«Атырау Жарық» АҚ-ның 2022 жылға арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызметі туралы есебі туралы ақпарат
   
1. Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы мәліметтер
  ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), облыс орталығындағы  орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы өндірістік-жөндеу базасы (ӨЖБ) бар. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-інші бабы негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006 жылғы 15-інші қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.
          2023 жылдың 1-інші қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 382 адамды құрады.
2. 2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы
 

Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 04.09.2020ж. № 112-Ө келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы          1 қыркүйектегі № 68-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ның 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілген.
Субъектінің 2022 жылға  бекітілген Инвестициялық бағдарламаны өзгерту бойынша жіберген өтінішіне сәйкес субъектіге байланысты емес себептермен мына іс-шаралар келесі 2023 жылға ауыстырылды:                                                                                                                                                                                    

-  67 164 мың теңгенің «Атырау қаласы мен Атырау облысының 0,4-6-10кВ тозығы жеткен желілерді  жаңғырту» деп  деп аталатын №2 іс-шарасы;                                                                                                                                                                                                                                                  

- 33 290 мың тенгенің «Арнайы автокөлік құралдарының активтерін жаңарту» деп  аталатын №3 іс-шарасы, ол бойынша Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 27.02.23ж. № 18-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 02.02.22ж. № 24-Ө бірлескен бұйрығымен түзетулер енгізілді.
Түзетулер енгізілгеннен кейін жоспарлы құны 1 203 573 мың теңгені құрады.
«Атырау Жарық» АҚ 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны толығымен орындады.
 Жоспарлы құны 1 203 573 мың теңге болса, нақты шығындар 1 203 984 мың теңгені құрады.                                                                                                                                                                                                                               

1. 110кВ әуе желілерін модернизациялау бойынша іс-шаралар.                                                                                                                                                    Атырау облысының Жылыой ауданындағы ұзындығы 76 км «Құлсары -220-ПС Қаратон-1» ВЛ-110кВ Л-108 әуе желісіне техникалық модернизациялау жұмыстары жүргізілді. СК-26,СК-22, СЦ-22 және У110-1+5 тіректері  мырышты жабыны бар туріне ауыстырылды. Модернизацияға дейінгіге қарағанда өткізу қабілеттілігін арттыру үшін АС70мм2 монтаждалып, АС 240мм2  қима сымымен ауыстырылды.

3. бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы 
  «Атырау Жарық» АҚ бойынша 2022 жылдың электр энергиясын беру шығындары бекітілген тарифтік сметаға сәйкес жоспарланған  11 282 374 мың теңге тұсында 11 882 963 мың теңгені немесе 105,3% құрады.                                                                                                                                                                                                                                                       2022 жылы өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары жоспарланған 11 192 715 мың теңге тұсында жалпылама 10 747 659 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген. Жалпы және әкімшілік шығындары жоспарлы         690 248 мың теңге тұсында 534 715 мың теңгені құрады. Барлық шығындар жол берілетін шекте жүргізілді. 
4. реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау 
  Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2022 жылға бекітілмеді. 
5. табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу 
  Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2022 жылға бекітілмеді.  
6. 2022 жылғы қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері   
  Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2022 жыл үшін  дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 10 918 560 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 424 836 мың теңгеге немесе 4,05 пайызға жоғары. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар 11 884 098 мың теңгені құрады. 
7. 2022 жылғы ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 
  «Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2022 жылы 2 171 090 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,74% азайды. Өкілетті органның 2022 жылға бекіткен нормативтік техникалық ысырап көлемі 301 675 мың кВт/сағат болып, нормативтік ысыраптардың  фактілі көлемі 277 822 мың кВт/сағатты құрады. 2021 жылмен салыстырғанда беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі                    1 893 508 мың кВт/сағатты құрады, яғни 14 361мың кВт/сағатқа немесе 0,75% азайды. 
8. реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс 
  2022 жылы «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 72 шағым арыз түскен.Жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.
9. қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері 
  Ағымдағы 2023 жылға қойылған негізгі міндеттер:
• Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітілген көлемнен кем дегенде 100 млн.кВт/сағаттан жоғары орындау;
• Сомасы 1 317 020 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
• Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,05% азайту;
• Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.