Электр энергиясын беру бойынша

реттеліп көрсетілетін қызметтің

2023 жылдың 1-жарты жылдығында

ұсынылған қызметі бойынша

тыңдаулар

 

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:

  • табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

  • Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)
  • Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)
  • Мақат АЭЖ (Доссор к.)
  • Индер АЭЖ (Индер к.)
  • Исатай АЭЖ (Аққыстау к.)
  • Махамбет АЭЖ (Махамбет к.)
  • Құрманғазы АЭЖ (Ганюшкин к.)
  • Қызылқоға АЭЖ (Миялы к.)

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

         01.07.2023ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 359 адамды құрады.

 

2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

 «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө бұйрығымен келісімделген 2023 жылдың инвестициялық бағдарламасын  орындауда.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы   –  электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады. 

Инвестициялық бағдарламаның жоспарлы құны 1 317 020 мың теңге. 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 617 899 мың теңгенің шарты жасалды.

  1. 110/35/10-6кВ қосалқы станцияларын модернизациялау бойынша іс-шаралар.

Атырау облысының Жылыой ауданындағы № 145 «Қаратон-2» қосалқы станциясын модернизациялау бойынша тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізушілер анықталды, материалдарды жеткізу шарттары жасалып, жұмыс жобасы жасақталды. Модернизациялау жұмыстарының бірінші кезеңінде ОРУ-110кВ жабдықтары ауыстырылады.  

  1. Атырау қаласындағы тозығы жеткен 0,4-6-10кВ желілерін модернизациялау жөніндегі іс-шаралар.

Атырау қаласындағы 0,4-6-10кВ тозығы жеткен желілерді модернизациялау шаралары. Жабдықтарды ауыстыру және өткізу қабілеттілігін арттыра отырып, Атырау қаласындағы 4 ТП-10/6/0,4кВ және 8 КТПнг-10/6/0,4кВ нысандарын модернизациялау жоспарлануда. Тендерлік процедуралар жүргізілуде, жеткізушілер анықталды, жабдықтар мен материалдар сатып алынуда. Материалдар мен жабдықтар жеткізіле бастады. Реконструкция жұмыстары барысында ТП және КТП трансформаторларының қуаты артады, бұл оларға перспективалы электр қуатын қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Привокзальный шағын ауданындағы  ТП-10 / 0,4 кВ -267/1 трансформаторлық стансасының ескі ғимараты бөлшектеніп, жаңа ғимарат  құрылысы аяқталды, электр жабдықтарын монтаждау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ Привокзальный 3а ықшам ауданы мекенжайында орналасқан РП-8-ден ТП-10/0,4кВ-267/1 нысанында бүгінгі күні трансформаторлық қосалқы станса ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

ТП-10/0,4 кВ № 264/2-де қазіргі уақытта ескі ғимаратты бөлшектеу жұмыстары  жүргізілуде.

  1. Арнайы автокөліктерді жаңарту бойынша іс-шаралар.

Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізуші анықталып, келісім-шарт жасалып, Камаз 27т-1 бірлік шассиіндегі автокран сатып алынды.

Сондай-ақ, бортты ГАЗ фургон-шеберханасын сатып алуға келісім-шарт жасалып, арнайы техниканы жеткізу күтілуде.

  1. Аварияларға қарсы диагностика мен РҚА модернизациялау шаралары.

Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізуші анықталды, келісімшарт жасалып, «АНГИСТРЕМ-3» электртехникалық зертханасы сатып алынды.

 

  1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары.

Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға жарықтандыру және жылу жүйелерін модернизациялау, терезе кондиционерлерін климаттық қондырғыларға ауыстыру шаралары кіреді.

Тендерлік процедуралар жүріп жатыр.

 

  • тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тарифтік сметаның орындалысы туралы өз есептерін келесі жылдың 1-мамырына ұсынады, сондықтан да бүгін алдын-ала есепті мәліметтерге сай шығындар бойынша ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2023 жылдың 1-жартыжылдығында электр энергиясын беру шығындары 5 895 148 мың теңгені құрады.

2023 жылдың 1-жартыжылдығында өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары 5 528 838 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.

2023 жылдың 1-жартыжылдығында жалпы және әкімшілік шығындары 366 309 мың теңгені құрады. Барлық шығындар рұқсат етілген шекте жүргізілді.

  • реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2023 жылға бекітілмеді.

  • табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2023 жылға бекітілмеді. 

  • негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2023 жылдың 1-жартыжылдығында дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 6 122 113 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесті деңгейінен   945 189 мың теңгеге немесе 18,26 пайызға артық. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар 5 895 148 мың теңгені құрады.

Қоғамның жұмысының реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы пайдасы толығымен амортизациясымен қоса  алғанда  2023 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалды. 

  • Есепті кезеңде ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы:

«Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2023 жылдың 1-жартыжылдығында  1 153 184 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2022 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 10,17% ұлғайды.

2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы нақты шығын көлемі бекітілген көлемнен аспады. 2022 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 1 027 365 мың кВт/сағатты құрады, яғни 120 724 мың кВт/сағатқа немесе 13,32% ұлғайды.

  • реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы:

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.  

2023 жылдың 1-жартыжылдығында берілген техникалық шарттар:

  • жеке тұлғалар бойынша (тұрғындар) – 1 557 тұтынушыға
  • сомалық қуаты – 9 206,1 кВт
  • заңды тұлғалар бойынша – 1 420 тұтынушыға
  • сомалық қуаты 218 706,41 кВт.

ТШ беру және өтініштерін қарау мерзіміне байланысты бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» АҚ уәкілетті орган бекіткен үлгілік шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес қызметтерді көрсетті. Атырау облысының барлық тұтынушыларымен барлығы 192 211 шарт жасалған, оның ішінде заңды тұлғалармен 12 024, жеке тұлғалармен 180 187 шарт жасалған.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында  «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 78 арыз түскен. Оның ішінде:

  • электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 14,
  • электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 22,
  • ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 23,
  • өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 8,
  • ПИК балансындағы электр желілері бойынша 11.

Бірінші жарты жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.

 

Есепті кезеңдегі технологиялық ауытқулар – 2-дәрежелі бас тарту саны 27, оның ішінде:

- бөгде тұлғалар мен ұйымдардың әсерінен, оның ішінде ВЛ-110 кВ желісінде 16 рет ажырату, ВЛ-35 кВ желілерінде 1 рет ажырату.

- стихиялық құбылыстар әсерінен, оның ішінде ВЛ-110 кВ желісінде – 2 рет ажырату, ВЛ-35 кВ желісінде 4 рет ажырату оқиғасы тіркелді.

- жіктелмеген себептермен, оның ішінде ВЛ-110 кВ желілерінде 4 рет үзіліс болды.

Әрбір технологиялық бұзушылық бойынша жабдықтар жүйелі түрде тексеріліп, электр желілері тексеріліп, май толтырылған жабдықтағы май деңгейі тексерілді.

Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI қабылданған халықаралық тәжірибе бойынша бағалау (бір тұтынушыға шаққандағы үзілістер ұзақтығының бірінші жартыжылдықтағы орташа көрсеткіші) 0,2 құрайды. SAIFI (бірінші жартыжылдықта бір тұтынушыға шаққандағы үзілістердің орташа саны) 1,6 құрайды.

     

9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы

Ағымдағы 2023 жылға қойылған негізгі міндеттер:

  • Электр энергиясын беру қызметтерін орындау;
  • Сомасы 1 317 020 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
  • Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,05% азайту;
  • Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.