Қазақстанның барлық саласындағы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шарасы қазіргі уақытта басымды міндет болып табылады, бұл: энергетикалық, экологиялық және экономикалық өзекті мәселелер кешенін шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының 3-бабының 5-тармағына сай энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыты энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру болып табылады. Энергия үнемдеудің негізгі мақсаты тұрақты экономикалық өсу және өмір сүру сапасын ұдайы жақсарту және қоршаған ортаның салауаттылығын сақтау жолында энергетикалық ресурстарды кешенді тиімді пайдалану стратегиясын жүзеге асыру болып табылады. Ал бүгінгі таңда энергияны үнемдеуді насихаттау үшін айрықша роль берілген, өйткені бұл адамдардың энергия үнемдеу саласында ақпараттандырылғандығы, жоғары мәдениеттілігі көп жағдайда энергия ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейін анықтайды.