Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің 2020 жылы ұсынылған қызметі бойынша тыңдаулар

 

 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 299-тармағына сай (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи монополия субъектісі басшысының есебінде міндетті 9 бөлім болуы тиіс, соның ішінде:

  • Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

  • Қалалық АЭЖ (Атырау қ.)
  • Жылыой АЭЖ (Құлсары қ.)
  • Мақат АЭЖ (Доссор к.)
  • Индер АЭЖ (Индер к.)
  • Исатай АЭЖ (Аққыстау к.)
  • Махамбет АЭЖ (Махамбет к.)
  • Құрманғазы АЭЖ (Ганюшкин к.)
  • Қызылқоға АЭЖ (Миялы к.)

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

         01.01.2021ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 396 адамды құрады.

2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат

 «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісімдеп 2015 жылғы 20 тамыздағы № 123-НҚ бұйрығымен бекітілген, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 112-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 172-Ө бірлескен бұйрықтарымен  түзетулер енгізілген  2020 жылдың инвестициялық бағдарламасын  орындап шықты.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы   –  электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады.  

  1. ЭКЕАЖ енгізу бойынша іс-шаралар.

Инвестициялық бағдарламаға сай 2020 жылы 3000 дана Аспан DDZ1513 көп функционалды бір фазалы есеп құралдары сатып алынып, тұрмыстық тұтынушылардың үйлеріне орнатылды, сондай-ақ, есептеуіш құралдардан ақпарат жинап, оларды ЭКЕАЖ орталық серверіне жіберуге арналған 50 дана DJGZ23-INHE10DCU концентраторы қосалқы станцияларға орнатылды. 

Жоспарлы 11 005 мың теңге тұсындағы фактілі шығын 91 781 мың теңгені немесе 83 пайызды құрады.

  1. Нормативтік шығындарды азайту бойынша іс-шаралар.
    • Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімшілік аудандары бойынша электр желілерін дамыту жоспарын жүзеге асыру

Жоспарлы 844 059 мың теңге тұсындағы фактілі шығын 835 893 мың теңгені немесе 99 пайызды құрады.

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы № 69 «Ганюшкино» 110/35/10кВ бәсеңдеткіш қосалқы станциясы (1 сатысында екі ТСН-100кВА-лы КРУН-10кВ нысаны ауыстырылды) және Атырау қаласындағы № 20 «Автоколонна»  35/6кВ нысаны (КРУН-6кВ нысаны мен 35кВ электр жабдықтары ауыстырылып) техникалық модернизациядан өткізілді. 

  • Атырау қаласындағы тозығы жеткен ВЛ-110кВ, ВЛ-35кВ, ВЛ-10кВ және 0,4-6-10кВ тарату желілерін реконструкциялау және модернизациялау.

Жоспарлы 194 347  мың теңге тұсындағы фактілі шығын 191 328 мың теңгені немесе 98 пайызды құрады.

«ПС №13 - ПС №1» нысандарының ВЛ-35кВ 1АЦ желісі  (2,5км) модернизациядан өткізілді. 3 дана УС110-5 тіреуі және АС-95мм²  сымы АС-240мм² маркасына ауыстырылды.

Атырау қаласында 7 дана ТП/КТП-10/6/0,4кВ нысаны модернизацияланды. Модернизациялау шарасы барысында авариялық күйде тұрған, қауіпсіз пайдалану саласындағы нормативтік құжат талаптарына сай келмейтін трансформатор бекеттері бөлшектеліп, қалалық типте орындалған жиынтықты трансформатор бекеттерімен алмастырылды. 

Трансформаторлардың қуаты 4 500кВА көлемінен 6 540кВА дейін, немесе 45% артып, оларға перспективті электр қуатын қосуға мүмкіндік беретін болды. 70 дана тіреу жаңартылды, ұзындығы 7,7км сымды өзін-өзі алып жүретін СИП-4*70 түріне ауыстырып, ВЛ-0,4кВ желісінің өткізу қабілеті артты және мұның салдарынан тұтынушыларды модернизацияланған КТП-10/6-0,4кВ нысанынан электрмен жабдықтау сенімділігі артты.

Жоспарлы 1 149 411  мың теңге тұсындағы фактілі шығын 1 119 002 мың теңгені немесе 97 пайызды құрады.

 

Ақпараттың келесі бөлімі

          3) бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы

 «Атырау Жарық» АҚ бойынша 2020 жылдың электр энергиясын беру шығындары бекітілген тарифтік сметаға сәйкес жоспарланған 7 286 552 мың теңге тұсында 8 178 850 мың теңгені немесе 112,2% құрады.

2020 жылы өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары жоспарланған 7 654 487 мың теңге тұсында жалпылама 6 817 522 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.

2020 жылы жалпы және әкімшілік шығындары жоспарлы 524 363 мың теңге тұсында 469 030 мың теңгені құрады. Барлық шығындар жол берілетін шекте жүргізілді.

  • реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2020жылға бекітілмеді.

  • табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2020 жылға бекітілмеді. 

  • табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат

Қоғамның кірісі мен шығыны туралы  2020 жыл үшін  дайындалған алдын-ала есебі бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінен түскен табыс 8 948 990 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен   1 254 009 мың теңгеге төмен немесе 12,29 пайызға аз. Қызметтердің өзіндік құны мен кезеңнің шығынын қоса алғандағы реттелетін қызмет бойынша шығындар 8 178 850 мың теңгені құрады.

Қоғамның жұмысының реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы – 195 066 мың теңге пайдасы толығымен амортизациясымен қоса  алғанда  2020 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалды. 

  • ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы ақпарат

«Атырау Жарық» АҚ желісіне түскен электр энергиясының көлемі 2020 жылы 2 096 754 мың кВт/сағатты құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13,66% азайды. Өкілетті орган тарапынан 2020 жылға бекітілген нормативтік техникалық шығын көлемі физикалық есеппен 256 958 мың кВт/сағатты немесе электр энергиясын желіге жіберу көлемінен 14,34 % құрады. Нормативтік техникалық шығынды кеміту бойынша шараларын орындау барысында нормативтік техникалық шығындардың фактілі көлемі 259 179 мың кВт/сағатты немесе электр энергиясын желіге жіберу көлемінен 12,36% құрады. 2019 жылмен салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 1 837 575 мың кВт/сағатты құрады, яғни 314 543 мың кВт/сағатқа немесе 14,62% азайды.

  • реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат

2020 жылы «Атырау Жарық» АҚ-ның атына көрсетілген қызмет сапасы бойынша 241 арыз түскен. Оның ішінде:

  • электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы бойынша 64,
  • электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 78,
  • ТКШ балансындағы электр желілері бойынша 60,
  • өзбетімен жүргізілген электр желілері бойынша 19,
  • ПИК балансындағы электр желілері бойынша 20.

Жыл ішінде барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.

Тұрғындарды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру  үшін «50 дана 10/6/0,4 кВ кернеулі қалалық типтегі кешенді трансформатор қосалқы станцияларын (КТПнГ) орнату» бағдарламасы аясында қала әкімдігімен бірлесе отырып, тұрғындардан түскен арыздар бойынша қала әкімдігінің қатысуымен қосымша КТПнГ орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2020 жылы төмендегі энергетика нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі орындалды:

  • КЛ-0,4/10кВ – 1,585 км – 100%
  • ВЛ-110кВ – 241,8 км – 100%
  • ВЛ-35кВ – 188,2 км – 100%
  • ВЛ-6/10кВ – 248,015 км – 100%
  • ВЛ-0,4кВ – 103,176 км – 100%
  • Барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 781,191 км – 100%
  • ПС-35кВ және одан жоғары – 12 дана (бөлек элементтер) – 100%
  • ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 94 дана – 100%.

Есепті кезеңде 1 дәрежелі авариялар мен бас тартуларға жол берілген жоқ, 2 дәрежелі бас тартулар саны 19 болды, оның ішінде:

  • өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету салдарынан ВЛ-110 кВ желілерінде 1 ажырату жағдайы орын алды;
  • стихиялық құбылыстар әсерінен ВЛ-110 кВ желілері 9 рет ажыратылды;
  • жіктелмеген себептер бойынша 9 рет ажыратылып, оның ішінде ВЛ-35кВ – 1, ВЛ-110кВ – 9 оқиға тіркелді.

          Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI халықаралық практикасының бағасы бойынша (жоспарланбаған ұзақ уақыттағы үзілістердің орташа ұзақтығы) 0,5 % тең.

9) қызмет перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:

Ағымдағы 2021 жылға қойылған негізгі міндеттер:

  • Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітілген көлемнен кем дегенде 100 млн.кВт/сағаттан жоғары орындау;
  • Сомасы 1 272 101 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
  • Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,1% азайту;
  • Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.