Атырау облысына іс-сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов пен Әділ Жұбанов қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен Атырау жылу электр орталығының жұмысымен танысып, “ Атырау Жарық”, “KEGOC” және “Атырау жылу жүйелері” мекемелерінде болды.
Қыс айларында жылу станцияларында аппаттар орын алмас үшін жаз мезгілінде жұмыстар атқарылып жатыр. Осы бойынша Парламент депутаттары жұмыс барысымен танысты.
Айта кетейік, Атырау қаласындағы жылу электр орталықтарын жөндеу бойынша 3 жыл мерзімге жоба жасақталған. Жоба аясында жылу электр орталықтары жөнделіп, трубалар мен жабдықтарды ауыстырылу үстінде. Қазір қалаға шығатын 2 труба жолдары ауыстырылып жатыр.