Мағлұмат

Хабарлама

«Атырау Жарық» АҚ №1 қосалқы станцияны электрмен жабдықтайтын ЭӘЖ-35кВ желісінде шұғыл жөндеу жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 21.02.21ж.  09.00-20.00 сағатқа дейін Канцев көшесін Уәлиханов көшесі мен Тұмар ханша өткеліне дейінгі аралығында жол қозғалысы тоқтатылып, Чайковский айналма көшесімен жүретінін хабарлаймыз. Уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

 

 

«Атырау Жарық» АҚ инвестициялық бағдарламасының орындалуы бойынша 2020 жылғы 3 тоқсандағы ақпарат

 

 

 

 

№ р/с

 

Инвестициялар атауы

Орындалған  жұмыстар мен шығындар құны, мың теңге

   

 

Түсініктеме  

Жоспар

Факт

1.

ЭКЕАЖ енгізу іс-шаралары

111 005

13 393

Электр құралдарын сатып алу сатысында

2.

Нормативтік шығындарды азайту бойынша іс-шаралар

1 038 406

569 467

 

 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары сатысында

2.1.

Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімшілік аудандары бойынша электр желілерін дамыту жоспарын жүзеге асыру, соның ішінде:

ПС 110/35/10кВ – 1 дана

ПС-35/6кВ – 1дана

844 059

 

470 769

2.2.

Атырау қаласындағы тозығы жеткен ВЛ-110кВ, ВЛ-35кВ, ВЛ-10кВ және 0,4-6-10кВ желілерін реконструкциялау, соның ішінде:

 ВЛ-35кВ – 1 дана

 ТП/КТП – 7 дана

194 347

 

98 698

 

БАРЛЫҒЫ

1 149 411

582 860

 

 

 

 

 

 

Электр энергиясын беру бойынша

реттеліп көрсетілетін қызметтің

2020 жылғы І-жарты жылдықта

 жасалған есебі

 

 «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы  ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабының 6-тармағын орындау мақсатында Сіздердің қарауыңызға субъектінің электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметінің 2020 жылдың  І-жарты жылдығына арналған есебін ұсынады.   

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» (бұдан әрі Қағидалар) 299 тармағына сай табиғи монополия субъекті басшысының сөйлеген сөзі мынадай 9 бөлімнен тұратын ақпаратты қамтиды, соның ішінде:

1)    табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат:

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығындағы қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сай  аймақтық электр желілік компаниясы болып табылатын  «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының  негізгі функциясы –  Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағына электр энергиясын беру болып табылады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның құрылымына сегіз бөлімше кіреді, олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан аудандық электр желісі бөлімшелері (АЭЖ), Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе және техникалық қызметтерімен қоса алғандағы жөндеу-өндірістік базасы (ЖӨБ) бар:

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4б. негізінде Табиғи монополияларды реттеу бойынша басқармасының 2006ж. 15 қыркүйектегі №44-НҚ бұйрығымен «Атырау Жарық» АҚ-ы Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне «электр энергиясын беру және тарату» қызметі бойынша енгізілді.

         01.07.2020ж. жағдай бойынша жұмыскерлерінің тізімдік саны 1 399 адамды құрады.

        

2)    осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы:

 

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісімдеп 2015 жылғы 20 тамыздағы №123-НҚ бұйрығымен бекітілген, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №42-НҚ және Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №215-Ө бірлескен бұйрықтарымен  түзетулер енгізілген  2020 жылдың инвестициялық бағдарламасын  орындау шарасын жалғастырып келеді.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуы   –  электр энергетикасының Атырау қаласы мен облыс аумағында тұрақты қызмет етуі  мен дамуының қажетті шарты болып табылады.   

Жоспарлы құны 1 149 411 мың теңге барысында  2020 жылдың бірінші жарты жылдығына 947 133 мың теңгенің келісім шарттары жасалды.

Инвестициялық бағдарламаны орындау барысында төмендеткіш шағын станциялардың  негізгі жабдықтарын реконструкциялау мен ауыстыру үшін Россиядағы өндіруші зауыттармен жұмыс жасау қажет.  Әлемдік пандемияға себебінен және Қазақстан Республикасында, сонымен қатар көрші ТМД елдерінде (соның ішінде Россия Федерациясында) COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында үстіміздегі жылғы көктемде енгізілген төтенше жағдайға байланысты шекаралардың жабылуына және барлық объектілердің дистанционды жұмыс әдісіне көшуіне орай материалдар мен жабдықтарды жеткізу шаралары уақытша тоқтатылды.

 

1. ЭКЕАЖ енгізу бойынша іс-шаралар.

Инвестициялық бағдарламаға сәйкес тұрмыстық тұтынушыларға орнатылатын 3000 дана бір фазалы Аспан есептегіш құралдары мен 50 концентратор сатып алу бойынша тендерлік процедуралар жүргізілуде.

ЭКЕАЖ электр желілері бойымен берілген және тұтынушыларға жіберілген (тәуліктік, аймақтық немесе басқа тарифтер есепке алынуы мүмкін)  электр энергиясының көлемін нақты және жедел түрде анықтауға, электр энергиясын беру және тарату барысында орын алатын шығындарға дер кезінде реакция жасауға, электр энергиясының деректілігі мен жеделділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

2. Нормативтік шығындарды азайту бойынша іс-шаралар.

 

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы №69 «Ганюшкино» 110/35/10кВ (1-саты) және Атырау қаласындағы №20 «Автоколонна» 35/6кВ төмендеткіш шағын станцияларын модернизациялауды жобалау, жабдықтар мен материалдарды жеткізу  жұмыстарына тендерлік процедуралар өткізіліп, жеткізушілер анықталды және келісімшарттар жасалды.

Сондай-ақ, «ПС №13-ПС №1» ВЛ-35кВ 1АЦ (2,5км) модернизациялау үшін жабдықтар мен материалдар жеткізу, жобалау жұмыстары бойынша келісімшарттар жасалды. 3 дана УС110-5  тіреуі мен АС-95мм² сымдары  АС-240мм² түріне ауыстырылады.

Атырау қаласында 7 дана ТП/КТП-10/6/0,4кВ  нысанын модернизациялау жұмыстары жоспарланып отыр. Тендерлік процедуралар өткізіліп, жабдықтар мен материалдар сатылып алынуда. Қуат трансформаторлары 4 730 кВА көлемінен 7 170кВА дейін, немесе 52% күшейтіледі, мұның салдарынан оларға перспективті электр қуатын қосу мүмкіндігі туады.

Ақпараттың келесі бөлімі

         3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бекітілген тарифтік сметаның баптары бойынша есепті кезеңде орындалуы:

 «Атырау Жарық» АҚ бойынша 2020 жылдың І-жарты жылдығында  электр энергиясын берудегі шығындары  3 856 951 мың теңгені құрады.

Сметаның бөлімдері мен бөлек баптары бойынша түсіндірме ұсынамын. 

2020 жылдың І-жарты жылдығында өндіріс пен қызмет ұсыну шығындары 3 599 304 мың теңгені құрады. Әр бап бойынша барлық шығындар жол берілетін ауытқуларымен тарифтік смета сомасы шегінде жүргізілген.

2020 жылғы І-жарты жылдықта  жалпы және әкімшілік шығындары 257 647 мың теңгені құрады. Барлық шығындар рұқсат берілетін шекте жүргізілді.

4)    осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы:

Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері 2020 жылға бекітілмеді.

5)    осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы:

Электр энергиясын беру бойынша «Атырау Жарық» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша тиімділік көрсеткіштері 2020 жылға бекітілмеді. 

6) табиғи монополия субъектісі қызметінің есепті кезеңдегі негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат бөлімі:

Қоғамның пайдасы мен залалдары бойынша 2020 жылдың І-жарты жылдығы үшін дайындалған алдын-ала есеп бойынша электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен табыс 4 655 107 мың теңгені құрап, алдыңғы жылдың І-жарты жылдығындағы деңгейден 395 425 мың теңгеге немесе 7,9% аз екендігін көрсетіп отыр. Реттелетін қызметтің шығыстары, қызметтердің өзіндік құны мен кезеңдегі шығыстарды қоса алғанда 3 856 951 мың теңгені құрады.

Қоғам қызметінің реттелетін қызметі бойынша қаржылық қорытындысындағы  пайдасы  амортизациямен бірге алғанда, толығымен 2020 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалуына жұмсалады.

 

7) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есепті кезеңдегі көлемдері туралы:

«Атырау Жарық» АҚ-ның желілеріне 2020-жылдың І-жарты жылдығында келіп түскен электр энергиясының көлемі 1 080 786 мың кВт/сағатты құрап, 2019-жылдың  І-жарты жылдығымен салыстырғанда 9% азайды. 2020-жылдың І-жарты жылдығындағы фактілі шығын 11,56% құрады. 2019-жылдың І-жарты жылдығымен салыстырғанда электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі 955 874 мың кВт/сағатты құрап, 106 928 мың кВт/сағатқа немесе 10,06% азайды.

 

Қызметті тұтынушылар бөлігінде 2019-20 жылдардың І-жарты жылдығында көрсетілген қызмет көлемдерінің фактілі көрсеткіштері мына таблицада берілген:

 

тұтынушылар

2019-жылдың І-жарты жылдығы

2020-жылдың І-жарты жылдығы

айырмашылық

%

факт

мың кВт/сағат

жоспар мың кВт/сағат

факт

мың кВт/сағат

«АтырауЭнергосату» ЖШС

1 056 980

1 056 946

949 787

-107 159

-10

Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ – Магистральды желілер дирекциясы

3 266

3 774

2937

-837

-22

KEGOC АҚ Батыс филиалы

198

578

665

87

15

АЖЭО АҚ

2 358

2 468

2485

17

1

Барлығы

1 062 802

1 036 766

955 874

-107 892

-10

 

8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)  тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы: 

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындау және беру шаралары Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары», «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және электр желілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.  

2020 жылдың І-жарты жылдығында (01.01.2020ж. – 30.06.2020ж. аралығында) берілген техникалық шарттар саны:

-         Жеке тұлғалар бойынша (тұрғындар) 1356 тұтынушыға, сомалық қуаты 6433,2 кВт

-         Заңды тұлғалар бойынша 784 тұтынушыға, сомалық қуаты 219 258,63 кВт.

ТШ беру және өтініштерін қарау мерзіміне байланысты бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Есепті кезеңде «Атырау Жарық» АҚ өкілетті орган бекіткен типтік үлгіде жасалған шарттар бойынша қызмет көрсетіп, сондай-ақ электр энергиясын беру және жеткізу туралы үш жақты шарттарға сай жұмыс жасады. Атырау облысының тұтынушыларымен барлығы 179 583 шарт жасалған, соның ішінде заңды тұлғалармен 10 696, жеке тұлғалармен 168 887 шарт жасалған.

2020 жылдың І-жарты жылдығында  «Атырау Жарық» АҚ атына көрсетілген қызмет сапасына қатысты 91 арыз түскен. Оның ішінде:

-         электр желілерінің жай-күйі бойынша 23,

-         электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша 34,

-         ТКШ балансындағы электр желілеріндегі бұзушылықтар бойынша 20,

-         электр желілеріндегі бұзушылықтар – өз бетімен жүргізілген электр желілері бойынша 7,

-         ПИК балансындағы электр желілеріндегі бұзушылықтар бойынша 7.

Жыл бойы барлық арыздар бойынша жауап жолданып, белгіленген мерзімдерде сол анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкесті шаралар алынды.

«Атырау Жарық» АҚ бойынша 2020 жылдың І-жарты жылдығында  төмендегі энергетика нысандары күрделі жөндеуден өтті:

-         КЛ-0,4/10кВ – 1,12 км

-         ВЛ-110кВ – 119,8 км

-         ВЛ-35кВ – 123,55 км

-         ВЛ-6/10кВ – 153,555 км

-         ВЛ-0,4кВ – 70,061 км

Барлығы ВЛ-0,4-110кВ – 466,966 км

-         ПС-35кВ және одан жоғары – 8 дана (бөлек элементтер)

-         ТП, КТП, РП-10/0,4кВ – 72 дана.  

Есепті кезеңде 1 дәрежелі авариялар мен бас тартуларға жол берілген жоқ, 2 дәрежелі бас тартулар саны 10 болды, оның ішінде:

-         Өзге тұлғалар мен ұйымдардың әсер етуі салдарынан ВЛ-110 кВ желілерінде 1 ажырату жағдайы орын алды.

-         Стихиялық құбылыстар әсерінен  ВЛ-110 кВ желісі 5 рет ажыратылды.

-         Жіктелмеген себептер бойынша ВЛ-110кВ желісінде 3 ажырату оқиғасы тіркелді.

-         10 кВ жабдықтарының конструкцияларындағы ақаулар салдарынан 1 ажырату оқиғасы орын алды.

         Кабельді желілер бойында авариялық зақымдану жайттары тіркелмеген. SAIDI халықаралық практикасының бағасы бойынша (жоспарланбаған ұзақ уақыттағы үзілістердің орташа ұзақтығы) 0,4 % тең.

         «Атырау Жарық» АҚ-ның желілеріне зақым келтірілген жағдайда электр энергиясын тұтынушылардың мүдделеріне де зиян келетінін атап айтқанымыз жөн, себебі зақымданған желілерді қалыпқа келтірген мерзімге дейін тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау шарасы тоқтатылады.

     

      9) қызметтің перспективасы (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерінің ықтимал өзгерістері туралы:

2020 жылға қойылған негізгі міндеттер:

  • Электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітілген көлемнен кем дегенде 300 млн.кВт/сағаттан жоғары орындау;
  • Сомасы 1 149 411 мың теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындау;
  • Электр энергиясының нормативтік шығындарын одан әрі 0,1% азайту;
  • Электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.

Тарифті қалыптастыру шарасы – табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту және енгізу тәртібі бойынша қолданыстағы заңнамаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілген. Тариф сонымен қатар, бекітілген инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға толығымен жұмсалатын, реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кіріс мен амортизациядан тұратын инвестициялық құрамдаушы бөліктен тұрады.