Электр энергиясын беру бойынша
реттеліп көрсетілетін қызметтің
2022 жылда ұсынылған қызметі бойынша тыңдаулар
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:
- Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.
«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:
- Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)
- Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)
- Мақат АЭЖ (Доссор к.)
- Индер АЭЖ (Индер к.)
- Исатай АЭЖ (Аққыстау к.)
- Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)
- Құрманғазы АЭЖ (Ганюшкин а.)
- Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)
ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.
01.01.2023ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 382 адамды құрады.
2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө бұйрығымен келісімделген.
Субъектінің 2022 жылға бекітілген Инвестициялық бағдарламаны өзгерту бойынша жіберген өтінішіне сәйкес ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 27.02.23ж. № 18-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 02.02.23ж. № 24-Ө бірлескен бұйрығымен түзетулер енгізілді.
Түзетулер енгізілгеннен кейін жоспарлы құны 1 203 573 мың теңгені құрады.
«Атырау Жарық» АҚ 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны толығымен орындады.
Жоспарлы құны 1 203 573 мың теңге болса, нақты шығын 1 203 984 мың теңгені құрады.
- 110 кВ әуе желілерін модернизациялау бойынша іс-шаралар.
«Құлсары-220 ПС-110 – Қаратон-1 ПС» 110 кВ Л-108 әуе желісі
Жоспар 1 203 573 мың теңге болса, нақты шығын 1 203 984 мың теңгені құрады немесе 100%.
Атырау облысының Жылыой ауданындағы ұзындығы 76 км «Құлсары-220-ПС Қаратон-1» ВЛ-110 кВ Л-108 әуе желісіне техникалық модернизация жұмыстары жүргізілді. СК-26, СК-22, СЦ-22 және У110-1+5 тіректері мырышты жабыны бар түріне ауыстырылды. Модернизацияға дейінгіге қарағанда өткізу қабілеттілігін арттыру үшін АС70мм² монтаждалып, AC-240мм² қима сымымен ауыстырылды.
3) тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2022 жылға электр энергиясын жеткізу шығындары бекітілген тарифтік сметаға сәйкес 11 282 374 мың теңге жоспарында 11 882 963 мың теңгені немесе 105,3%-ды құрады.
2022 жылы өндіріс пен қызмет көрсету шығындары жалпы 11 192 715 мың теңгені құрады, жоспарында 10 747 659 мың теңге болатын. Әр бап бойынша барлық шығындар рұқсат етілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.
Жалпы және әкімшілік шығындары 2022 жылы 690 248 мың теңгені құрады, ал жоспарында 534 715 мың теңге болатын. Барлық шығындар рұқсат етілген шекте жүргізілді.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы
Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2022 жылға бекітілмеді.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы
Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2022 жылға бекітілмеді.
- негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы
Қоғамның кірісі мен шығыны туралы 2022 жылы дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 10 918 560 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесті деңгейінен 424 836 мың теңгеге немесе 4,05 пайызға артық. Қызметтердің өзіндік құны мен кезең шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар көлемі 11 882 963 мың теңгені құрады.
- Ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы:
2022 жылы «Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2 171 090 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,74% азайды.
Уәкілетті орган 2022 жылға нормативтік техникалық ысырап көлемін 301 675 мың кВт/сағ мөлшерінде бекітті, нормативтік ысыраптардың нақты көлемі 277 582 мың кВт/сағ құрады.
2021 жылмен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін жеткізу қызметтерінің көлемі 1 893 508 мың кВт/сағ құрады, яғни 14 361 мың кВт/сағ немесе 0,75%-ға азайды.
8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы:
2022 жылы «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 230 арыз түскен. Оның ішінде:
- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 72,
- электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 64,
- ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 54,
- өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 18,
- ПИК балансындағы электр желілері бойынша 22.
Жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.
2022 жылы «Атырау Жарық» АҚ төмендегі энергетика нысандарын күрделі жөндеуден өткізді:
- КЛ-0,4/10кВ – 1,48 км
- ВЛ-110кВ – 250,5 км
- ВЛ-35кВ – 98,3 км
- ВЛ-6/10кВ – 219,204 км
- ВЛ-0,4кВ – 106,905 км
- барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 674,909 км
- ПС-35кВ және одан жоғары – 14 дана (бөлек элементтер)
- ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 66 дана.
Сондай-ақ, күн райы бұзылып жел күшейген кезде ВЛ-0,4кВ желісінің сымдары бір-біріне оратылып қалып, электр энергиясын беретін желілер үзіліп қалып жатты. «Атырау Жарық» АҚ осындай жайттардың алдын алу және электр желісінің жағдайын арттыру мақсатында 2022 жылы №4/7, 43/5, 93/6, 93/23, 144/1, 362/2, 425/1, 425/2, 425/3, 425/5, 426/6, 441/2 ТП 6-10/0,4 кВ нысандарынан шығатын ВЛ-0,4кВ желілерінің оқшауланбаған 0,4кВ сымдарын заманға сай үлгідегі СИП сымдарына ауыстырып, тұтынушыларды магистральды линияға қосу жұмыстарын атқарды. Жалпы 2022 жылы ауыстырылған линия ұзындығы 36,595 км құрайды. Бұл жұмыстар келесі жылдары да атқарылады.
Есепті кезеңде:
- 1 дәрежелі бас тарту бойынша 2 ажырату дерегі тіркеліп, оның ішінде:
- өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету салдарынан ВЛ-110 кВ желілерінде 1 ажырату жағдайы орын алды;
- стихиялық құбылыстар әсерінен ВЛ-10 кВ желілері 1 рет ажыратылды.
- 2 дәрежелі бас тарту бойынша 21 рет ажырату дерегі тіркеліп, оның ішінде
- өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету салдарынан
- ВЛ-110 кВ желісінде 4 ажырату;
- ВЛ-35 кВ желісінде 2 ажырату дерегі орын алды.
- стихиялық құбылыстар әсерінен:
- ВЛ-110 кВ желілері 7 рет;
- ВЛ-35кВ желілері 3 рет ажыратылды.
- жіктелмеген себептер бойынша:
- ВЛ-110кВ желілерінде 3 рет;
- ВЛ-35кВ желілерінде 2 рет ажырату дерегі орын алды.
- Аварияларға жол берілмеді.
9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы
2023 жылға қойылған негізгі міндеттер:
- Бекітілген көлемнен кемінде 100 млн кВтсағ жоғары электр энергиясын беру қызметтерін орындау;
- Сомасы 1 317 020 мың тг инвестициялық бағдарламасын орындау;
- Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,05% азайту;
- Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.