«Атырау Жарық» АҚ мекемесі жаңа автокөліктермен толықты

«Атырау Жарық» АҚ мекемесі жаңа жылжымалы электро лабораториялық автокөлік пен жоғарығы гидровикалық көтергіш арнайы машинасымен толықты. Бұл туралы «Атырау Жарық» АҚ-ның Күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жұмабаев мәлімдеді.
Бұл жоба Инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асып отыр.
-Осы бағдарлама аясында биыл 25 тонналық автокран мен 2 дана арнайы үлкен көлемдегі техникаларды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі күні мекемеде 240 көлікпен қамтылған. Айта кетейін, «Атырау Жарық» АҚ мекемесінің өндірістік жұмыстарына автотехникалар маңызды рөл атқарады,-деді Н.Жұмабаев.

Оның айтуынша, мекеме жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында автотехникалар мүмкіндігінше жоспарға сәйкес жаңғыртылып отырады. Бұл жұмыстар толықтай жаңаланғанша жалғасын табатын болады.

Видео:

https://www.instagram.com/reel/CuPHVMPN9ty/?igshid=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D