Құрметті Еркінқала, Ракуша, Балауса, Жұмыскер ауылының тұрғындары!

 

 

«Атырау  Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелері  2022 жылдың  7 желтоқсанында сағат 15:19 шамасында аталған ауылдарды электр энергиясымен жабдықтайтын  10кВ кернеудегі Ф-441 «Д» әуе электр желісінде апаттық өшіру орын алғанын хабарлайды.
        Қалалық электр жүйелерінің жедел –диспетчерлік  қызметкерлері  тексеру 
   барысында, «Балауса» ықшам ауданындағы №45 көше бойында, 
   АтырауИнжСтрой» ЖШС  тарапынан, асфальт жол төсемін төсеу 
   жұмыстарын  «Атырау Жарық» АҚ-ның келісімінсіз жүргізуінен, жоғарыда  
   аталған  10кВ кернеудегі   Ф-441 «Д»  әуе электр желісін зақымдау фактісі 
   орын алған  болатын. 
       Қалалық электр жүйелерінің жедел –диспетчерлік  қызметкерлері  электр 
    қондырғыларының зақымдануы туралы акт жасап, жұмыс тоқтатылды.
       Қазіргі уақытта электр энергиясын қалпына келтіру шаралары 
   жүргізілуде.
       Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.