«Атырау Жарық» АҚ-ның 2024 жылдың 1 жартыжылдығына арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызметі туралы есебі туралы ақпарат | |
1. | Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы мәліметтер |
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады. «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), облыс орталығындағы орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы өндірістік-жөндеу базасы (ӨЖБ) бар. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-інші бабы негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006 жылғы 15-інші қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді. 2024 жылдың 1-інші шілдедегі жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 416 адамды құрады. |
|
2. | Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы |
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө бұйрығымен келісімделген. «Атырау Жарық» АҚ инвестициялық бағдарламасын іске асыру Атырау қаласы мен Атырау облысының электр энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты болып табылады. Инвестициялық бағдарламаның жоспарлы құны 1 497 425 мың теңге. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына 1 289 701мың теңгеге келісім-шарттар жасалды. 1. 110/35/10-6 кВ төмендететін қосалқы станцияларды модернизациялау шаралары. Атырау облысы Жылыой ауданындағы № 145 «Қаратон-2» (2-кезең) 110/35/10кВ төмендететін қосалқы станциясын модернизациялау бойынша техникалық жобасы жоспарлануда. Тендерлік рәсімдер өткізіліп, жеткізушілер анықталды,жабдықтар мен материалдарды жеткізуге келісім-шарттар жасалды. Модернизацияның екінші кезеңі КРУН-10кВ жабдықтарын ауыстыруды қамтиды. 2. Атырау қаласындағы 0,4-6-10кВ тозығы жеткен желілерді модернизациялау шаралары. Жабдықтарды ауыстыру және өткізу қабілеттілігін арттыра отырып, 0,4кВ әуе желілерінің сымдарын СИП сымдарына ауыстыру арқылы Атырау қаласындағы 3 КТП-10/6/0,4кВ нысандарын модернизациялау жоспарлануда. Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізушілер анықталды,келісім-шарттар жасалып,құрал жабдықтар мен материалдар жеткізілді. Реконструкция жұмыстары барысында КТП трансформаторларының қуаты артады, бұл оларға перспективалы электр қуатын қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Акжар ауылындағы КТПН-96/22 (98/2), Еркінов-Үшкара көшесіндегі КТПН-329/16 және Акжар ауылындағы қазандық КТПН-96/24 (98/5), ескілерін бөлшектеу жаңаларын орнату жұмыстары жүргізілді. 3. Арнайы көлік құралдарының активтерін жаңарту шаралары. Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізуші анықталды, келісім-шарт жасалып, Эксковатор-1 бірлік арнайы техника сатып алынды. |
|
3. | Бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы |
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығында электр энергиясын жеткізу шығындары 8 882 507 мың теңгені құрады. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында өнім өндіруге және қызмет көрсетуге кеткен шығындар 8 482 713 мың теңгені құрады.Әр бап бойынша барлық шығындар рұқсат етілген ауытқумен тарифтік сметаның шегінде жүргізілді. 2024 жылдың 1 жартыжылдығына жалпы және әкімшілік шығыстар 399 793 мың теңгені құрады. Барлық шығындар қолайлы шектерде жұмсалған. | |
4. | Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау |
Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2024 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілмеді. | |
5. | Табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу |
Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2024 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілмеді. | |
6. | Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері |
Қоғамның 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы пайда мен залал туралы алдын ала есебіне сәйкес электр энергиясын реттеліп жеткізілетін қызметтен түскен кіріс 6 167 056 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың 1 жартыжылдығындағы деңгейден 44 943 мың теңгеге немесе 0,73% жоғары. Көрсетілген қызметтердің құны мен кезең шығыстарын қоса алғанда, реттелетін қызмет бойынша шығыстар 8 882 507 мың теңгені құрады. | |
7. | Ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі |
2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін электр жеткізу қызметтерінің көлемі 85 830 мың кВт/сағ немесе 8,35%-ға кеміп, 941 535мың кВт/сағ құрады. | |
8. | Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс |
2024 жылдың 1 жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ-на көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша 72 өтініш келіп түсті. Алты ай ішінде барлық өтініштерге жауаптар жолданып, анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. |
|
9. | Қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері |
Ағымдағы 2024 жылға қойылған негізгі міндеттер: |