«Атырау Жарық» АҚ Атырау облысының аумағында электр берудің әуе желілері мен жер асты кабель желілерінің жүргізілгендігін, соларға  қатысты құрылыстар бар екенін ескертеді.

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына сай және ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары» негізінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр желілерінің пайдаланылуы үшін қалыпты жағдай жасау және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жер учаскелері бөлінеді, күзет аймақтары белгіленеді.

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.

Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:

1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);

      2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

      3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;

      4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;

      5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;

      6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;

      7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;

      8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.

Шеткі кабельдерден 1 м арақашықтықта желінің екі жағы бойынша жер учаскесі түрінде тік жазықтықтармен қоршалған жерасты электр берудің кабель желілері бойымен, ал қалаларда тротуарлардың астымен өтетін электр берудің кабель желілері үшін – ғимараттар мен құрылыстарға қарай 0,6 м және көшенің жүргінші бөлігіне қарай 1 м.

Жерасты байланыс кабельдері немесе қарауында кабель желілері бар ұйымдардың электр кабельдері бар түйісу немесе жақындасу орындарында электр берудің әуе желілері тіректерінде оған дейінгі арақашықтық көрсетілген кабель бағытындағы сызық түрінде ескертуші белгілер орнатылады.

Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Күзет аймақтарында жару жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсатты осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың жару жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелді) бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін беріледі.

Әртүрлі иелерге жататын басқа мақсаттағы кернеуі 1 кВ-ге дейінгі электр беру желілерінің тіректерінде өзара ілінісу кезінде желіге жөндеу жұмыстарын жүргізетін әрбір иесі басқа иесіне шығын әкелуі мүмкін немесе оның өкілі қатысуы тиіс осындай жөндеу жұмыстары туралы мүдделі иеге алдын ала күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей хабарлайды.

Егер механизмдегі не оның жылжымалы бөлігіндегі ауадан, сондай-ақ көтерілетін жүктің олардың кез келген қалыбындағы (оның ішінде аса ауыр көтергенде немесе ұшқанда) жақын арадағы кернеуде тұрған сымға дейінгі арақашықтық Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелді) бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес келсе әртүрлі механизмдерді пайдалана отырып, әуе электр беру желілерінің маңындағы жұмыстарды орындау жүзеге асырылады.

Кабельден жер жұмыстарын жасайтын орынға дейінгі арақашықтықты қарауында электр берудің желілері бар ұйым әрбір жеке жағдай бойынша анықтайды және жазбаша келісімде көрсетеді.

Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар осы желілердің күзет аймақтарында электр желілерін жөндеуге және пайдалануға қажетті жер жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізеді.

Электр беру желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жылдың кез келген уақытында жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар ету арқылы жүргізіледі.

Қарауында салынып жатқан немесе қолданыстағы электр берудің кабель желілері бар ұйымдар көрсетілген желілерді селсоқ токтардан қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

Қарауында электр желілері бар ұйымдардың жұмыскерлеріне жұмыстар жүргізуге наряд-рұқсатта жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан электр желілерінің объектілеріне кедергісіз кіру қамтамасыз етіледі.

Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды.

Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.

Қарауында электр желілері бар ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, бұзушылық фактілерін растайтын материалдарды (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, еркін нысанда акті жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

Электр желілерін жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдаған кезде нұқсанды өтеу қарауында осы желілер бар ұйыммен жасалған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау шығындарының келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.

 

Сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыздар:

«Атырау Жарық» АҚ, Атырау қ., Махамбет к., № 110-А.

«Атырау Жарық» АҚ ӨТҚ 8 (7122) 99-43-34, 99-43-26;

Қалалық АЭЖ 8 (7122) №32-39-35, 99-41-35;

Жылыой АЭЖ 8 (71237) 5-63-83, 5-64^7;

Махамбет АЭЖ 8 (71236) 5-58-08, 3-10-59;

Индер АЭЖ 8 (71234) 2-12-02, 2-01-16;

Құрманғазы АЭЖ 8 (71233) 2-50-00, 2- 53-02;

Исатай АЭЖ 8 (71231) 2-03-07, 2-04-86;

Қызылқоға АЭЖ 8 (71238) 2-17-34, 5-50-84;

Мақат АЭЖ 8 (71235) 2-40-01, 2-10-03.