«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-ыншы тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), облыс орталығындағы орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы өндірістік-жөндеу базасы (ӨЖБ) бар:
- Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)
- Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)
- Мақат АЭЖ (Доссор к.)
- Индер АЭЖ (Индер к.)
- Исатай АЭЖ (Аққыстау а.)
- Махамбет АЭЖ (Махамбет а.)
- Құрманғазы АЭЖ (Құрманғазы а.)
- Қызылқоға АЭЖ (Миялы а.)
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-інші бабы негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006 жылғы 15-інші қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.
2022 жылдың 1-інші қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 371 адамды құрады.
2) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы:
Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ның 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 1 272 101 мың теңге сомасында бекітілді.
Субъектінің 2022 жылға арналған 64 858 мың теңге сомасындағы «Арнайы автокөлік активтерін жаңарту» іс-шарасын кейінге қалдыру туралы бекітілген 2021 жылға арналған Инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы жолдаған 13.01.2022ж. № 31-64 өтініші бойынша Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 28.02.22ж. № 21-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 01.03.22ж. № 20-Ө бірлескен бұйрығымен түзетулер енгізілді.
Түзетулер енгізілгеннен кейін жоспарлы құны 1 207 233 мың теңгені құрады.
«Атырау Жарық» АҚ 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны толығымен орындады.
Жоспарлы құны 1 207 233 мың теңге болса, нақты шығындар 1 213 296 мың теңгені құрады.
- 110/35/10-6кВ төмендеткіш қосалқы станцияларын модернизациялау бойынша іс-шаралар.
№ 69 «Ганюшкино» 110/35/10кВ қосалқы станциясын реконструкциялау және модернизациялау (2-саты)
Жоспар 1 195 465 мың теңге болса, нақты шығындар 1 201 528 мың теңгені немесе 101% құрады.
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы № 69 «Ганюшкино» 110/35/10кВ қосалқы станциясына (2-саты) техникалық модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Модернизациялау барысында қуатты 32МВА-дан 50МВА-ға ұлғайту арқылы қуат трансформаторлары мен 35, 110 кВ тарату құрылғылары ауыстырылды. 110 және 35 кВ қоректендіру желілерінің барлық жабдықтарының іргетасы мен қабылдау порталдары түгел дерлік ауыстырылды.
- Атырау қаласы мен облыс көлеміндегі тозығы жеткен 0,4-6-10 кВ желілерін модернизациялау бойынша іс-шаралар.
Жоспар 6 518 мың теңге болса, нақты шығындар 6 518 мың теңгені немесе 100% құрады.
Атырау қаласының «Сельстрой» маңында орналасқан КТПНТ-82/13 нысаны модернизациядан өткізіліп, жабдықтарының қуаты 250 кВА-дан 400 кВА-ға ауыстырылып, өткізу қабілеті арттырылды.
- Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру іс-шаралары.
Жоспар 5 250 мың теңге болса, нақты шығындар 5 250 мың теңгені немесе 100% құрады.
Энергия үнемдеу іс-шараларының жоспарын жүзеге асыру барысында кондиционерлер (сплит-системалар) - 11 дана, радиаторлар (алюминий, биметалл) - 45 дана, термореттеуші шүмектер - 69 дана, лампалар (LED 10W) - 538 дана, прожекторлар (LED 50W, 30 W) - 27 дана сатып алынды.
3) бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы:
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2021 жылдың электр энергиясын беру шығындары бекітілген тарифтік сметаға сәйкес жоспарланған 10 330 279 мың теңге тұсында 10 411 870 мың теңгені немесе 100,8% құрады.
Сметаның бөлімдері мен бөлек баптары бойынша түсіндірме ұсынамын.
2021 жылы өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары жоспарланған 9 817 819 мың теңге тұсында жалпылама 9 872 597 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.
2021 жылы жалпы және әкімшілік шығындары жоспарлы 512 460 мың теңге тұсында 539 273 мың теңгені құрады. Барлық шығындар жол берілетін шекте жүргізілді.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы:
Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2021 жылға бекітілмеді.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы:
Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2021 жылға бекітілмеді.
- қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат:
Қоғамның кірісі мен шығыны туралы 2021 жыл үшін дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 10 493 724 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 1 544 734 мың теңгеге немесе 17,3 пайызға жоғары. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар 10 411 870 мың теңгені құрады.
Қоғамның жұмысының реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы – 81 354 мың теңге пайдасы толығымен амортизациясымен қоса алғанда, 2021 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалды.
- ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат:
№ 6 слайд
«Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2021 жылы 2 232 311 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,47% артты.
Өкілетті органның 2021 жылға бекіткен нормативтік техникалық шығын көлемі 298 929 мың кВт/сағат болып, нормативтік шығындардың фактілі көлемі 324 442 мың кВт/сағатты құрады.
2020 жылмен салыстырғанда беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 1 907 869 мың кВт/сағатты құрады, яғни 70 294 мың кВт/сағатқа немесе 3,83% артты.
8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат:
2021 жылы «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 250 арыз түскен. Оның ішінде:
- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 55,
- электрлі монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 95,
- ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 60,
- өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 19,
- ПИК балансындағы электр желілері бойынша 21.
Жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.
Қала әкімдігімен бірлесіп «Қалалық үлгідегі 50 дана 10/6/0,4 кВ 50 кернеулі кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды (КТПнГ) орнату» бағдарламасы аясында - бұл жұмыстар қала әкімдігінің қатысуымен тұрғындарды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігін арттыру мақсатында жүргізілуде.
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2021 жылы төмендегі энергетика нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі орындалды:
- КЛ-0,4/10кВ – 1,215 км – 100%
- ВЛ-110кВ – 219,8 км – 100%
- ВЛ-35кВ – 145,9 км – 100%
- ВЛ-6/10кВ – 227,142 км – 100%
- ВЛ-0,4кВ – 103,904 км – 100%
- барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 696,746 км – 100%
- ПС-35кВ және одан жоғары – 13 дана (бөлек элементтер) – 100%
- ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 74 дана – 100%.
9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:
Ағымдағы 2022 жылға қойылған негізгі міндеттер:
- Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітілген көлемнен кем дегенде 100 млн.кВт/сағаттан жоғары орындау;
- Сомасы 1 304 027 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
- Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,05% азайту;
- Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.