«Атырау Жарық» акционерлік қоғамы  ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабының 6-тармағын орындау мақсатында назарларыңызға субъектінің электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінің 2020 жылдың 1-жартыжылдығына арналған есебін ұсынады.   

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпараттарды қамтиды:

  • табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар.

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

         01.07.2020ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 399 адамды құрады.    

2)       бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы:

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісімдеп 2015 жылғы 20 тамыздағы № 123-НҚ бұйрығымен бекітілген, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 25.12.19ж. № 42-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 30.12.19ж. № 215-ө бірлескен бұйрықтарымен  түзетулер енгізілген  2020 жылдың инвестициялық бағдарламасын  жүзеге асыруда.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы   –  электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады.  

Жоспарлы құны 1 149 411 мың теңге болса, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына 947 133 мың теңгеге келісім-шарттар жасалды.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін төмендететін қосалқы станциялардың, ТП, КТП станцияларының негізгі жабдықтарын өндіруші ел - Ресей болып табылады. Жаһандық пандемияға және ағымдағы жылдың көктемінде жаңа COVID-19 коронавирусының таралуын шектеу үшін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ барлық көршілес ТМД елдерінде (Ресей Федерациясын қоса алғанда), шекаралар жабылып және қашықтан жұмыс жасалғандықтан материалдар мен жабдықтарды жеткізу шаралары уақытша тоқтатылды.

  • ЭКЕАЖ енгізу бойынша іс-шаралар.

Инвестициялық бағдарламаға сәйкес, тұрмыстық тұтынушыларға орнату мақсатында 3000 дана көлеміндегі «Аспан» бір фазалы есептегіштері мен 50 концентратор сатып алу бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде.

ЭКЕАЖ электр желілері арқылы берілетін және тұтынушыларға жіберілетін электр энергиясының көлемін дәл және жылдам анықтауға (тәуліктік, аймақтық немесе басқа тарифтерді ескере отырып), оны беру және тарату кезіндегі электр энергиясының шығынына уақытылы әрекет етуге және электр энергиясын есепке алудың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  • Нормативтік шығындарды азайту бойынша іс-шаралар.

Тендерлік рәсімдер өткізілді, жеткізушілер анықталды, Атырау облысы Құрманғазы ауданы № 69 «Ганюшкин» (1-кезең) 110/35/10 кВ және Атырау қаласындағы 35/6 кВ № 20 «Автоколонна» төмендететін қосалқы станцияларын модернизацияла жұмыстарын жобалау және жабдықтар мен материалдарды жеткізу келісім-шарттары жасалды. «Ганюшкин» қосалқы станциясын реконстукциялаудың бірінші кезеңі 35 кВ және КРУН-10 кВ негізгі жабдықтарын ауыстыруды қамтиды.

Сондай-ақ «ПС № 13-ПС № 1» (2,5км) модернизациялау бойынша жабдықтар мен материалдар жеткізу және жобалау келісім-шарттары жасалды. 3 УС110-5 тіреуі жаңартылып, AC-95мм² сымы AC-240мм² түріне ауыстырылады.

Атырау қаласындағы 7 дана ТП/КТП-10/6/0,4кВ нысандарын модернизациялау жұмысы жоспарланып отыр. Трансформаторлардың қуаты 4 730кВА көлемінен 7 170кВА дейін, немесе 52% артып, оларға перспективалы электр қуатын қосуға мүмкіндік беретін болады.

3) бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тарифтік сметаның орындалысы туралы өз есептерін келесі жылдың 1-інші мамырына ұсынады, сондықтан да бүгін алдын-ала есептеулі мәліметтерге сай шығындар бойынша ақпаратты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2020 жылдың 1-жартыжылдығында электр энергиясын беру шығындары 3 856 951 мың теңгені құрады.

Сметаның бөлімдері мен бөлек баптары бойынша түсіндірме ұсынамын. 

2020 жылдың 1-жартыжылдығындағы өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары 3 599 304 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.

2020 жылдың 1-жартыжылдығындағы жалпы және әкімшілік шығындары 257 647 мың теңгені құрады. Барлық шығындар жол берілетін шекте жүргізілді.

4)       реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы:

2020 жылға арналған электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері  бекітілмеді.

5)       табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы:

2020 жылға арналған электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері бекітілмеді.

 6)      қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат: 

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2020 жылдың 1-жартыжылдығы үшін  дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 4 655 107 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың 1-жартыжылдығы деңгейінен   395 425 мың теңгеге төмен немесе 7,9 пайызға аз. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындары 3 856 951 мың теңгені құрады.

Қоғамның жұмысының реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы пайдасы толығымен амортизациясымен қоса  алғанда,  2020 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалды.

7)       ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат:

2020 жылдың 1-жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 1 080 786 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2019 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 9% азайды. 2020 жылдың 1-жартыжылдығындағы нақты шығын көлемі 11,56% құрады. 2019 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 955 874 мың кВт/сағатты құрады, яғни 106 928 мың кВт/сағатқа немесе 10,06% азайды.

Қызметті тұтынушылар бөлігінде 2019 және 2020 жылдардың 1-жартыжылдықтарында көрсетілген қызмет көлемдерінің нақты көрсеткіштері мына таблицада берілген:

тұтынушылар

2019 жылдың 1-жартыжылдығы

 

2020 жылдың 1-жартыжылдығы

айырмашылық

%

факт

мың кВт/сағ

жоспар

факт

мың кВт/сағ

   

«АтырауЭнергосату» ЖШС

1 056 980

1 056 946

949 787

-107 159

-10

Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ – Магистральды желі дирекциясы

3 266

3 774

2 937

-837

-22

KEGOC АҚ Батыс филиалы

198

578

665

87

15

АЖЭО АҚ

2 358

2 468

2 485

17

1

Барлығы

1 062 802

1 063 766

955 874

-107 892

-10

8)       реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат: 

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 

2020 жылдың 1-жартыжылдығында (01.01.2020-30.06.2020):

  • жеке тұлғалар (тұрғындар) бойынша сомалық қуаты 6 433,2кВт құрайтын 1 356 тұтынушыға,
  • заңды тұлғалар бойынша сомалық қуаты 219 258,63кВт құрайтын 784 техникалық шарт берілді.

ТШ беру және өтініштерін қарау мерзіміне байланысты бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» АҚ-ы өкілетті орган бекіткен типтік үлгіде жасалған шарттар бойынша қызмет көрсетіп, сондай-ақ электр энергиясын беру және жеткізу туралы үш жақты шарттарға сай жұмыс жасады. Атырау облысының тұтынушыларымен барлығы 179 583 шарт жасалған, соның ішінде заңды тұлғалармен 10 696, жеке тұлғалармен 168 887 шарт жасалған.

2020 жылдың 1-жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 91 арыз түскен. Оның ішінде:

-        электр желілерінің жағдайы бойынша 23,

-        электр-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 34,

-        ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 20,

-        өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 7,

-        ПИК балансындағы электр желілері бойынша 7.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2020 жылдың 1-жартыжылдығында төмендегі энергетика нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі орындалды:

-        КЛ-0,4/10кВ – 11,12 км

-        ВЛ-110кВ – 119,8 км

-        ВЛ-35кВ – 123,55 км

-        ВЛ-6/10кВ – 153,555 км

-        ВЛ-0,4кВ – 70,061 км

-        Барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 466,966 км

-        ПС-35кВ және одан жоғары – 8 дана (бөлек элементтер)

-        ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 72 дана.  

Сондай-ақ, 2020 жылы «Атырау Жарық» АҚ күшті жел соққан кезде ВЛ-0,4 кВ сымдарының оратылып қалуына жол бермеу үшін № 543/1, 543/2, 543/3, 146/11, 146/9, 146/8, 146/5, 146/4, 146/3, 43/1 ТП 6-10/0,4кВ нысандарынан тармақталып шығатын 0,4кВ желілерінің оқшауланбаған сымдарын қазіргі заманғы СИП сымдарына ауыстырды. 20.07.2020ж. жағдай бойынша ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 14,99 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасатын болады.

Есепті кезеңде 1 дәрежелі авариялар мен бас тартуларға жол берілген жоқ, 2 дәрежелі бас тартулар саны 10 болды, оның ішінде:

-        өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету салдарынан ВЛ-110 кВ желілерінде 1 ажырату жағдайы орын алды;

-        стихиялық құбылыстар әсерінен ВЛ-110 кВ желілері 5 рет ажыратылды; 

-        жіктелмеген себептер бойынша 3 рет ажыратылып;

- 10кВ жабдықтардың конструкцияларындағы дефектілер салдарынан 1 ажырату оқиғасы тіркелді.

Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеді. SAIDI халықаралық практикасының бағасы бойынша (жоспарланбаған ұзақ уақыттағы үзілістердің орташа ұзақтығы) 0,4% тең.

Жекелеген тұлғалар «Атырау Жарық» АҚ-ның әуе және кабель желілерін зақымдап, мүліктік зиян келтірді. Олардан «Атырау Жарық» АҚ линияларды қалпына келтіру үшін жұмсаған шығын көлемін өтеуін сұраған болатын және ол талаптар қанағаттандырылды.

«Атырау Жарық» АҚ-ның электр желілеріне зақым келген жағдайда «Атырау Жарық» АҚ тұтынушыларының да мүдделеріне зиян келтіріліп, желілер қалпына келтірілгенге дейін электр энергиясын беру шарасы да тоқтатылатынын айта кету керек.

9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:

Ағымдағы 2020 жылға қойылған негізгі міндеттер:

  • Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітілген көлемнен кем дегенде 300 млн.кВт/сағаттан жоғары орындау;
  • Сомасы 1 149 411 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
  • Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,1% азайту;
  • Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.

Тарифті қалыптастыру шарасы – табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту және енгізу тәртібі бойынша қолданыстағы заңнамаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілген. Тариф сонымен қатар, бекітілген инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға толығымен жұмсалатын, реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кіріс мен амортизациядан тұратын инвестициялық құрамдаушы бөліктен тұрады.