Құрметті Атырау облысы, Құрманғазы ауданының тұрғындыры!

 

«Атырау Жарық» АҚ осы жылдың 4 желтоқсанынан бастап «МАЭК-Казатомпром» ЖШС электр станцияларындағы генерацияның жеткіліксіз болуына байланысты Қазақстанның Батыс өңірінің энергетика жүйесінде электр қуатының тапшылығы орын алғанын хабарлайды.

Туындаған тапшылық Ресейден «Кегок» АҚ Орал-Атырау транзиттік ВЛ-220 кВ желісі арқылы электр қуатын алу жолымен қалыпқа келтіріледі,  ал максимальды жүктеме уақытында транзиттік өткізу қуатының шегі асып кетеді де, мұның салдарынан жүйелік ірі аварияға және тұтынушыларды айтарлықтай шектеуге, электр энергиясынан ажыратуға әкеп соғуы мүмкін.

Бұл жағдайдың алдын алу үшін Жүйелік оператордың нұсқауымен Ганюшкино және Шортанбай ҚС-ның жүктемесі РФ Астраханьэнерго желілерінен ВЛ-110кВ Л-441 желісіне беріледі.

Аталған қосалқы станцияларды қысқа мерзімді өшіру жолымен ғана жүктеме ауыстырылады.

«Атырау Жарық» АҚ электр станцияларының жұмысы қалыпқа келгенше бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.