Атырау облысының Құлсары қаласында орын алған су тасқыны салдарынан энергетика жүйесі жұмыскерлерінің 40 жуық тұрғын үйі зардап шекті. Су тасқыны салдарын жою және қолдау мақсатында Атырау энергокешенінің Басқарма төрағасы мен құрылтайшылары зардап шеккен энергетиктердің отбасыларына 1 000 000 теңгеден атаулы қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады, осылайша, әріптестерімізге берілетін қаражат қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында уақытша қиындықтарды олардың еңсеріп шығуына септігін тигізеді.