«Атырау Жарық» АҚ-ның 2023 жылдың 1 жартыжылдығына арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызметі туралы есебі туралы ақпарат | |
1. | Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы мәліметтер |
ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады. «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), облыс орталығындағы орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы өндірістік-жөндеу базасы (ӨЖБ) бар. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-інші бабы негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006 жылғы 15-інші қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді. 2023 жылдың 1-інші шілдедегі жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 359 адамды құрады. |
|
2. | Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы |
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен бекітіліп, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө бұйрығымен келісімделген. «Атырау Жарық» АҚ инвестициялық бағдарламасын іске асыру Атырау қаласы мен Атырау облысының электр энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты болып табылады. Инвестициялық бағдарламаның жоспарлы құны 1 317 020 мың теңге. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына 617 899 мың теңгеге келісім-шарттар жасалды. 1. 110/35/10-6 кВ төмендететін қосалқы станцияларды модернизациялау шаралары. Атырау облысы Жылыой ауданындағы № 145 «Қаратон-2» (1-кезең) 110/35/10кВ төмендететін қосалқы станциясын модернизациялау бойынша жобалық жобаны және техникалық қадағалауды әзірлеуге, жабдықтарды, материалдарды жеткізуге тендерлік рәсімдер өткізіліп, жеткізушілер анықталды, келісім-шарттар жасалды. Модернизацияның бірінші кезеңі ОРУ-110 кВ жабдықтарын ауыстыруды қамтиды 2. Атырау қаласындағы 0,4-6-10кВ тозығы жеткен желілерді модернизациялау шаралары. Жабдықтарды ауыстыру және өткізу қабілеттілігін арттыра отырып, Атырау қаласындағы 3 ТП-10/6/0,4кВ және 4 КТПнг-10/6/0,4кВ нысандарын модернизациялау жоспарлануда. Тендерлік процедуралар жүргізілуде, жеткізушілер анықталды, жабдықтар мен материалдар сатып алынуда. Материалдар мен жабдықтар жеткізіле бастады. Реконструкция жұмыстары барысында ТП және КТП трансформаторларының қуаты артады, бұл оларға перспективалы электр қуатын қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Привокзальный ықшам ауданындағы ТП-10/0,4кВ-267/1 ескі ғимараты бұзылып, жаңа трансформатор станциясы салынуда 3. Арнайы көлік құралдарының активтерін жаңарту шаралары. Тендерлік процеддуралар өткізіліп, жеткізуші анықталды, келісімшарт жасалып, Камаз 25т шассиіндегі автокран сатып алынды. Сондай-ақ, бортты ГАЗ фургон-шеберханасын сатып алу бойынша тендерлік процедуралар жүргізілуде. 4. Аварияларға қарсы диагностика мен РҚА модернизациялау шаралары. Тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізуші анықталды, келісімшарт жасалып, «АНГИСТРЕМ-3» электртехникалық зертханасы сатып алынды. 5. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары. Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға жарықтандыру және жылу жүйелерін модернизациялау, терезе кондиционерлерін климаттық қондырғыларға ауыстыру шаралары кіреді. Тендерлік процедуралар жүріп жатыр. |
|
3. | бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы |
«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2023 жылдың 1 жартыжылдығында электр энергиясын жеткізу шығындары 5 585 639 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 жартыжылдығында өнім өндіруге және қызмет көрсетуге кеткен шығындар 5 239 134 мың теңгені құрады.Әр бап бойынша барлық шығындар рұқсат етілген ауытқумен тарифтік сметаның шегінде жүргізілді. 2023 жылдың 1 жартыжылдығына жалпы және әкімшілік шығыстар 346 504 мың теңгені құрады. Барлық шығындар қолайлы шектерде жұмсалған. | |
4. | реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау |
Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2023 жылға бекітілмеді. | |
5. | табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу |
Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2023 жылға бекітілмеді. | |
6. | негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері |
Қоғамның 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы пайда мен залал туралы алдын ала есебіне сәйкес электр энергиясын реттеліп жеткізілетін қызметтен түскен кіріс 6 122 113 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың 1 жартыжылдығындағы деңгейден 945 189 мың теңгеге немесе 18,26% жоғары. Көрсетілген қызметтердің құны мен кезең шығыстарын қоса алғанда, реттелетін қызмет бойынша шығыстар 5 585 639 мың теңгені құрады. Қоғамның реттелетін қызметі бойынша қызметінің күтілетін қаржылық нәтижесі – амортизациялық аударымдармен бірге пайданың 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға толығымен жұмсалуы. |
|
7. | ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі |
2023 жылдың 1 жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ электр желісіне жеткізілген электр энергиясының көлемі 1 150 978 мың кВт/сағ құрады, 2022 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда өсім 9,96%-ды құрады. 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы нақты шығындар бекітілген көлемнен аспайды. .2022 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін электр жеткізу қызметтерінің көлемі 120 724 мың кВт/сағ немесе 13,32%-ға өсіп, 1 027 365 мың кВт/сағ құрады. | |
8. | реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс |
2023 жылдың 1 жартыжылдығында «Атырау Жарық» АҚ-на көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша 78 өтініш келіп түсті. Алты ай ішінде барлық өтініштерге жауаптар жолданып, анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. |
|
9. | қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері |
Ағымдағы 2023 жылға қойылған негізгі міндеттер: • Электр энергиясын беру бойынша қызметтерді орындау; • Сомасы 1 317 020 мың теңгенің инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру; • Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,05% азайту. |