Вокзал маңы ықшам ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз ететін №267/1 трансформатор стансиясы салынып жатыр.

Осыған орай «Атырау Жарық» АҚ президенті Мейірбек Ғұбашев құрылыс нысанына барып, жұмыс барысымен танысты.

Бұл жұмыстар биыл шілде айында аяқталады. Бұл туралы «Атырау Жарық» АҚ-ның «Күрделі құрылыс бөлімінің» басшысы Нұржан Жұмабаев мәлімдеді.

Құрылыс барысында трансформатор стансасының нысаны толығымен бұзылды. Орны тазартылып, іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Нәтижесінде тұрғындар сапалы тоқ көзімен қамтылатын болады.

Энергияның қуаттылығы артатын болады. Мәселен, осы уақытқа дейін қуаты 630 кВа 2 дана күштік трансформаторлар болса, енді қуаты күшейтіліп, 1000 кВа болатын 2 дана трансформаторларға ауыстырылады. Сондай-ақ жаңа электр қондырғылары орнатылады.
Жөндеу жұмыстары барысында осы ауданның тұрғындарын электр жарығынсыз қалдырмас үшін тоқ уақытша кезекті трансформаторға орнатылып, сол арқылы тоқ көзіне қосылды.

Жалпы, облыстағы тозығы жеткен 110/10/0,4 кВ әуе желілері мен жоғары кернеудегі электр стансалары, трансформаторлық пунктер жаңғыртылып, жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстарды «Атырау Жарық» АҚ мекемесі энергообектілері бойынша бірнеше жылдардан бері Мемлекеттік уәкілетті органдармен инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстар атқарып келеді.

Биыл да қаламыз бойынша 4 трансформаторлық пункт, 7 кешенді трансформатор станцияларына жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Видео:

https://www.instagram.com/reel/CtOohkWg9rD/?igshid=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D