«Атырау Жарық» ЖШС-нің 2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналған электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметі туралы есебі
1 |
Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат |
|
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңы мен электр энергиясының нарығын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, "Атырау Жарық" ЖШС компаниясының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысына электр энергиясын беру болып табылады. "Атырау Жарық" ЖШС құрамында Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан электр желілері аудандары (АЭЖ) бар сегіз бөлімше, сондай-ақ Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе мен жөндеу-өндірістік база (ЖӨБ) бар, техникалық қызметтері осы жерде орналасқан. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, Табиғи монополияларды реттеу басқармасының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығына сәйкес, "Атырау Жарық" ЖШС Атырау облысы бойынша электр энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілді. 01.07.2025ж. жағдай бойынша электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметіне қатысты жұмыскерлер саны 1 482 адамды құрады. |
2 |
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы |
|
«Атырау Жарық» ЖШС 01.07.2024-01.07.2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын орындады, бұл бағдарлама 2024 жылдың 6 маусымында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бекіткен № 27-НҚ бұйрығымен және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының келісіммен 2024 жылдың 7 маусымында бекітілген № 110-НҚ бұйрығымен, сондай-ақ 2025 жылдың 3 ақпанындағы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаменті 12-НҚ бұйрығымен және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2025 жылдың 4 ақпанындағы №26-НҚ бірлескен бұйрығы бойынша енгізілген түзетулермен жүзеге асырылды. 2024-2025 жылдарға арналған жоспарлы құны 2 070 896 мың теңге болса, нақты шығынддар сомасы 2 069 468 мың теңгені құрады немесе 99,9%. 1. ЭКЕАЖ бойынша іс-шаралар Жоспар бойынша – 146 357 мың теңге, нақты шығындар – 146 357 мың теңге, немесе 100%, оның ішінде: - ЭКЕАЖ жоғары деңгейін енгізу, УСПД орнату және баптау – 20 360 мың теңге; - Атырау қаласындағы ТП және КТП-дағы (475 есептегіш құрылғы) ЭКЕАЖ орта деңгейін енгізу – 125 994 мың теңге. 2. 110/35/10-6кВ төмендететін подстанцияларды модернизациялау Жоспар бойынша – 895 239 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 858 777 мың теңге, немесе 95%. 2.1. ПС 110/10кВ №100 «Алипов К.» модернизациялау Жоспар бойынша – 549 897 мың теңге, нақты сома – 519 780 мың теңге, немесе 95%. 2024-2025 жылдарда Атырау қаласында орналасқан ПС 110/10кВ №100 «Алипов К.» бойынша КРУН-10кВ техникалық модернизациясы жүргізілді. Модернизация КРУН-10кВ жабдығын ауыстыруды қамтиды. 2.2. ПС 110/35/10кВ №145 «Каратон-2», 3 кезең Жоспар бойынша – 345 342 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 338 997 мың теңге, немесе 98%. 3. ВЛ-110кВ Л-108А «ПС «Каратон-1 – ПС Тенгиз-220» модернизациясы Жоспар бойынша – 555 638 мың теңге, нақты сома – 571 699 мың теңге, немесе 100,3%. Жылыой ауданындағы ВЛ-110кВ Л-108А желісінің техникалық модернизациясы жүргізілуде. СК-22, СЦ-22 типті тіректер, У110-1+5 типті тіректер, мырышталған жабынмен ауыстырылды. 4. Атырау қаласы мен Атырау облысындағы 0,4-6-10кВ физикалық тозған желілерді модернизациялау Жоспар бойынша – 340 666 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 334 660 мың теңге, немесе 98,2% құрады. Атырау қаласында және Жылыой ауданында 2 ТП-10/6/0,4кВ және 3 КТПН-10/6/0,4кВ модернизацияланды, жабдықтары ауыстырылып, өткізу қабілеті арттырылды. Модернизация барысында қалалық үлгідегі неғұрлым қуатты жаңа трансформаторлар мен жаңа жабдықтар толықтай орнатылып, монтаждалды. 2024-2025 жылдары Қалалық, Жылыой және Махамбет АЭЖ-нде 13 реклаузер орнатылады. 5. Арнайы автокөлік активтерін жаңарту шаралары Жоспар бойынша – 121 784 мың теңге, келісімшарттар бойынша нақты сома – 146 320 мың теңге, немесе 120%. Арнайы автокөлік активтерін жаңарту мақсатында жаңа техника сатып алынды: ГАЗ шассиінде бұрғылау-краны бар көлік – 1 дана, жол талғамайтын, бригадалық борты бар көліктер – 2 дана; 6 орындық борты бар «Соболь» автокөлігі – 1 дана, 10м3 вакуумдық цистерна – 1 дана, бұл техникалар қала мен аудандардағы энергетика объектілерінің эксплуатациялық, күрделі және ағымдағы жөндеулеріне арналған. 6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары Жоспар бойынша – 5 200 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 5 201 мың теңге, немесе 100% құрады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы бойынша 30 дана климаттық құрылғылар, жылу радиаторлары, термостатикалық клапандар, жарықтандыру құрылғылары және энергия үнемдейтін шамдар сатып алынды. 7. Есептеу техникасы және байланыс құралдарын модернизациялау Жоспарлы сома – 6 012 мың теңге, нақты шығындар сомасы – 6 454 мың теңге немесе 107,4% құрады. Өнеркәсіптік дрондар (2 дана) мен құрамына 1 дана кеңсе адаптері мен 5 дана спутниктік терминалы кіретін «Thyraya» спутниктік жабдықтарының жиынтығын сатп алу бойынша тендерлік процедуралар жүргізілуде. |
3 |
Бекітілген тарифтік сметаны баптар бойынша орындау |
|
2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Бекітілген шығындарға сәйкес бақылаудағы шығындар, жылдық жоспар 9 181 130 мың теңге болғанда, 2025 жылдың 1 жартыжылдығы үшін 4 429 620 мың теңгені немесе 48,2%-ды құрады. Бақылаудан тыс шығындар 2025 жылдың 1 жартыжылдығы үшін жалпы 4 717 769 мың теңгені құрады, жылдық жоспар 7 577 249 мың теңге болатын. Бұл 62,3%-ды құрайды. 2025 жылдың 1 жартыжылдығы үшін амортизация 715 972 мың теңгені құрады, жылдық жоспар 1 347 242 мың теңге болатын. Әрбір бап бойынша барлық шығындар тарифтік сметада көрсетілген сомалар шегінде, рұқсат етілген ауытқулармен жүзеге асырылды. |
4 |
Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау |
|
1. Жүйедегі үзілістің орташа индексі (SAIFI) - әлемдік деңгейде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс өшірулердің орташа жиілігі, жылына 1 тұтынушыға өшіру саны – 1,1; 2. Нормативтік шығындар деңгейін төмендету – орындалды; 3. Жүйедегі үзілістің орташа индексі (SAIDI) - әлемдік деңгейде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс өшірулердің орташа ұзақтығы, сағат, жылына 1 тұтынушыға өшірудің ұзақтығы – 1,5; 4. Реттелетін қызмет бойынша кәсіпорында инновациялық технологияларды енгізу – орындалды; 5. Негізгі құралдардың тозуын төмендету – орындалды; 6. Жөндеу (реконструкция, модернизация, ауыстыру) жұмыстарын уақытында аяқтау – орындалды; 7. Табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзу саны (қазіргі көрсеткіш 0) – бұзушылықтар жоқ. |
5 |
Табиғи монополия субъектісінің қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу |
|
Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерге 2024-2025 жылға арналған тариф бекітілген кезде «Атырау Жарық» ЖШС қызметінің тиімділік көрсеткіштері 2025 жылдың 1 жартыжылдығына бекітілмеген. |
6 |
Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер |
|
2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша пайда мен залал туралы алдын ала есепте, электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерден түскен табыс 9 019 434 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 852 378 мың теңгеге жоғары. Реттелетін қызметтер бойынша шығындар, оның ішінде қызметтердің өзіндік құны мен кезең шығындары, 9 639 759 мың теңге болды. |
7 |
Электр энергиясын беру бойынша көрсетілген реттелетін қызметтердің көлемі |
|
2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша реттелетін қызметтер көлемі 905 566 мың кВт/сағ. құрады. |
8 |
Реттелетін қызмет тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс |
|
2025 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде «Атырау Жарық» ЖШС-не көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша 152 өтініш түсті. Жыл бойы барлық өтініштерге жауап берілді және белгіленген мерзімдерде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. |
9 |
Қызметтің болашағы (даму жоспарлары), соның ішінде реттелетін қызметтерге тарифтердің өзгеру мүмкіндігі |
|
2025 жылға арналған негізгі міндеттер: • Электр энергиясын беру қызметтерін орындау; • Инвестициялық бағдарламаны орындау; • Электр энергиясының нормативтік шығындарын төмендетуді жалғастыру; • Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету. |