«Атырау Жарық» АҚ соңғы жылдары күз бен қыс айларында өңіріміздің климатына тән қатты жел әсерінен түсетін жауын-шашын салдарынан 110/35/10/6 кВ ӘЖ және КС электр қондырғыларында ылғалды шөгу деректері байқалатынын хабарлайды. Осылайша, жауын-шашынды күн райында комплектті трансформаторлық кіші станциялардың (КТКС) электр жабдықтары, дәлірек айтсақ күштік трансформаторлардың ашық бөліктері ылғалданып, оларға қар жабысып, басқа тұтынушылардың электр қондырғылары қысқа тұйықталып қалады. Нәтижесінде осы энергетикалық нысандарды электрмен жабдықтайтын 10/6 кВ магистральды әуе желілерінің бойында апатты ажыратулар орын алады да, бұл осы ӘЖ арқылы электрмен жабдықталатын барлық тұтынушылардың ажыратылуына әкеп соғады.
Осыған байланысты «Атырау Жарық» АҚ комплектті трансформаторлық кіші станциялардың (КТКС) электр қондырғыларының негізгі бөліктерін, яғни күштік трансформатор, шиналар мен тірек оқшаулағыштарын жабуды ұсынады.
КТКС теңгерім ұстаушысының кінәсінен апатты ажырату жағдайлары қайтадан орын алатын болса, электр энергиясының жеткіліксіз жеткізілуімен қоса, КТКС нысандарының материалдық жауапкершілігі теңгерім ұстаушысына жүктеледі.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде «Атырау Жарық» АҚ-ның жұмыскерлері электр қондырғыларының оқшаулау жұмысын сенімді қамтамасыз ететін шараларды қабылдау мақсатында ҚР Энергетика министрінің 20.03.2015ж. № 230 бұйрығымен бекітілген «Электр қондырғыларын орнату қағидаларының» 1279-тармағына сәйкес КТКС-н КТПНГ түріне ауыстыру туралы ұйғарым берді.