«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:

 

1)    Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

        Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)

        Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)

        Мақат АЭЖ (Доссор к.)

        Индер АЭЖ (Индер к.)

        Исатай АЭЖ (Аққыстау а.)

        Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)

        Құрманғазы АЭЖ (Ганюшкин а.)

        Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

         01.07.2024ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 416 адамды құрады.

 

2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

 «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө бұйрығымен келісімделген 2024 жылдың инвестициялық бағдарламасын  орындауда.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы     электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады. 

Жоспарлы құны 609 071 мың теңге болса, 2024 жылдың 1-жартыжылдығына 474 281 мың теңгеге шарттар жасалды.

 

1.                  110/35/10-6 кВ станцияларын модернизациялау жөніндегі іс-шаралар.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы 110/35/10 кВ № 145 «Қаратон-2» (2 саты) станциясын техникалық модернизациялау жұмыстары жоспарланып, тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізушілер анықталды, материалдарды жеткізу шарттары жасалып, жұмыс жобасы жасақталды. Модернизацияның екінші сатысына КРУН-10 кВ жабдықтарын жаңарту жұмыстары кіреді.

Бұрын бекітілген Инвестициялық бағдарламада 110/35/10 кВ №145 «Қаратон-2» қосалқы стансасындағы іс-шаралар құны 890 017 мың теңгені құрады. Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісіне көшуге байланысты Инвестициялық бағдарламаның жобасы 01.07.2024-30.06.2029 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 27-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 110-НК бұйрығымен келісімделген.

Осылайша, 110/35/10 «Қаратон-2» қосалқы станциясын жаңғырту 2 және 3 кезеңдерге бөлінеді:

• 2 кезең – КРУН-10 кВ ауыстыру 2024 жылдың 1 жартыжылдығында. 540 389 мың теңге сомасында.

• 3-кезең – сыртқы тарату құрылғыларын ауыстыру 35 кВ 07.01.2024-07.01.2025. 349 628 мың теңге сомасында

1 жартыжылдықта Атырау қаласы мен Атырау облысында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Қаратон-2» қосалқы станциясына CRV жабдықтарын жеткізу кешіктірілді. Ағымдағы жылдың тамыз айында күтілуде, содан кейін шараны жүзеге асыру жұмыстары басталады.

2.                  Атырау қаласындағы тозығы жеткен 0,4-6-10 кВ желілерін модернизациялау жөніндегі іс-шаралар.

Атырау қаласындағы 3 КТП-10/6/0,4 кВ нысанын модернизациялау жұмыстары жоспарланып, ВЛ-0,4 кВ желілерінің сымдары СИП түріне ауыстырылады.

Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізушілер анықталды, келісім шарттары жасалып, құрал-жабдықтар мен материалдар жеткізілді. Модернизация жұмыстары нәтижесінде КТП трансформаторларының қуаты артып, оларға перспективалы электр желілерін қосуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ескі КТПН-96/22 (98/2), КТПН-329/16, КТПН-96/24 (98/25)   нысандары бұзылып, жаңа қондырғылар орнатылуда.

3.  Арнайы автокөліктерді жаңарту бойынша іс-шаралар.

       Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізуші анықталды, келісім шарты жасалып, бір экскаватор-погрузчик құралы сатып алынды.

3) тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тарифтік сметаның орындалысы туралы өз есептерін келесі жылдың 1-мамырына ұсынады, сондықтан да бүгін алдын-ала есепті мәліметтерге сай шығындар бойынша ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2024 жылдың 1-жартыжылдығында электр энергиясын беру шығындары 8 882 507 мың теңгені құрады.

2024 жылдың 1-жартыжылдығында өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары 8 482 713 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.

2024 жылдың 1-жартыжылдығындағы жалпы және әкімшілік шығындар 399 793 мың теңгені құрады. Барлық шығындар рұқсат етілетін шекте жүргізілді.

4)    реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2024 жылдың 1-жартыжылдығына бекітілмеді.

5)  табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметінің тиімділік көрсеткіштері 2024 жылдың 1-жартыжылдығына бекітілмеді. 

6)    негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2024 жылдың 1-жартыжылдығында дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 6 167 056 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесті деңгейінен   44 943 мың теңгеге немесе 0,73 пайызға артық. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет шығындары 8 882 507 мың теңгені құрады.

 

7)    Есепті кезеңде ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы:

 «Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2023 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 941 535 мың кВт/сағатты құрап, 85 830 мың кВт/сағатқа немесе 8,35% азайды.

8)                 реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы: 

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.  

2024 жылдың 1-жартыжылдығында берілген техникалық шарттар:

-         жеке тұлғалар бойынша (тұрғындар) – 1 428 тұтынушыға

-         сомалық қуаты – 7 956,05 кВт

-         заңды тұлғалар бойынша – 1 271 тұтынушыға

-         сомалық қуаты 464 044,894 кВт.

ТШ беру және өтініштерін қарау мерзіміне байланысты бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» АҚ уәкілетті орган бекіткен үлгілік шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес қызметтерді көрсетті. Атырау облысының барлық тұтынушыларымен барлығы 197 378 шарт жасалған, оның ішінде заңды тұлғалармен 12 405, жеке тұлғалармен 184 973 шарт жасалған.

2024 жылдың 1-жартыжылдығында  «Атырау Жарық» АҚ-ның атына қызмет сапасы бойынша 72 арыз түсті. Оның ішінде:

-         электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 21,

-         электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 23,

-         ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 11,

-         өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 9,

-         ПИК балансындағы электр желілері бойынша 8.

Бірінші жарты жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мен «Атырау Жарық» АҚ ҚАЭЖ арасында бекітілген және келісілген тізімге сай Атырау қаласын электр энергиясымен тұрақты және сенімді жабдықтау үшін Атырау қаласы әкімдігінің «Кернеуі төмен тұрғын үй массивтерінде 30 КТПнг-630 кВА орнату» бағдарламасына сәйкес қазіргі таңда КТПНг-630кВА орнату жұмыстары жүргізілуде.

01.07.2024ж. жағдай бойынша «Атырау Жарық» АҚ төмендегі энергетика нысандарын күрделі жөндеуден өткізді:

-         КЛ-0,4/10 кВ – 0,49 км

-         ВЛ-110 кВ – 36,32 км

-         ВЛ-35 кВ – 27,1 км

-         ВЛ-6/10 кВ – 15, 7 км

-         ВЛ-0,4 кВ – 18,22 км

-         барлығы ВЛ-0,4-110 кВ – 97,34 км

-         ПС-35 кВ және одан жоғары 4 дана (бөлек элементтер)

-         ТП, КТП, РП-10/0,4 кВ – 21дана.

Ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 01.07.2024ж. жағдай бойынша 18,22 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасатын болады.

 

Есепті кезеңде 2-дәрежелі технологиялық бұзушылықтар салдарынан 26 ақау орын алып:

- бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен ВЛ-110 кВ желілерінде 2, ВЛ-35 кВ әуе желілерінде 5 ажырату болды.

- табиғат құбылыстарының әсерінен ВЛ-110 кВ әуе желісінде 10, 35 кВ желісінде 1 рет, 6/10 кВ әуе желілерінде 1 рет ажыратылды.

- жіктелмеген себептермен ВЛ-110 кВ желілерінде 4, 35 кВ әуе желілерінде 3 үзіліс орын алды.

Әрбір технологиялық бұзушылық бойынша жабдықтар жүйелі түрде тексеріліп, электр желілері  мен май толтырылған жабдықтардағы май деңгейі тексерілді.

Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. 
SAIDI қабылданған халықаралық тәжірибе бойынша бағалау
(бір тұтынушыға шаққандағы үзілістер ұзақтығының бірінші жартыжылдықтағы орташа көрсеткіші) 1,5 тең болды.

SAIFI (бірінші жартыжылдықтағы бір тұтынушының орташа үзілістері) 1,1 құрайды.

     

9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы

Ағымдағы 2024 жылға қойылған негізгі міндеттер:

·              Электр энергиясын беру қызметтерін орындау;

·              Инвестициялық бағдарламаны орындау;

·              Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі азайту;

·              Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.