Құрметті тұтынушылар!

 

«Теңізшевройл» ЖШС-ндегі жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты «Средняя Азия - Центр» магистральды газ құбыры жүйесіне тауарлық газ беру көлемі 50% қысқарды. Осыған орай Атырау және Маңғыстау облыстарындағы энергия өндіруші ұйымдардың генерациялау қуатының төмендеуі байқалады. Қазақстан Республикасының Батыс аймағының энергетикалық жүйесінде ірі жүйелі апатты болдырмау мақсатында Жүйелік оператор «KEGOC» АҚ-ның пәрмені бойынша «2022-2023 жылдарға «Атырау Жарық» АҚ желілерінде қуат жетіспеушілігіне байланысты шектеулер енгізу кестесіне» сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтау жұмысында шектеулер енгізіледі.

Жұмыстарды аяқтау және тауарлық газды беру режимін қалпына келтіру күні әзірге белгісіз.

«Атырау Жарық» АҚ электр станцияларының жұмысын қалпына келтіргенше туындаған жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұрайды.