Электр энергиясын беру бойынша
реттеліп көрсетілетін қызметтің
2024 жылы ұсынылған қызметі
туралы тыңдаулар
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын «Атырау Жарық» ЖШС негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.
«Атырау Жарық» ЖШС құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:
• Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)
• Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)
• Мақат АЭЖ (Доссор к.)
• Индер АЭЖ (Индер к.)
• Исатай АЭЖ (Аққыстау а.)
• Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)
• Құрманғазы АЭЖ (Ганюшкин а.)
• Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)
ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» ЖШС Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.
01.01.2025ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 475 адамды құрады.
«Атырау Жарық» ЖШС 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясын беру қызметтерін ҚР ҰЭМ ТМРКД-нің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 33-НҚ бұйрығымен бекітілген, шығын әдісімен қалыптастырылған тариф бойынша көрсетті. 2024 жылдың 2 жартыжылдығында - 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге арналған, ынталандырушы тарифтік реттеу әдісі қолданылған реттелетін электр энергиясын беру қызметіне арналған тарифтер ҚР ҰЭМ ТМРКД-нің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 31-НҚ бұйрығына сәйкес қолданылды.
Жоғарыда айтылғанға байланысты 2) және 3) тармақтар бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат және бекітілген тарифтік сметаның есептік кезең ішіндегі баптар бойынша орындалуы туралы ақпарат 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін шығын әдісімен, ал 2024 жылдың екінші жартыжылдығы үшін ынталандырушы тарифтік реттеу әдісімен ұсынылатын болады.
2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат
«Атырау Жарық» ЖШС 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР ҰЭМ ТМРКД-нің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі № 68-НҚ бұйрығымен, Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө келісімімен бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындады. Сонымен қатар, 28.12.2023ж. ҚР ҰЭМ ТМРКД-нің № 103-НҚ бірлескен бұйрығымен және Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 28.12.2023ж. № 214-Ө түзетулері енгізілді.
Жоспарлы құны 609 071 мың теңге болғанда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты шығындар 482 091 мың теңгені немесе 79,2%-ды құрады.
1. 110/35/10-6кВ төмендеткіш станцияларын модернизациялау шаралары.
ПС-110/35/10кВ №145 «Қаратон-2» модернизациясы және реконструкциясы, 2 кезең.
Жоспар – 540 389 мың теңге, нақты шығындар – 419 995 мың теңге, немесе 77,7%.
Жылыой ауданында орналасқан 110/35/10кВ №145 «Қаратон-2» төмендеткіш станциясының КРУН-10кВ техникалық модернизациясы жүргізілді (2 кезең). Модернизациялаудың екінші кезеңі сыртқы қондырғыдағы жинақталған тарату құрылғысының (КРУН-10кВ) жабдығын 36 ұяшықты БМЗ-10кВ-ға ауыстыруды қамтиды. Блокты-модульді ғимарат зауытта дайындалған, біртұтас ғимарат ретінде монтаждау орнында біріктірілетін 4 тасымалданатын бетон блоктан тұрады. Бетон ғимарат ішкі жарықтандырумен, желдетумен, жылыту жүйесімен және күзет-өрт дабылымен жабдықталған.
2. Атырау қаласындағы 0,4-6-10кВ физикалық тозған желілерін модернизациялау шаралары.
Жоспар – 26 499 мың теңге, нақты шығындар – 22 185 мың теңге, немесе 83,7%.
Атырау қаласындағы 3 КТПН-10/6/0,4кВ техникалық модернизацияланды, жабдықтар ауыстырылды және өткізгіштік қабілеті арттырылды, ұзындығы 1,46 км ВЛ-0,4кВ сымдары СИПх70 сымына ауыстырылды, ұзындығы 0,82 км СИП 4х25 сымына ауыстырылды.
Ашық сымдарды өздігінен тірек болатын оқшауланған сымдарға (СИП) ауыстыру электр энергиясының техникалық шығындарын азайтуға, әуе желілерін ВЛ-0,4 кВ күтіп-ұстауға жұмсалатын пайдалану шығындарын төмендетуге, өткізгіштік қабілетін арттыруға және тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Күш трансформаторларының қуаты 660кВА-дан 1200кВА-ға дейін немесе 55%-ға артты, бұл оларға перспективті электр қуаттарын қосуға мүмкіндік береді.
3. Арнайы автокөлік активтерін модернизациялау шаралары.
Жоспар – 42 183 мың теңге, нақты шығындар – 39 911 мың теңге, немесе 94,6%.
Арнайы автокөлік активтерін модернизациялау мақсатында жаңа арнайы, климаттық жағдайларды ескере отырып, жол талғамайтын 1 дана экскаватор-тиегіш техника сатып алынды, ол кәсіпорынның энергетикалық объектілерінде эксплуатациялық, күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізу үшін қолданылады.
«Атырау Жарық» ЖШС 2024-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын 2024 жылдың 2 жартыжылдығында орындады, бұл бағдарлама 2024 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бекіткен № 27-НҚ бұйрығымен және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының келісіммен 2024 жылдың 7 маусымында бекітілген № 110-НҚ бұйрығымен, сондай-ақ 2025 жылдың 3 ақпанында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаменті және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бірлескен бұйрығы бойынша енгізілген түзетулермен жүзеге асырылды.
2024-2025 жылдарға арналған жоспарлы құны 2 070 896 мың теңге болса, келісімшарттар сомасы 1 890 976 мың теңгені құрады.
2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған шот-фактуралар сомасы 1 104 589 мың теңге болып шығарылды. Инвестициялық бағдарлама 2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейінгі реттеу кезеңіне бекітілгендіктен, «АтырауЖарық» ЖШС оны орындау үстінде.
- ЭКЕАЖ бойынша шаралар.
Жоспар бойынша – 146 357 мың теңге, іс жүзінде жұмсалған шығындар 146 357 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Жоғарғы деңгейдегі ЭКЕАЖ енгізу, УСПД құрылғыларын монтаждау және реттеу – 20 360 мың теңге;
Орта деңгейдегі ЭКЕАЖ енгізу, Атырау қаласындағы ТП және КТП (475 есептеу құрылғысы) бойынша – 125 994 мың теңге.
2. 110/35/10-6кВ төмендету подстанцияларын модернизациялау шаралары.
Жоспар бойынша – 895 239 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 850 865 мың теңге, яғни 95%.
2.1. ПС 110/10кВ №100 «Алипов К.» модернизациясы
Жоспар бойынша – 549 897 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 517 670 мың теңге, яғни 94%.
2024-2025 жылдары Атырау қаласында орналасқан 110/10кВ №100 «Алипов К.» төмендету подстанциясының КРУН-10кВ техникалық модернизациясы жүргізілді. Модернизация КРУН-10кВ жабдығын ауыстыруды қамтиды.
2.2. 110/35/10кВ №145 «Каратон-2» ПС модернизациясы, 3 кезең.
Жоспар бойынша – 345 342 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 333 195 мың теңге, яғни 96,5%.
110/35/10кВ №145 «Каратон-2» ПС 3 кезеңі бойынша техникалық модернизация жүргізілді.
Үшінші кезең жабдығын жаңартуды, яғни ОРУ-35кВ ауыстыруды қамтиды.
3. 110кВ ӘЖ Л-108А «ПС «Каратон-1 – ПС Тенгиз-220» модернизациясы
Жоспар бойынша – 555 638 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 555 638 мың теңге, яғни 100%.
Жылыой ауданындағы ұзындығы 26,1 км болатын 110кВ Л-108А ӘЖ техникалық модернизациялау жүргізілуде. СК-22 типті тіректер, СЦ-22 тіректері, У110-1+5 типті тіректер, мырышпен қапталған жабындар орнатылды.
4. Атырау қаласы мен Атырау облысының Жылыой ауданында 0,4-6-10кВ физикалық тозған желілерді модернизациялау шаралары
Жоспар бойынша – 340 666 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 230 698 мың теңге, яғни 67,7%.
Атырау қаласында және Жылыой ауданында 2 ТП-10/6/0,4кВ және 3 КТПН-10/6/0,4кВ техникалық модернизациясы жүргізілді, жабдықтар ауыстырылып, өткізгіштік қабілеті арттырылды.
Модернизация барысында ескі жабдықтар алынған, жаңа қала үлгісіндегі трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды, оларда қуатты трансформаторлар қолданылды, сонымен қатар жаңа жабдықтар толығымен орнатылды.
Привокзальныйда ТП-267/2, Медиктер поселкесінде КТПН-656/7, Жылыой ауданында ЗТП орнына КТПН-7/3 және КТПН-7/11 ауыстырылды.
Құнанбаев көшесіндегі ТП-74/6 станциясының ғимараты бөлшектеліп, орнына блокты-модульді ғимарат орнатылды. Қуатты трансформаторлардың қуаты 2480кВА-дан 4460кВА-ға дейін артты, яғни 56%-ға, бұл перспективті электрлік жүктемелерді қосуға мүмкіндік береді.
2024-2025 жылдары Қалалық, Жылыой және Махамбет АЭЖ-нде 13 дана реклоузер орнату жоспарлануда.
550Вт дизельді жылжымалы генератор, тұрғын контейнерлер және кабель тартуға арналған жабдықтар сатып алынды.
5. Арнайы автокөлік активтерін жаңарту шаралары
Жоспар бойынша – 121 784 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 102 420 мың теңге, яғни 84%.
Арнайы автокөлік техникасын жаңарту мақсатында жаңа арнайы автокөлік сатып алынды:
- Газ шассиінде орнатылған бұрғылау-кранды машина – 1 дана
- Жол талғамайтын, климаттық жағдайларға бейімделген бригадалық бортты көлік – 2 дана, бұл техникалар кәсіпорынның энергетикалық объектілеріндегі жөндеу жұмыстарына арналған.
1 дана «Соболь» бортты машинасы (6 орындық) және 1 дана 10 м³ көлеміндегі вакуумды цистерна сатып алынды.
6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары
Жоспар бойынша – 5 200 мың теңге, жасалған келісім-шарттар бойынша нақты сома – 4 998 мың теңге, яғни 96%.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шараларының жоспарын жүзеге асыру аясында инвестициялық бағдарламаға сәйкес, климаттық құрылғылар, радиаторлар, термостатикалық клапандар, 30 дана жарықтандыру құралдары және энергия үнемдейтін шамдар сатып алынды.
7. Есептеу техникасы және байланыс құралдарын модернизациялау
Жоспарлы сома – 6 012 мың теңге.
2 дана өнеркәсіптік дрон және 1 дана кеңсе адаптері мен 5 дана путникт терминалы бар «Thyraya» спутниктік жабдық жинағын сатып алу бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде.
3) тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы
2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тарифтік сметаның орындалысы туралы өз есептерін келесі жылдың 1-мамырына ұсынады, сондықтан да бүгін алдын-ала есепті мәліметтерге сай шығындар бойынша ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Атырау Жарық» ЖШС бойынша 2024 жылдың 1-жартыжылдығында электр энергиясын беру шығындары 8 829 556 мың теңгені құрады.
2024 жылдың 1-жартыжылдығында өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары 8 422 544 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.
2024 жылдың 1-жартыжылдығындағы жалпы және әкімшілік шығындар 407 014 мың теңгені құрады. Барлық шығындар рұқсат етілетін шекте жүргізілді.
2024 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша
Жылдық жоспар бойынша 9 181 130 мың теңге көлемінде бекітілген шығындар, 2024 жылдың екінші жартыжылдығында 4 751 510 мың теңгені немесе 51,8%-ды құрады.
Бақылауға жатпайтын шығындар 2024 жылдың екінші жартыжылдығында жалпы 4 325 020 мың теңге құрады, жылдық жоспар 7 577 249 мың теңге, яғни 57,08%.
Амортизация 2024 жылдың екінші жартыжылдығында 636 285 мың теңге құрады, жылдық жоспар 1 347 242 мың теңге.
Әрбір бап бойынша барлық шығындар тарифтік сметаның рұқсат етілген ауытқулар шегінде жүзеге асырылды.
4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы
Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2024 жылдың 1-жартыжылдығына бекітілмеді.
2024 жылдың 2 жарты жылдығының мәліметтері
5) табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы
Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызмет бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында, тариф пен тарифтік сметаны шығындар әдісімен бекіткен кезде, «Атырау Жарық» ЖШС қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген.
6) негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы
Қоғамның кірісі мен шығыны туралы 2024 жылға дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 15 667 628 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесті деңгейінен 3 016 389 мың теңгеге немесе 23,8 пайызға артық. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет шығындары 18 316 572 мың теңгені құрады.
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат:
2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылы электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызмет көлемі 1 895 408 мың кВт/сағ. құрап, 82 969 мың кВт/сағатқа азайды.
Тарифтік сметада бекітілген жоспарланған көлеммен 2 036 553 мың кВт/сағ. салыстырғанда, көрсетілген қызметтердің орындалмау көлемі 141 145 мың кВт/сағ. немесе 6,9% құрады.
Уәкілетті орган 2024 жылға нормативтік техникалық шығындар көлемін 307 670 мың кВт/сағ. мөлшерінде бекіткен болатын — 1-ші жартыжылдыққа 153 835 мың кВт/сағ., ынталандырушы әдісі бойынша 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге – 317 693 мың кВт/сағ, оның ішінде 2024 жылдың 2-ші жартыжылдығына – 175 682 мың кВт/сағ., нақты техникалық шығындар көлемі 368 649 мың кВт/сағ. құрады.
Атырау облысындағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын беру көлемдерінің талдауы төмендегідей көрініс табады:
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
айырмашылық |
% салыстырмалы |
|
мың кВт/сағат |
мың кВт/сағат |
мың кВт/сағат |
|||
«Атырау Энергосату» ЖШС |
1 839 012 |
1 824 831 |
-14 181 |
-0,8 |
|
750 кВА жоғары өнеркәсіптік тұтынушылар |
435 600 |
411 177 |
-24 423 |
-5,6 |
|
750 кВА дейінгі өнеркәсіптік тұтынушылар |
292 357 |
273 641 |
-18 716 |
-6,4 |
|
Өнеркәсіптік емес тұтынушылар |
329 518 |
348 832 |
19 314 |
5,9 |
|
Бюджеттік ұйымдар |
91 733 |
99 536 |
7 803 |
8,5 |
|
Өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы тұтынушылары |
21 425 |
15 896 |
-5 529 |
-25,8 |
|
Тұрғындар |
668 379 |
675 749 |
7 370 |
1,1 |
|
«Қазақстан темір жолы» АҚ - Дирекция магистральной сети |
19 330 |
19 938 |
608 |
3,1 |
|
«KEGOC» БЖЭТ филиалы |
897 |
489 |
-408 |
-45,5 |
|
"АЖЭО" АҚ |
4 745 |
5 094 |
349 |
7,4 |
|
"КТЖ-Грузовые перевозки" - Батыс" ЖШС филиалы |
1 863 |
1 911 |
48 |
2,6 |
|
ЧК "Smart Lab LTD" |
36 061 |
-36 061 |
-100,0 |
||
ЧК "Netlogic LTD" |
45 878 |
-45 878 |
-100,0 |
||
"AB Energo" (АБ Энерго) ЖШС |
902 |
366 |
-536 |
-59,4 |
|
«КТК-К» АҚ |
29 689 |
40 783 |
11 094 |
37,4 |
|
«West power system» ЖШС |
1996 |
1 996 |
|||
Барлығы |
1 978 377 |
1 895 408 |
-82 969 |
4,19 |
Осылайша, жалпы алғанда, 2024 жылы өткен жылмен (2023 ж.) салыстырғанда электр энергиясын тұтыну 82 969 мың кВт/сағ. немесе 4,19% төмендегені байқалады.
2024 жылы Атырау қаласы бойынша барлығы 8 973 жаңа абонент есепке алынды.
8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы:
Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде жеке тұлғаларға (тұрғындарға) жалпы қуаттылығы 19 357,15 кВт болатын 3 524 тұтынушыға техникалық шарттар берілді, ал заңды тұлғалар бойынша – жалпы қуаттылығы 781 080 кВт болатын 2 554 техникалық шарт берілді.
Өтінімдерді қарау және техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.
Есепті кезеңде «Атырау Жарық» ЖШС уәкілетті орган бекіткен үлгілік шартқа сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасалған шарттар негізінде қызметтер көрсетті.
Атырау облысындағы барлық тұтынушылармен барлығы 199 453 шарт жасалған, оның ішінде:
- заңды тұлғалармен – 12 623 шарт,
- жеке тұлғалармен – 186 830 шарт.
2024 жылы «Атырау Жарық» ЖШС-нің атына көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты 134 өтініш келіп түсті. Оның ішінде:
- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз күйіне байланысты – 38 өтініш;
- электр монтаж жұмыстарына байланысты – 41 өтініш;
- электр желілері ТКШ балансына тиесілі – 26 өтініш;
- электр желілері – өз бетімен салынған – 15 өтініш;
- электр желілері ПИК балансында – 14 өтініш.
Жыл ішінде келіп түскен барлық өтініштер бойынша жауаптар жолданып, белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.
«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мен «Атырау Жарық» ЖШС ҚАЭЖ арасында бекітілген және келісілген тізімге сай Атырау қаласын электр энергиясымен тұрақты және сенімді жабдықтау үшін Атырау қаласы әкімдігінің «Кернеуі төмен тұрғын үй массивтерінде 30 КТПнг-630 кВА орнату» бағдарламасына сәйкес КТПНг-630кВА орнату жұмыстары аяқталды.
«Атырау Жарық» ЖШС бойынша 2024 жылға жоспаранған төмендегі энергетика нысандары күрделі жөндеуден өткізілді:
- ВЛ-110 кВ – 3329,1 км
- ВЛ-35 кВ – 65,3 км
- ВЛ-6/10 кВ – 238,089 км
- ВЛ-0,4 кВ – 117,535 км
- КЛ-0,4/10 кВ – 1,745 км
- ПС-35/110 кВ – 14 дана (бөлек элементтер)
- ТП, КТП-6-10/0,4 кВ – 76 дана
- МВ-6-10 кВ – 20 дана
- 25/630 кВА қуат трансформаторлары – 30 дана.
«Атырау қаласы бойынша ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 31.12.2024ж. жағдай бойынша 41,36 шақырымды құрайды
Есепті кезеңде 2-дәрежелі технологиялық бұзушылықтар салдарынан 56 ақау орын алып:
- бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен ВЛ-110 кВ желілерінде 5; ВЛ-35 кВ әуе желілерінде 9 ажырату болды.
- табиғат құбылыстарының әсерінен ВЛ-110 кВ желілерінде 18; ВЛ-35 кВ әуе желілерінде 3; ВЛ-6/10 кВ бойында 1 рет ажыратылды.
- жіктелмеген себептермен ВЛ-110 кВ желілерінде 11; 35 кВ әуе желілерінде 9 үзіліс орын алды.
Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI қабылданған халықаралық тәжірибе бойынша бағалау (бір тұтынушыға шаққандағы үзілістер ұзақтығының 2024ж. орташа көрсеткіші) 1,0 тең болды. SAIFI (бір тұтынушыға шаққандағы үзілістер 2024ж. орташа көрсеткіші) 0.8 тең болды.
9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы
Ағымдағы 2025 жылға қойылған негізгі міндеттер:
· Электр энергиясын беру қызметтерін орындау;
· Инвестициялық бағдарламаны орындау;
· Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,12 пайызға азайту;
· Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.