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық теңгеріміндегі электр желілеріне қатысты – 35 өтініш; өз бетімен салынған электр желілеріне қатысты – 22 өтініш; ПИК (КСК) теңгеріміндегі электр желілеріне қатысты – 25 өтініш.

Барлық өтініштер бойынша жауаптар беріліп, белгіленген мерзімдерде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылданды.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Атырау Жарық» ЖШС-де келесі энергетикалық объектілерге күрделі жөндеу жұмыстары орындалды:

0,4/10 кВ кабельдік желілері – 1,443 км (18%);

110 кВ әуе желілері – 162,3 км (56%);

35 кВ әуе желілері – 57,2 км (26%);

6/10 кВ әуе желілері – 15,5 км (12%);

0,4 кВ әуе желілері – 45,5 км (57%).

Барлығы 0,4–110 кВ әуе желілері бойынша – 280,5 км (39%).

Сонымен қатар: 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар – 6 дана (жекелеген элементтері) – 75%; ТП, КТП, РП-10/0,4 кВ – 47 дана67%.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 45,5 км құрады.

2026 жылдың І жартыжылдығында табиғи құбылыстардың әсерінен 110 кВ электр желілерінде І дәрежелі 1 технологиялық бұзушылық тіркелді.

2026 жылдың І жартыжылдығында 35/110 кВ электр желілерінде ІІ дәрежелі 36 технологиялық бұзушылық (ажырату) тіркелді, оның ішінде:

·         бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен:

110 кВ әуе желілерінде – 10 ажырату;

35 кВ әуе желілерінде – 5 ажырату;

·         табиғи құбылыстардың әсерінен:

110 кВ әуе желілерінде – 9 ажырату;

35 кВ әуе желілерінде – 4 ажырату;

·         жіктелмеген себептер бойынша:

110 кВ әуе желілерінде – 6 ажырату;

35 кВ әуе желілерінде – 2 ажырату.

6/10 кВ электр желілерінде ІІ дәрежелі 124 технологиялық бұзушылық (ажырату) тіркелді, оның ішінде:

·         бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен – 40 ажырату;

·         табиғи құбылыстардың әсерінен – 31 ажырату;

·         жіктелмеген себептер бойынша – 53 ажырату.

9)      Қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы

2026 жылға арналған негізгі міндеттер:

·         электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету;

·         инвестициялық бағдарламаны орындау;

·         2026-2029 жылдарға арналған «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберіндегі инвестициялық бағдарламаны орындау;

·         электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі төмендету;

·         электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету.