Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің 2019 жылға жасалған есебі

«Атырау Жарық» АҚ ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25 бабының 6 тармағын орындау мақсатында Сіздердің қарауыңызға субъектінің электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінің 2019 жылға арналған есебін ұсынады.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» (бұдан әрі Қағидалар) 299 тармағына сай табиғи монополия субъекті басшысының сөйлеген сөзі мынадай 9 бөлімнен тұратын ақпаратты қамтиды, соның ішінде:

1) табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай, аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатындықтан «Атырау Жарық» АҚ негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» АҚ құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар.

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. Негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

01.01.2020ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 400 адамды құрады.

2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы:

«Атырау Жарық» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісімдеп 2015 жылғы 20 тамыздағы №123-НҚ бұйрығымен бекітілген, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №42-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №215-Ө бірлескен бұйрықтарымен түзетулер енгізілген 2019 жылдың инвестициялық бағдарламасын толығымен 100% орындады (жоспарлы құны 1 089 767 мың теңге, фактілі шығыны 1 089 767 мың теңге).

  1. ЭКЕАЖ енгізу бойынша іс-шаралар.

Жоспарлы 90 245 мың теңгенің фактілі шығыны 90 245 мың теңгені құрады немесе 100%.

2019 жылы, инвестициялық бағдарламаға сай 3000 дана Аспан DDZ1513 көп функционалды бір фазалы есеп құралдары мен есептеуіш құралдарынан ақпарат жинауға және оларды тұрмыстық деңгейдегі ЭКЕАЖ орталық серверіне беретін 50 дана DJGZ23-INHE10DCU концентраторлары сатып алынып, орнатылды.

2.1. Атырау қаласы мен Атырау облысындағы ВЛ-110кВ, В-35кВ, ВЛ-10кВ желілері мен электрмен жабдықтайтын тозығы жеткен 0,4-6-10кВ тарату желілерін реконструкциялау және модернизациялау.

Жоспарлы 999 522 мың теңгенің фактілі шығыны 999 522 мың теңгені құрады, немесе 100%.

Ұзындығы 87,8км. ВЛ-110кВ Л-145 «ПС Индер 220 – ПС Райгородок» (2 саты) желісіне техникалық модернизация жасалды. Модернизация жасалғанға дейінгі энергия өткізу қуатын арттыру үшін АС-95мм² сымының орнына АС-240мм² қималы сымы монтаждалды.

Төрт дана 6-10/0,4кВ бәсеңдету трансформатор бекеттері: КТПТ-630кВА 10/0,4кВ №45/9, КТПТ-630кВА 10/0,4кВ №216/4, КТПТ-400кВА 10/0,4кВ №216/6, КТПТ-400кВА 10/0,4кВ №1/1 (Исатай АЭЖ) техникалық модернизацияланды.

Әрқайсысының ұзындығы 1300м. және 1920м. ТП-29/11 және ТП-329/10 нысандарынан шығатын ВЛ-0,4кВ желілеріне техникалық модернизация жасалды. 15 тіреу ауыстырылды.

3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы:

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2019 жылдың электр энергиясын беру шығындары бекітілген тарифтік сметаға сәйкес жоспарланған 6 990 849 мың теңге тұсында 7 890 050 мың теңгені немесе 112,9% құрады.

Сметаның бөлімдері мен бөлек баптары бойынша түсіндірме ұсынамын.

2019 жылы өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары жоспарланған 6 509 120 мың теңге тұсында жалпылама 7 399 275 мың теңгені құрады. 2019 жылы жалпы және әкімшілік шығындары жоспарланған 481 730 мың теңге тұсында 490 775 мың теңгені құрады. Барлық шығындар жол берілетін шекте жүргізілді.

4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы:

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2019 жылға бекітілмеді.

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы:

Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2019 жылға бекітілмеді.

6) табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы:

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы 2019 жыл үшін дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 10 202 999 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 16 303 мың теңгеге төмен немесе 0,16 % аз. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар 7 890 050 мың теңгені құрады. Қоғамның жұмысының реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы – 1 802 149 мың теңге пайдасы толығымен, амортизациясымен бірге алғанда 2019 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалды.

7) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы:

«Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2019 жылы 2 428 482 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3% артты. Өкілетті орган тарапынан 2019 жылға бекітілген нормативтік техникалық шығын көлемі физикалық есеппен 286 110 мың кВт/сағатты немесе электр энергиясын желіге жіберу көлемінен 15,85 % құрады.

9 746 мың кВт/сағат көлеміндегі нормативтік техникалық шығынды кеміту бойынша шараларын орындау барысында нормативтік техникалық шығындардың фактілі көлемі 276 364 мың кВт/сағатты немесе электр энергиясын желіге жіберу көлемінен 11,38 % құрады.

2018 жылмен салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 2 152 118 мың кВт/сағатты құрады, яғни 40 692 мың кВт/сағатқа немесе 1,93 % артты.

Қызметті тұтынушылар бөлігінде 2018 және 2019 жылдары көрсетілген қызмет көлемдерінің фактілі көрсеткіштері мына таблицада берілген:

 

тұтынушылар

2018

2019

айырмашылық

%

факт

мың кВт/сағ

жоспар мың кВт/сағ

факт

мың кВт/сағ

«АтырауЭнергосату»ЖШС

2 096 787

2 130 245

2 135 389

38 602

0,2 %

Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ

6 657

7 284

6 315

- 342

-5,4 %

KEGOC АҚБатыс филиалы

7 982

578

5 459

-2 523

-46,2%

АЖЭО АҚ

 

2 962

4 955

4 955

 

Барлығы

2 111 426

2 141 069

2 152 118

40 692

1,93%

8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы:

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Есепті кезең ішінде жеке тұлғалар (тұрғындар) бойынша сомалық қуаты 19753,3 кВт құрайтын 3 913 тұтынушыға, ал заңды тұлғалар бойынша сәйкесті 476 844 кВт қуатпен 2151 техникалық шарт берілді. ТШ беру және өтініштерін қарау мерзіміне байланысты бұзушылықтарға жол берілген жоқ. Есепті кезеңде «Атырау Жарық» АҚ өкілетті орган бекіткен типтік үлгіде жасалған шарттар бойынша қызмет көрсетіп, сондай-ақ электр энергиясын беру және жеткізу туралы үш жақты шарттарға сай жұмыс жасады. Атырау облысының тұтынушыларымен барлығы 177 712 шарт жасалған, соның ішінде заңды тұлғалармен 10 613, жеке тұлғалармен 167 099 шарт жасалған.

2019 жылы «Атырау Жарық» АҚ адресіне көрсетілген қызмет сапасы бойынша 270 арыз түскен. Оның ішінде:

- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 76,

- электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 107,

- ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 51,

- өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 17,

- ПИК балансындағы электр желілері бойынша 19.

Жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2019 жылы төмендегі энергетика нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі орындалды:

- КЛ-0,4/10кВ – 2,99 км – 100%

- ВЛ-110кВ – 253,9 км – 100%

- ВЛ-35кВ – 115,4 км – 100%

- ВЛ-6/10кВ – 261,011 км – 100%

- ВЛ-0,4кВ – 67,219 км – 100%

- барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 697,53 км – 100%

- ПС-35кВ және одан жоғары – 13 дана (бөлек элементтер) – 100%

- ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 92 дана – 100%.

Есепті кезеңде 1 дәрежелі авариялар мен бас тартуларға жол берілген жоқ, 2 дәрежелі бас тартулар саны 29 болды, оның ішінде:

- Өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету салдарынан ВЛ-110 кВ желілерінде 16 ажырату жағдайы орын алды, соның ішінде САОН салдарынан 12 ажырату дерегі тіркелді.

- Стихиялық құбылыстар әсерінен 8 рет ажыратылды, оның ішінде ВЛ-35 кВ желісінде 2, ВЛ-110 кВ – 6 рет ажыратылды.

- Жіктелмеген себептер бойынша 12 рет ажыратылды, оның ішінде ВЛ-35кВ – 3, ВЛ-110кВ – 2 ажырату оқиғасы тіркелді.

Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI халықаралық практикасының бағасы бойынша (жоспарланбаған ұзақ уақыттағы үзілістердің орташа ұзақтығы) 0,4 % тең.

«Атырау Жарық» АҚ-ның желілеріне зақым келген жағдайда электр энергиясын тұтынушылардың мүдделеріне де зиян келетінін атап айтқанымыз жөн, себебі тұтынушыларға зақымданған желілер арқылы берілетін электр энергиясы оны қалыпқа келтірмейінше тоқтатылады.

9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:

Ағымдағы 2020 жылға қойылған негізгі міндеттер:

  • Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітілген көлемнен кем дегенде 300 млн.кВт/сағаттан жоғары орындау;
  • Сомасы 1 149 411 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
  • Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,1% азайту;
  • Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.

Тарифті қалыптастыру шарасы – табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту және енгізу тәртібі бойынша қолданыстағы заңнамаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілген. Тариф сонымен қатар, бекітілген инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға толығымен жұмсалатын, реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кіріс мен амортизациядан тұратын инвестициялық құрамдаушы бөліктен тұрады