Электр энергиясын беру бойынша

реттеліп көрсетілетін қызметтің

2025 жылдың 1 жартыжылдығына

 ұсынылған қызметі туралы тыңдаулар

 

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:

Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің  құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

           Қалалық электр желісі (Атырау қ.)

           Жылыой аудандық электр желісі (Құлсары қ.)

           Мақат аудандық электр желісі (Доссор к.)

           Индер аудандық электр желісі (Индер к.)

           Исатай аудандық электр желісі (Аққыстау а.)

           Махамбет аудандық электр желісі (Махамбет а.)

           Құрманғазы аудандық электр желісі (Ганюшкин а.)

           Қызылқоға аудандық электр желісі (Миялы а.)

Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

            01.07.2025ж. жағдай бойынша электр энергиясын беру бойынша  реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 482 адамды құрады.

 

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

 «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы     электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады. 

«Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 01.07.2024-01.07.2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын, бұл бағдарлама 2024 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бекіткен № 27-НҚ бұйрығымен және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының келісіммен 2024 жылдың 7 маусымында бекітілген № 110-НҚ бұйрығымен, сондай-ақ 2025 жылдың 3 ақпанында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаменті және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бірлескен бұйрығы бойынша енгізілген түзетулермен жүзеге асырылды. 

2024-2025 жылдарға арналған жоспарлы құны 2 070 896 мың теңге болса, нақты шығындар сомасы 2 071 468 мың теңгені немесе 100 % құрады.

 

ЭКЕАЖ бойынша шаралар.

Жоспар бойынша – 146 357 мың теңге, іс жүзінде жұмсалған шығындар 146 357 мың теңгені құрады, оның ішінде:

Жоғарғы деңгейдегі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, деректерді жинау және беру құрылғыларын (УСПД) монтаждау және реттеу – 20 360 мың теңге;

Орта деңгейдегі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, Атырау қаласындағы ТП және КТП (475 есептеу құрылғысы) бойынша – 125 994 мың теңге.

 

2. 110/35/10-6кВ төмендету подстанцияларын модернизациялау шаралары.

Жоспар бойынша – 895 239 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 860 777 мың теңге, яғни 96%. 

2.1. 110/10кВ №100 «Алипов К.» қосалқы станциясын модернизациясы 

Жоспар бойынша – 549 897 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 521 780 мың теңге, яғни 95%. 

2024-2025 жылдары Атырау қаласында орналасқан 110/10кВ №100 «Алипов К.» төмендету подстанциясының КРУН-10кВ техникалық модернизациясы жүргізілді. Модернизация КРУН-10кВ жабдығын ауыстыруды қамтиды. Модернизация аясында сыртқы қондырғыдағы жинақталған тарату құрылғысының (КРУН-10кВ) жабдығы вакуумды ажыратқыштармен, ток трансформаторларымен және РЗА панельдерімен жабдықталған блок-модульдік электростанциясы (БМЗ) -10кВ-ға ауыстырылды. Бұл жабдықтар сыртқы табиғи әсерлерден (жаңбыр, қар, күн сәулесі) қорғалған ғимаратта орнатылған, ол тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету сенімділігін арттырып, электр желілеріндегі шығындарды азайтады. Электр энергиясын беру сапасы жаңа жабдықтың ақаусыз жұмысына байланысты.

Бетон ғимарат ішкі жарықтандыру, желдету, жылыту және күзет-өрт дабылымен жабдықталған.

2.2. 110/35/10кВ №145 «Каратон-2» (ПС) қосалқы станциясы модернизациясы, 3 кезең. 

Жоспар бойынша – 345 342 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 338 997 мың теңге, яғни 98%.

110/35/10кВ №145 «Каратон-2» қосалқы станциясы 3 кезеңі бойынша техникалық модернизация жүргізілді.

Подстанция 1986 жылы пайдалануға берілген. Ол Атырау облысы Жылыой ауданында, Теңіз вахталық кентінде, Құлсары қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан.

Үшінші кезең жабдығын жаңартуды, яғни ашық тарату құрылғысын (ОРУ)-35кВ ауыстыруды қамтиды.

Техникалық модернизация барысында 35кВ сыртқы қондырғыдағы майлы ажыратқыштар МВ-35кВ вакуумды ажыратқыштар типті ВВН-35кВ-ке ауыстырылды, оларда құймалы ток трансформаторлары, 35кВ ажыратқыштары, 35кВ кернеу трансформаторлары және 35кВ кернеуді шектеуіштер (ОПН-35кВ) орнатылды. Бұл шаралар тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырып, электр желілеріндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Электр энергиясын жеткізу сапасы жаңа электр жабдығының ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты болады.

3. 110кВ әуе желілері (ӘЖ) Л-108А «ПС «Каратон-1 – ПС Тенгиз-220» қосалқы станциясы модернизациясы

Жоспар бойынша – 555 638 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 571 699 мың теңге, яғни 103%. 

Жылыой ауданындағы ұзындығы 26,1 км болатын 110кВ Л-108А ӘЖ техникалық модернизациялау жүргізілуде. СК-22 типті тіректер, СЦ-22 тіректері, У110-1+5 типті тіректер, мырышпен қапталған жабындар орнатылды. 

Өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында АС-70мм² сымдар орнына АС-240мм² сымдар жүргізілді.

4. Атырау қаласы мен Атырау облысының Жылыой ауданында 0,4-6-10кВ физикалық тозған желілерді модернизациялау шаралары 

Жоспар бойынша – 340 666 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 334 660 мың теңге, яғни 98,2%. 

Атырау қаласында және Жылыой ауданында 2 трансформаторлық қосалқы станция (ТП)-10/6/0,4кВ және 3 сыртқы қондырғыға арналған жинақы трансформаторлық қосалқы станция (КТПН)-10/6/0,4кВ техникалық модернизациясы жүргізілді, жабдықтар ауыстырылып, өткізгіштік қабілеті арттырылды. 

Модернизация барысында ескі жабдықтар алынған, жаңа қала үлгісіндегі трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды, оларда қуатты трансформаторлар қолданылды, сонымен қатар жаңа жабдықтар толығымен орнатылды. 

Привокзальныйда трансформаторлық қосалқы станция (ТП)-267/2, Медиктер поселкесінде сыртқы қондырғыға арналған жинақы трансформаторлық қосалқы станция (КТПН) -656/7, Жылыой ауданында жабық трансформаторлық қосалқы станция (ЗТП) орнына сыртқы қондырғыға арналған жинақы трансформаторлық қосалқы станция (КТПН)-7/3 және сыртқы қондырғыға арналған жинақы трансформаторлық қосалқы станция (КТПН)-7/11 ауыстырылды. 

Құнанбаев көшесіндегі трансформаторлық қосалқы(ТП)-74/6 станциясының ғимараты бөлшектеліп, орнына блокты-модульді ғимарат орнатылды. Қуатты трансформаторлардың қуаты 2480кВА-дан 4460кВА-ға дейін артты, яғни 56%-ға, бұл перспективті электрлік жүктемелерді қосуға мүмкіндік береді.

2024-2025 жылдары Қалалық, Жылыой және Махамбет аудандық электр желілерінде 13 дана реклоузер орнатылды. 

            6/10 кВ әуе желілеріндегі зақымдалған учаскелерді автоматтандыру және локализациялау үшін қашықтан басқарылатын вакуумды реклоузорлер құрылғылары орнатылды. Бұл жабдықтың артықшылығы - зақымдалған аумақтарды жылдам оқшаулау және нәтижесінде электр желілеріндегі зақымдануды тез жою, сол арқылы аймақтарды бөлу арқылы электрмен жабдықтау үзілістерін екі есе азайту. Реклоузерлер желілердегі қысқа тұйықталулар кезінде әуе электр желісінің зақымдалған бөлігін ажыратуды қамтамасыз етеді.

            • Мобильді дизельдік генератор 550 Вт доңғалақ базасымен – 1 дана,

            • Кіріктірілген сплит жүйесі, конвектор, электр, өрт және күзет дабылы бар тұрғын үй контейнері – 4 дана,

            • Кабель тарту жабдықтары – 1 жинақ сатып алынды.

 

5. Арнайы автокөлік активтерін жаңарту шаралары 

Жоспар бойынша – 121 784 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 146 320 мың теңге, яғни 120%. 

Арнайы автокөлік активтерін жаңарту мақсатында жаңа техника сатып алынды:

ГАЗ шассиінде бұрғылау-краны бар көлік – 1 дана,

жол талғамайтын, бригадалық борты бар көліктер – 2 дана;

6 орындық борты бар «Соболь» автокөлігі – 1 дана,

10м3 вакуумдық цистерна – 1 дана,

 

6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары 

Жоспар бойынша – 5 200 мың теңге, нақты шығындар сома – 5 201 мың теңге, яғни 100%. 

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шараларының жоспарын жүзеге асыру аясында инвестициялық бағдарламаға сәйкес, климаттық құрылғылар, радиаторлар, термостатикалық клапандар, 30 дана жарықтандыру құралдары және энергия үнемдейтін шамдар сатып алынды.

 

7. Есептеу техникасы және байланыс құралдарын модернизациялау 

Жоспарлы сома – 6 012 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 6 454 мың теңге, немесе 107,3%.

2 дана өнеркәсіптік дрон және 1 дана кеңсе адаптері мен 5 дана путникт терминалы бар «Thyraya»  спутниктік жабдық жинағы сатып алынды.

 «Атырау Жарык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру – Атырау қаласы мен Атырау облысындағы энергетика саласының тұрақты жұмыс істеуі мен дамуы үшін қажетті шарт болып табылады. Негізгі құралдарды жаңарту жабдықтың ақауларынан туындаған тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ жабдықтардың техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

3) тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап «2024 жылғы 1 шілдеден 2029 жылғы 30 маусымға дейін кезеңдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Энергетика және минералдық ресурстарды реттеу жөніндегі мемлекеттік комитетінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 31-НҚ бұйрығына сәйкес «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының электр энергиясын берудің тарифтерін электр энергиясының реттеліп берілуін тарифтің ынталандырушы әдісін пайдалана отырып, бекіту туралы» тарифі бекітілді.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясын беру шығындары 9 639 759 мың теңгені құрады.

Жылдық жоспар бойынша 9 181 130 мың теңге көлемінде бекітілген шығындар, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 751 510 мың теңгені немесе 51,8%-ды құрады. 

            Бақыланатын шығындар бекітілген шығындарға сәйкес 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына 9 181 130 мың теңге жылдық жоспармен 4 429 620 теңгені құрады немесе 48,2% орындалды.

Бақылауға жатпайтын шығындар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы 4 717 769 мың теңге құрады, жылдық жоспар 7 577 249 мың теңге, яғни 62,3%. 

Амортизация 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 715 972 мың теңге құрады, жылдық жоспар 1 347 242 мың теңге. 

Әрбір бап бойынша барлық шығындар тарифтік сметаның рұқсат етілген ауытқулар шегінде жүзеге асырылды.

 

реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының мәліметтері

№ р/н

сапа және сенімділік көрсеткіштері

бірлік көрсеткіштері.

жоспар

ағымдағы жыл көрсеткіші

Сенімділік пен сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау

Сенімділік пен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмеу себептері (негіздемелері).

1

2

4

5

6

7

1

Жүйенің орташа үзіліс индексі (SAIFI) - бүкіл әлемде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс үзілістердің орташа жиілігі

жылына

бір тұтынушыға

шаққандағыыратулар

 саны

 

1,1

1,1

орындалды

 

2

Стандартты шығындар деңгейін төмендету (ағымдағы көрсеткіш 13,83%)

%

0,1

0,1

орындалды

 

3

Жүйенің орташа үзіліс ұзақтығының индексі (SAIDI) - бүкіл әлемде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспарланбаған үзілістердің орташа ұзақтығы

Жылына бір тұтынушыға шаққандағы үзілістердің сағаты, ұзақтығы

1,5

1,5

орындалды

 

4

Реттелетін қызметтер бойынша кәсіпорында инновациялық технологияларды енгізу

бірлік

1

1

орындалды

 

5

Негізгі құралдардың тозуының азаюы (ағымдағы көрсеткіш 67,35%)

%

0,05

0,05

орындалды

 

6

Жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау (қайта құру, жаңғырту, ауыстыру)

%

100

100

орындалды

 

7

Табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзу саны (ағымдағы көрсеткіш 0)

саны

0

0

орындалды

 

 

табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызмет бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында, «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген.

 

негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2025 жылдің бірінші жартыжылдығы дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 9 019 434 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесті деңгейінен   2 852 372 мың теңгеге артық. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет шығындары 9 639 759 мың теңгені құрады.

 

реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат:

            2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетудің жоспарланған көлемін орындамаған. Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі жоспарланған көлемнен -38 374 мың кВтсағ төмен және 905 566 мың кВтсағ құрайды.

            2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін электр жеткізу қызметтерінің көлемі -35 969 мың кВтсағ немесе 3,82%-ға азайды.

            Уәкілетті орган 01.07.2024 жылдан бастап 30.06.2025 жылға дейінгі кезеңге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі бойынша нормативтік техникалық ысыраптардың көлемін 317 693 мың кВт/сағ немесе беру көлемінің 13,83%-ы мөлшерінде бекітті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында нормативті ысыраптардың нақты көлемі 139 527 мың кВт/сағ құрады. Нормативтік ысыраптың нақты көлемі 296 392 мың кВт/сағ немесе 13,73% құрады.

            2024 жылдың бірінші жартыжылдығында және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметтерді тұтынушылар бөлігінде көрсетілген қызметтер көлемінің нақты көрсеткіштері келесі кестеде көрсетілген:

Тұтынушылар

2024 жылдың

I ж/ж

2025 жылдың I ж/ж

%

мың кВт.сағ

мың кВт.сағ

нақты

жоспар

нақты

айырмашылық

"Атырау Жарық" ЖШС электрэнергиясын сату үшін

895 924

916 865

879 639

-37 226

-4,1

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –

«Магистральдық желі дирекциясы»

9 939

10 175

9 753

-422

-4,1

 «KEGOC» АҚ БӨЭЖ филиалы

240

295

223

-72

-24,4

"АТЭЦ" АҚ

2 512

2 658

2 512

-146

-5,5

"КТЖ - Грузовые перевозки" ЖШС

1 079

1 417

1 072

-345

-24,3

"AB Energo" ЖШС

366

 

 

 

 

"КТК-К"АҚ

29 479

12 530

12 367

-163

-1,3

"West power system"ЖШС

1 996

 

 

 

 

Барлығы

941 535

943 940

905 566

-38 374

-4,1

            «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуды талдау нәтижесінде мыналар анықталды:

            «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің желілерінде Атырау облысындағы тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуы 35 969 мың кВтсағ төмендегені байқалады. (3,8%).

АЭК

Тұтынушылар тобының атауы

2024 жылдың 1ж/ж мың кВт.сағ.

2025

 жылдың 1ж/ж мың кВт.сағ.

айырмашылық

мың кВт.сағ

 

%

 

«АтырауЖарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Заңды тұлғалар

608 975

585 431

- 23 545

- 3,8%

Соның ішінде: Бюджет

 

48 329

 

53 797

 

5 468

 

11%

Халық

332 560

320 136

- 12 424

-3,7%

Барлығы

941 535

905 567

- 35 969

-3,8%

Талдау нәтижелері халық арасында да, заңды тұлғалар арасында да электр энергиясын тұтынудың төмендегенін көрсетеді.

Төмендеудің негізгі себептері:

Халық үшін: 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтынудың төмендеуі 2025 жылғы маусымда тіркелді. Бұл 2024 жылы сыртқы ауа температурасының жоғарылауы мамыр айында басталуымен байланысты, бұл сплит жүйелерді белсенді пайдалану есебінен электр желісіне жүктеменің артуына әкелді. 2025 жылы температураның жоғарылауы азырақ байқалды, бұл сәйкесінше электр энергиясын тұтынуды азайтты.

Заңды тұлғалар үшін: тұтыну көлемінің төмендеуі 2024 жылдың сәуір айында «КТК-К» акционерлік қоғамы жүзеге асырған Теңіз мұнай айдау станциясын «KEGOC» акционерлік қоғамының 220 кВ қосалқы станциясына ауыстырумен байланысты. Бұл техникалық өзгеріс бұрын «АтырауЖарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарату желілері арқылы өткен тұтыну көлемдеріне әсер етті.

            2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырауда барлығы 4 753 абонент тіркелген.

 

реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы: 

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.  

Есепті кезеңде жеке тұлғаларға (тұрғындарға) жалпы қуаттылығы 8 075,55 кВт болатын 1498 тұтынушыға техникалық шарттар берілді, ал заңды тұлғалар бойынша – жалпы қуаттылығы 368 210,359 кВт болатын 1 396 техникалық шарт берілді. 

Өтінімдерді қарау және техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уәкілетті орган бекіткен үлгілік шартқа сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасалған шарттар негізінде қызметтер көрсетті. 

Атырау облысындағы барлық тұтынушылармен барлығы 201 140 шарт жасалған, оның ішінде: 

- заңды тұлғалармен – 12 661 шарт, 

- жеке тұлғалармен – 188 479 шарт.

2025 жылдың 1 жартыжылдығында «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атына көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты 152 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 

- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз күйіне байланысты – 49 өтініш; 

- электр монтаж жұмыстарына байланысты – 43 өтініш; 

- электр желілері тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы балансына тиесілі – 28 өтініш; 

- электр желілері – өз бетімен салынған – 14 өтініш; 

- электр желілері пәтер иелерінің кооперативі (КСК) балансында – 18 өтініш.

Бірінші жартыжылдың ішінде келіп түскен барлық өтініштер бойынша жауаптар жолданып, белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

 «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығында жоспаранған төмендегі энергетика нысандары күрделі жөндеуден өткізілді:

кабельдік электр желілері (КЛ) -0,4/10 кВ – 1,2 км

Әуе электр желілері (ВЛ)-110 кВ – 86 км

Әуе электр желілері (ВЛ)-35 кВ – 105,4 км

Әуе электр желілері (ВЛ)-6/10 кВ – 10,951 км

Әуе электр желілері (ВЛ)-0,4 кВ – 18,22 км

Барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 202,351 км

Қосалқы станция (ПС)-35кВ және жоғары– 4 дана (бөлек элементтер)

Трансформаторлық қосалқы станция (ТП), жинақы трансформаторлық қосалқы станция (КТП), тарату пункті(РП) -10/0,4 кВ – 10 дана

            - Есепті кезеңде 2-дәрежелі технологиялық бұзушылықтар салдарынан 41 ақау орын алып:

- бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен ВЛ-110 кВ әуе желілерінде 4; ВЛ-35 кВ әуе желілерінде 3 ажырату болды.

- табиғат құбылыстарының әсерінен ВЛ-110 кВ әуе желілерінде 5; ВЛ-35 кВ әуе желілерінде 6 рет ажыратылды.

- жіктелмеген себептермен ВЛ-110 кВ әуе желілерінде 12; 35 кВ әуе желілерінде 11 үзіліс орын алды.

Әрбір технологиялық бұзушылық бойынша жабдықтар жүйелі түрде тексеріліп, электр желілері  мен май толтырылған жабдықтардағы май деңгейі тексерілді.

            Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI қабылданған халықаралық тәжірибе бойынша бағалау (бір тұтынушыға шаққандағы үзілістер ұзақтығының орташа көрсеткіші) 1,5 тең болды. SAIFI (бір тұтынушыға шаққандағы үзілістердің орташа саны) 1,1 құрайды.

                       

9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы

Ағымдағы 2025 жылға қойылған негізгі міндеттер:

Электр энергиясын беру қызметтерін орындау;

Инвестициялық бағдарламаны орындау;

Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі азайту;

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.