«Атырау Жарық» АҚ-ның 2015 жылға электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көрсету бойынша есебі

Ақпарат

Негіздеме

1

2015 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы:

 

 

Инвестициялар атауы

Орындалған жұмыстың құны және шығындар, (ҚҚС-сыз мың теңге)

жоспар

факт

1.

ЭКЕАЖ енгізу бойынша іс-шаралар

218 896

218 890

2.

Нормативтік шығындарды азайту бойынша іс-шаралар

 

 

2.1.

Атырау облысы, Исатай ауданындағы № 15 «Аққыстау» ПС 110/35/10кВ  реконструкциялау

362 269

362 269

2.2.

Атырау қаласындағы  ВЛ-110кВ және тозығы жеткен 0,4-6-10кВ желілерін реконструкциялау

1 261 065

1 255 353

2.3.

Атырау қаласындағы 10-6/0,4кВ тарату желілеріндегі реактивті қуатты компенсациялау

14 085

14 085

3.

Байланыс құралдары мен есептеу техникасын модернизациялау

15 844

15 481

4.

Диагностика құралдары

18 150

33 482

 

Барлығы

1 890 309

1 899 560

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 193 бұйрығына сәйкес табиғи монополия субъектісінің 2015 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат. 

2.

2015 жылдың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

 

 

2015 жылға арналған реттелетін қызмет бойынша негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер мынадай:

Салыстырмалы талдау әдісі бойынша РЭК шығындарын бөлу әдісіне сәйкес түзетілген Қоғамның 2015 жылғы пайдасы мен зияны туралы есебіне сәйкес кірістер:

-  электр энергиясын тасымалдау бойынша негізгі қызметтен – 6 982 529 мың теңге, бұл өткен жылдың деңгейінен 88 023 мың теңгеге немесе 1,3%-ға жоғары;

Негізгі қызмет түрлері бойынша бухгалтерлік шығыстар, оның ішінде қызметтердің құны мен кезең шығыстары 5 788 340 мың теңге.

Негізгі қызмет бойынша Қоғам қызметінің қаржылық нәтижесі 1 158 622 мың теңге сомасында пайда болып табылады. 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына сәйкес нысан бойынша қаржылық есептілік

Пайда мен залал туралы есеп (2-нысан)

3.

2015 жылы электр энергиясын беру және бөлу бойынша көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері  

 

 

2015 жылы «Атырау Жарық» АҚ электр желілеріне жеткізілген электр энергиясының көлемі 1753,69 млн кВт/сағ құрап, 2014 жылмен салыстырғанда өсім 3,0%-ды құрады. Уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша (24.07.12ж. № 103-НҚ ТМРД) 2014 жылы нормативтiк ысыраптар көлемiнiң салыстырмалы түрде қысқаруы өткен жылдың деңгейiнен 0,1% құрауы тиiс болса, нәтижесiнде Қоғам қабылдаған энергия үнемдеу шараларының ішінде тапсырма асыра орындалды, 2015 жылы нақты ысыраптар 16,35%-ды, төмендеу 0,46%-ды құрады. 2014 жылмен салыстырғанда тұтынушыларға одан әрі сату үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жеткізілген электр энергиясын беру көлемі (электр энергиясын өнімді жеткізу деп аталатын) 51,31 млн кВт/сағ немесе 3,6%-ға өсіп, 1466,92 млн кВт/сағ құрады.

2014 және 2015 жылдардағы қызметтерді тұтынушылар контекстінде көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша нақты көрсеткіштер келесі кестеде көрсетілген:

2014 және 2015 жылдардағы қызметтерді тұтынушылар контекстінде көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша нақты көрсеткіштер келесі кестеде көрсетілген:

Тұтынушылар

2014ж.

2015ж.

%

факт т.кВтч

жоспар т.кВтч

факт т.кВтч

айырмашылық

"Атырау Энергосату" ЖШС

1 373 490

1 380 483

1 426 428

45 945

103%

"Темиржолэнерго" ЖШС

41 730

41 603

38 877

-2 726

-7%

«KEGOC» АҚ Батыс филиалы

390

2 049

1 613

-436

-21%

Барлығы

1 415 610

1 424 135

1 466 918

42 783

103%

2015 жылы «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы жоспарланған қызмет көлемін орындады.

Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі жоспарланған көлемнен 42 783 мың кВтсағ артық және 1 466 918 мың кВтсағ құрайды.

2015 жылға барлық тұтынушылармен көрсетілген қызмет көлемдерін салыстыру актілері

4.

Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жұмыс жүргізілуде

 

 

2015 жылы «Атырау Жарық» АҚ көрсетілген қызмет сапасына 150 өтініш түсті. Олардың ішінен:

- электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты – 7 өтініш – анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды;

- электр жұмысы бойынша – 47 өтініш,

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық балансында тұрған электр желілері бойынша – 50 өтініш,

- электр желілері бойынша – өзбетімен салынған - 40 өтініш,

- ПИК теңгеріміндегі электр желілері бойынша – 6 өтініш – жыл ішінде барлық өтініштерге жауаптар жолданды.

Қызметтерді тұтынушылармен хат алмасу

5.

Бекітілген тарифтік сметаның бап бойынша орындалуы

 

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және салыстырмалы талдау әдісін қолдануға байланысты тарифтік сметаның бап бойынша орындалуы осы есепте қамтылмаған.

2015 жылдың тарифтік сметасы бекітілген жоқ

6.

Қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттелетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері

 

 

2016 жылға арналған негізгі міндеттер:

• Электр энергиясын беру бойынша қызметтердің бекітілген көлемін орындау

энергия – 1 447,0 млн. кВтсағ;

• 1 084 269 мың теңге сомасында барлық 3 бағыт бойынша Инвестициялық бағдарламаны іске асыру;

• Электр энергиясының стандартты ысыраптарын одан әрі 0,33%-ға төмендету;

• Реттелетін электр энергиясын беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес 2016 жылға электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифі 2015 жылғы 24 қарашадағы № 172-НҚ 1 кВт/сағ үшін 4,76 теңге болып бекітілді, яғни 2015 жылы қолданыста болған деңгейде сақталды. Тарифті қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту және енгізу үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп талаптарына сәйкес есептеледі.  Тарифте сондай-ақ амортизациялық аударымдар мен реттелетін қызметтен түсетін пайдадан тұратын инвестициялық құрамдас бар, ол толығымен бекітілген Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға бағытталады.  

2015 жылғы 24 қарашадағы № 172-НҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РМК-ның 2015 жылғы 24 қарашадағы № 172-НҚ бұйрығы «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының 2016-2020 жылдарға арналған электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтің және тарифтік сметаның шекті деңгейі

 

 

• Электр энергиясын беру бойынша қызметтердің бекітілген көлемін орындау – 1 447,0 млн кВтсағ;
• 1 084 269 мың теңге сомасында барлық 3 бағыт бойынша Инвестициялық бағдарламаны іске асыру;

• Электр энергиясының стандартты ысыраптарын одан әрі 0,33%-ға төмендету.
• Реттелетін электр энергиясын беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.