Хабарландыру
«Атырау Жарық» АҚ Атырау облысының барлық абоненттері, тұрғындарына соңғы уақытта электр энергиясын тұтынушылар тарапынан СЕ101 S6 145 типті электронды бір фазалы есептеу құралындағы көрсеткіштерді жою немесе нольге түсіру фактілері жиі кездесетінін хабарлайды. Есептеу құралының осы түрін өндіретін кәсіпорын Ресейдің Ставрополь қаласындағы «Электротехнические заводы «Энергомера» АҚ-ның Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі «Энергомера-1» ЖШС-нен кеңес алып, ресми өтініш білдіргеннен кейін «Энергомера» АҚ-ның «ЭНЕРГОМЕРА» өлшеу құралдары зауытының комиссиясы CE101 S6 145 типті электронды бір фазалы есептеу құралын тексеру туралы 29.09.2022ж. № 152/06 актісін алды. Комиссия қорытындысы бойынша СЕ101 S6 145 есептеу құралының сол жағындағы штрих-коды бар номерлік биркасында компания атауы ЭНЕРROMEРА деген жазуында латын R әрпі болса, сондай-ақ осы актіде көрсетілген пломбасы мен таспа платасындағыдан басқаша ерекшеліктер болса, «ЭНЕРГОМЕРА» өлшеу құралдары зауытында шығарылмағандығы болып табылады және бұлар контрафактілік өнім болып табылады. Қандай да бір ерекшеліктері бар есептеу құралдары өндіруші зауыттың техникалық шарттарына сәйкес келмейді (ТУ4228-054-22136119-2005). Өндіруші зауыт мұндай есептеу құралдарының ГОСТ 22261-94 және ГОСТ Р51350-99 қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне кепілдік бере алмайды. Өндіруші зауыттың 29.09.2022 жылғы № 152/06 CE101 S6 145 есептеу құралын тексеру актісі жалғанады.