1.

1) Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат

 

 

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), облыс орталығындағы  орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы өндірістік-жөндеу базасы (ӨЖБ) бар.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-інші бабы негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006 жылғы 15-інші қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша табиғи  монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

01.07.2021ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 400 адамды құрады.

 

2.

бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы

 

 

«Атырау Жарық» АҚ Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруда.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы   –  электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады.  

Жоспарлы құны 1 272 101 мың теңге болса, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына 1 194 147 мың теңгеге келісім-шарттар жасалды, немесе 94%.

110/35/10-6кВ төмендеткіш қосалқы станцияларын модернизациялау бойынша іс-шаралар.

110/35/10-6кВ төмендеткіш қосалқы станцияларын модернизациялау бойынша іс-шаралар.

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы №69 «Ганюшкино» 110/35/10кВ (2-саты) қосалқы станциясын модернизациялау бойынша тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізушілер анықталды, жабдықтар мен материалдар жеткізу шарттары жасалды. Модернизацияның бірінші сатысы 2020 жылы өткізіліп, КРУН-10кВ мен релелік қорғаныс шкафтары ауыстырылды. Екінші сатысында қуат трансформаторлары 32МВА-дан 50МВА дейін күшейтіліп, 110, 35кВ жабдықтары ауыстырылады.

Атырау қаласы мен облыстағы тозығы жеткен 0,4-6-10кВ желілерін модернизациялау шаралары.

Сельстройдағы КТПнг-82/13 нысанының жабдықтарын 250кВА-дан 400кВА-ға ауыстырып,өткізу қабілетін арттыра отырып  модернизациялау жұмысы жоспарлануда. Тендер процедуралары өткізілді, жеткізушілер анықталды, жабдықтар мен материалдар сатып алынуда. Қуат трансформаторының күші 60% артып, оған перспективті электр қуатын қосу мүмкіндігі туатын болады.

Арнайы автокөлік активтерін жаңарту.

Тендерлік процедуралар өткізілді, 43118 шассиіндегі КС-45717 кранын жеткізуші анықталды. Шарт жасалуда.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары.

Энергия тиімділігін арттыратын шаралар  бойынша – жарық беру және жылыту жүйелерін модернизациялау, терезе кондиционерлерінің орнына климаттық қондырғылар орнату жоспары орындалған жағдайда энергия үнемделіп, тиімділігі де артады.  11 дана климаттық қондырғы, 31 дана радиатор, 57 дана термореттеуіш кран сатып алу шарттары жасалды.

 

3.

бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы

 

 

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2021 жылдың І жартыжылдығында  электр энергиясын берудегі шығындары  4 866 084 мың теңгені құрады.

2021 жылдың І жартыжылдығында өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары 4 597 831 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.

2021 жылғы І жартыжылдықта  жалпы және әкімшілік шығындар 268 253 мың теңгені құрады. Барлық шығындар рұқсат берілетін шекте жүргізілді.

 

4.

реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы

 

 

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2021 жылға бекітілмеді.

 

5.

табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

 

 

Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2021 жылға бекітілмеді. 

 

6.

қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат

 

 

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2021 жылдың І жартыжылдығы үшін  дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 4 902 848 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың сәйкесті кезеңіндегі деңгейден 247 741 мың теңгеге жоғары немесе 5,32%. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындары 4 913 636 мың теңгені құрады.

Қоғамның жұмысының реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы пайдасы толығымен амортизациясымен қоса  алғанда,  2021 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалды.

 

7.

ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат

 

 

2021 жылдың І жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 1 091 954 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2020 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1% азайды. 2021 жылдың І жартыжылдығындағы нақты шығын көлемі 14,95% құрады. 2020 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 928 731 мың кВт/сағатты құрап, 27 143 мың кВт/сағатқа немесе 2,84% азайды.

 

8.

реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат

 

 

2021 жылдың І жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 117 арыз түскен. Алты ай ішінде барлық өтініштерге жауаптар жолданып, анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

 

9.

қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы

 

 

Ағымдағы 2021 жылға қойылған негізгі міндеттер:

• Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді орындау;

• Сомасы 1 272 101 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;

• Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,1% азайту;

• Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.